Тобы: 102-13 Қабылдаған: Ахатаева Ұ


I. Кіріспе, дайындық бөлімі



бет5/10
Дата07.01.2022
өлшемі126,94 Kb.
#17579
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Таубай.Б 5.4

I. Кіріспе, дайындық бөлімі.

Ұйымдастыру кезең. Класты сабаққа дайындау. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға сұрақтар қою.

II. Негізгі бөлім.

Жаңа материалды түсіндіру.



III. Қорытынды бөлім.

Материалды тиянақтау және қорытындылау.

Үйге тапсырма беру.

Бұл дәстүрлі схема, әр сабақ жоспары сабақтың мақсатына қарай өзгеруі мүмкін. Сондықтан құрылым мақсатымен, мазмұнымен, пайдаланатын әдіс-тәсілдермен , оқушылардың жасының ерекшеліктерімен анықталады.



Сабақ жоспарын мына ретпен дайындайды:

Сабақ тақырыбы.

Сабақ мақсаты.

Білімдік. Меңгерілетін жаңа білім, жаңа ұғымдар мен түсініктерді айқындап және сабақ барысында қалыптасатын білім мен білік.

Дамыту. Сабақта баланың ойлау қабілетін дамытатын элементтер мен логикалық ойлауына мүмкіндік жасайтын әрекеттер.

Тәрбиелік. Сабақта баланың жеке қасиеттерін қалыптастыратын материалдармен ұштастырылуы, эстетикалық, ұлтжандылыққа, табиғатқа деген сүйіспеншілігі және ұжымдық қарым-қатынас этикасын қалыптастыру сияқты тәрбие элементтерінің кірістірілуі.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа оқушылырдың дайындығы. Оқушылырдың зейінін сабаққа аудару тәсілі.

Оқушылырдың білімін тексеру. Үй тапсырмасын тексеру, оған қолданатын әдіс-тәсілдер. Жаппай сұрауға қойылатын сұрақтар. Жеке оқушыға берілетін сұрақтар мен тапсырмалар. Бұл жұмыстарды ұйымдастыру.



Жаңа сабақты хабарлау және түсіндіру. Сабақ тақырыбын хабарлау тәсілі.Өйткені материалдармен байланыс. Бақылау және тәжірибе жүргізу кезінде меңгерген білімдерімен байланы жасау. Жаңа сабақ материалдарын нақты түсіндіру әдістері мен тәсілдері және пайдаланатын көрнекіліктер мен құралдардың орнын анықтау. Жаңа ұғымдарды айқындау және оларды меңгерту тәсілдерін көрсету.

Жаңа сабақты пысықтау және бекіту. Жаңа сабақ материалдарын меңгеруін тексеру. Дәптермен жұмыс. Қорытынды әңгімелесу.

Сабақты қорытындылау және үйге тапсырма. Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасын анықтау. Өз бетінше орындайтын тапсырмалар мен түсіндірмелер.

Сабаққа дайындалу кезінде оның жоспарын жасап, жаңа материалды түсіндірудің толық конспектісін әзірлеген жөн. Сонымен бірге кіші мектеп жасындағыларға сабақ құрылымдарының арасында сергіту сәтін сәтті ұйымдастыру да талап етіледі. Сергіту сәтінің мәтіні сабақ мазмұнына сай таңдалған жөн

В.А Сухомлинский: «Сабақ жоспары мұғалімнің жеке творчестволық лабороториясын бейнелейтін міндетті дакумент. Сабақ жоспарының белгілі қалпы жоқ. Тек оған қойылатын белгілі талаптар бар. Бұл әуелі оқушылар меңгеруге тиісті теориялық материалды дидактикалық өңдеу. Творчестволық ізденіс пен жұмыс істейтін мұғалімнің сабақ жоспары бұл сабақта не болатынын барынша болжай білу» - деп көрсетеді.

Сабақтарды әр түрлі етіп өткізу

Бұл оқушылардың таным қызығушылығын одан әрі дамытатын шарттың бірі. Сондықтан әр сабақта өте тыңғылықты даярлықты қажет етеді. Мұғалім тақырыптық жоспар негізінде сабақтың мазмұнын меңгереді; қосымша әдістемелік құралдар мен әдебиеттерді қарастырады; сабақта берілетін материалдар көлемін анықтап, жіктейді. Содан кейін ғана сабақ жоспары мен конспектісіне жоғарыда ұсынылған ретпен кіріседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет