№5 БОӨЖ
Тақырыбы: ЭКГ-ні тіркеу
және талдау қағидалары
Орындағын: Жуаныш Шыңғыс
Курс : 1 курс
Тобы: 105 А
Факультет: Жалпы медицина
Қабылдаған: Уразакынов Дарын
Алматы 2022 жыл
І. КІРІСПЕ
Электрокардиогра́фия — бұл жүрек жұмысы кезінде туындайтын электр
өрістерін зерттеу және тіркеу әдісі. Электрокардиография кардиологияда
қолданылатын электрофизиологиялық аспаптық диагностика әдісі болып
табылады.
Электрокардиографияның нәтижесінде электрокардиограмма алынады.
Электрокардиограмма (ЭКГ) — жүрек жұмысы нәтижесінде туындайтын
және дененің бетінде жүргізілетін потенциалдар айырмасының графикалық
көрінісі.
ЭКГ-да негізінен 5 тізшені ажыратуға болады: P, Q, R, S, T. Кейде U
толқынын да байқауға болады. P тізшесі жүрекшелер миокардының қозу
үрдісін көрсетсе, QRS кешені — қарыншалар систоласын, ST сегменті және T
тізшесі қарыншалар миокардының реполяризация үрдісін көрсетеді. U
тізшесінің түзілу табиғаты жайлы зерттеушілердің көрқарастары ажырайды.
Бірқатары осы тізшенің түзілуі папиллярлы бұлшық еттердің немесе
Пуркинье талшықтарының реполяризациясымен сипатталады деп есептесе,
басқалары – диастола кезінде миокард жасушаларына калий иондарының
кіруіменен байланысты деп есептейді.
Реполяризация үрдісі (Repolarization) — жасуша мембранасынан әрекет
потенциалы өткеннен кейінгі осы мембрананың тыныштығының бастапқы
потенциалы қалпына келу фазасы.