Тобы: 102-13 Қабылдаған: Ахатаева Ұ



бет9/10
Дата07.01.2022
өлшемі126,94 Kb.
#17579
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Алайда материалды түсіндірудің басқа да жолы болады. Дене және заттар туралы сол көрнекіліктерді көрсете отырып әңгімелеп болғаннан кейін, мұғалім оқушылырға мынандай проблемалық сұрақтар қояды. Мысалы, мына дене қандай заттан жасалған? Әртүрлі заттан жасалған бірдей атаңдар? Дене неден құралған? Дене мен заттың айырмашылығы неде? Мұнда жағдайда обьектілер білім көзі болып табылады, яғни оларды анықтап бақылау арқылы оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап іздеп табады. Ендеше бұл жағдайда материалды меңгеру алдыңғы жолға қарағанда белсенді жүреді.

  • Алайда материалды түсіндірудің басқа да жолы болады. Дене және заттар туралы сол көрнекіліктерді көрсете отырып әңгімелеп болғаннан кейін, мұғалім оқушылырға мынандай проблемалық сұрақтар қояды. Мысалы, мына дене қандай заттан жасалған? Әртүрлі заттан жасалған бірдей атаңдар? Дене неден құралған? Дене мен заттың айырмашылығы неде? Мұнда жағдайда обьектілер білім көзі болып табылады, яғни оларды анықтап бақылау арқылы оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап іздеп табады. Ендеше бұл жағдайда материалды меңгеру алдыңғы жолға қарағанда белсенді жүреді.
  • Қажетті көрнекілік сол мезетте көрсетілуі керек, алдын ала ашық іліп қою, бала зейініне кері әсер етіп, қызығушылығын, ынтасын төмендетуге әсер етеді.

Жаңа сабақты түсіндіру бекітумен және кейбір мәселелерді дәптерге жаздырумен аяқталады. Дәптермен жұмыс нәтижелі оқытуда өзіндік маңыздылығы бар, яғни ұқыпты жазуға үйрету, бақылаған жағдайларды, түрлі қорытынды нәтижелерді діптерге жазу, суреттер салу, оқулықта жоқ мәліметтерді дәптерге жазып алуға үйретеді. Сондай-ақ үй жұмысын орындайды. Жаңа сөздер мен сөздіктер дәптерге дұрыс, сауатты жазылуын қадағалау керек. Оқушылардың дәптері тексеріліп, бағаланып отырылады.

Жаңа сабақты қаншалықты меңгерілгенін тексеру, пысықтау кезеңі оқушылар үшін де мұғалім үшін де өте маңызды. Бекіту кезеңі көбіне жаппай сұрау әдісімен жүргізілгені дұрыс.

Жаңа сабақты пысықтау кезеңінің алдында үй тапсырмасын беріп, түсіндіріп үлгерген дұрыс. Егер үй тапсырмасы сабақтың соңында берілсе, үзіліс белгісімен қабаттасып, бала зейіні басқа жағдайға ауысуымен қатар келіп, ұғынбай, тіпті жазып алмауы да мүмкін, бұл үй тапсырмасын орындамай келуіне себепші болады.

Мұғалім жаңа материалды оқыту процесінде өткен материалды жүйелі түрде пысықтайды. Бұл оған балалардың білімін тексеруіне, дүниетанудан негізгі түсініктер мен ұғымдардың қалыптасу барысындағы жаңа байланыстарды анықтауға жәрдемдеседі. Пысықтау оқыған обьектілермен құбылыстарды жаңа байланыстарда қарастырып, оларды тереңірек ой елегінен өткізуге одан әрі жүйеге келтіріп, жинақтап қорытындылауға көмектеседі.

Пысықтау

Өткен сабақтарда оқытылған материалдарға байланысты және жаңа тақырыпты игеру қажеттілігіне сай болуы керек. Осыған орай дүниетану ұғымдарын, түсініктерін дамытып қалыптастыруға жәрдемдесетін белгілі пысықтау жүйесі құрастырылуы керек.

Жүйелі пысықтау әртүрлі көрнекіліктермен тығыз байланысты жаңа тапсырмалардан, жаттығулардан да, сұрақтардан да құрылуы тиіс. Алайда, мұнда оқытылған, меңгерілген обьектілерді ашып көрсеткен жөн. Мысалы диафильм арқылы үзінді көрсету т.б.

Ағымдағы пысықтаудан басқа пысықтау сабақтары болады, олардың белгілі тақырыпты оөыту соңынан өткізіледі. Пысықтау әрбір тақырып, әрбір тарау өткенде жүргізіледі. Мұғалім бұл сабақтарда оқушылардың білімін бір жүйеге келтіріп , қызықты тапсырмаларды іріктеп алу арқылы, балалардан алған білімін бекітуге және кеңейтуге тырысады, сондай-ақ прақтикалық іскерлігі мен дағдысын анықтау бойынша оқушылар меңгерген ұғымдарды нақтылап, жалпы қорытындылау бойынша жұмыс жүргізеді. Пысықтау кезеңдерінде өтілген материалдарды жинақтап, бекітумен бірге, оқушылардың тікелей бақылауларының; тәжірибе жүргізген кезде алған нәтижелерін; осы тақырып төңірегінде оқыған кітаптарынан алған мәліметтерді кеңінен пайдаалануды талап ету керек.

Оқушылырдың білімін тексеру

Білім тексеруді дұрыс ұйымдастыру мұғалімге бүкіл кластың дүниетану түсініктері мен ұғымдарын қалай қалыптасатынын үнемі көріп, біліп, бағалап отыруына, ал оқушыларға оқу материалдарын меңгеру процесінде олардың алға қарай қалай жылжитындарын ұғынуға мүмкіндік береді. Тексеру нәтижесінде балаларда білімнің обьективті бағасы жинақталады, ал оның тәрбиелік маңызы зор.

Дүниетанудан білімді, іскерлік және дағдыларды тексеруді ұйымдастыруға қойылатын талаптар мына төмендегідей:

А) Оқушылардың білімін жеке тексеру, олардың әртүрлі даму деңгейін ескертеді.

Б) Балалардың білімін тексеруге ұқыпты түрде дайындалу.

В) Нақты сұрақтар әзірлеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет