Тобы: 105 а факультет: Жалпы медицина


Электрокардиограмманы талдау



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата24.10.2022
өлшемі313,8 Kb.
#45190
1   2   3   4   5
Байланысты:
5 боөж

 
Электрокардиограмманы талдау 
 
ЭКГ-ны талдау принциптері:адамның қалыпты ЭКГ-сы бес тісшеден 
тұрады.Үш жоғары бағытталған P,R,T-оң тісшелер,ал екі төмен қарай 
бағытталған Q,S-теріс тісшелерден тұрады. P тісшесі-екі жүрекшенің бір 
мезгілде қозуынан пайда болады;Q,R,S,T тісшелері-қарыншалар 
потенциалдары қозу процесінің қарынша еттеріне таралғанын көрсетеді. 
ЭКГ-да интервалдар болады:P-Q немесе P- R интервалы-жүрекшелерден 
қозудың қарыншалар арқылы өту уақытын көрсетеді;S-T немесе R-T 
интервалы;T-P интервалы-жүрек реполяризациясына сәйкес келеді; R-R 
интервалы-жүрек циклының ұзақтығын көрсетеді. 
Электрокардиограмманы талдау бір ретпен жүргізіледі 
1. Алдыменен жүрек ырғағының дұрыстығына көз жеткізу керек.Қалыпты 
жағдайда жүрек синус түйінінен келетін импульс ырғағына 
тәуелді.Сондықтан әрдайым Р тісшесі QRST комплексі алдында жазылады.R-
R тісшелер арақашықтығы бірдей,бұл қашықтық 0,1 секундқа ауытқуы 
мүмкін. 
2. Жүректің бір минутта соғу жиілігін анықталады.Ол үшін 60 секунд R-R ара 
қашықтығының 0,02 секундқа көбейтіндісіне бөлінеді.Егер аритмия болса ең 
жиі және ең сирек жүрек соғысы анықталады. 
3. Экг тісшелерінің биіктігін анықтау қажет.Қалыпты R биіктігі 5-тен 20 мм 
шамасы.Егер R тісшесі үш стандартты тіркемеде 5 ммден төмен болса,ЭКГ 
төмен вольтты деп есептелінеді. 
4. Стандартты тіркемелер бойынша жүректің электр осі анықталады. 5.ЭКГ 
элементтерінің мөлшері,ұзақтығы өлшенеді. 
6. Жүрек соғысына байланысты QRST ұзақтығы анықталады. 7.ЭКГ 
бойынша қорытынды жасалады. 
ЭКГ-нің қалыптасуы (оның тістері мен интервалдарының) жүректе қозудың 
таралуын және осы үрдісті білдіреді (7-сурет). Қозатын жүйенің бөліктері 
арасында потенциалдар айырмасы болған кезде, яғни жүйенің қандай да бір 
бөлігі қозып, екіншісі қозбаса, тістер пайда болып, дамиды. Тіркелген ЭКГ 
жүрекше мен қарынша жиырылғыш миокардының тізбектелген қозумен 
қамтылуын білдіреді. Осылайша, ЭКГ дегеніміз –жүрек потенциалдарының 
уақыт бойынша өзгерісі 7-сурет. ЭКГ элементтерінің схемасы Жоғарыда 
айтылғандай, қозу жүрек ырғағын (ритмін) қалыптастырушы СА – түйін 
клеткасында пайда болады. Бірақ бұл процесс ЭКГ – де тіркелмейді. Әрі 
қарай, ЭКГ – де жүрек алды қозуды Р тісшесі айқындайды. Р – тісшесінің 
бастапқы бөлігін оң жақ жүрек алдының қозуы, ал соңғысын – сол жақ жүрек 
алдының қозуы қалаптастырады. Сол жақ жүрек алдына қозу аралық жүрек 
алды арқылы жетеді. Аралық жүрек алды жұмысының бұзылуы кезінде Р 
тісшесінде қозудың тіркелуі өзгерістерге ұшырайды, яғни 
электрокардиограммада Р тісшесі кең доға түрінде көрініс табады. 
Сонымен,P тісшесі - екі жүрек алды деполяризация процесін білдіреді. Бұрын 
айтылғандай ,екі жүрек алды бір мезгілде қозады, нәтижесінде ЭКГ де бір 
ғана тісше түзіледі (бекітпеге тәуелді оң болуы мүмкін, бұл кезде 


изоэлектрлік сызықтан жоғары болады,теріс болуы да мүмкін , бұл жағдайда 
изоэлектрлік сызықтан төмен болуы мүмкін ). Атривентрикулярлық түйінде 
қозу түйінаралық өткізгіш жолдары арқылы (Венкебах, Бахман және Торела 
шоғырлары) жүреді. Оның ролі: - жүрек алдынан қозудың қарыншаларға 
өтуі; - жоғарғы бөлімдерді автоматизмдік қасиеті төмендеген жағдайдағы АВ 
– түйіннің ритм жүргізушісі болуы; - жүрек алдынан келетін импульстердің 
өте жиі болып кетуі кезінде АВ – түйін олардың әрбір екіншісін ғана өткізуі; 
Бірақ бұны блокада деп есептеуге болмайды; - АВ – түйінде қозу 
толқынының физиологиялық тежелуі РQ изоэлектрлік сегментінің тіркелуіне 
әкеледі, бұл кезде жүрекалды толық жиырылып, қан жүрек алдынан 
қарыншаларға құйылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет