Тобы: 1801-11 ҚабылдағАН: шарапова н

Дата29.09.2023
өлшемі5,72 Mb.
#111716
Байланысты:
Ювен 14 апта пр

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің кәсіби қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері.
ОРЫНДАҒАН: ЖАРЫЛҚАСЫН А
ТОБЫ: 1801-11
ҚАБЫЛДАҒАН: ШАРАПОВА Н
Әрбір адамның өмірі өлшеулі. Осы өлшеулі өмірде жұмыстан бас алмай, жұмыс барысында түрлі жағдайда ұжыммен қарым-қатынасты нығайтуға қосып жатқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін! Осы тренинг барысында ұжымдастарымның жұмыстан тыс уақыттағы қызығушылықтары қандай екендігін біліп жатырмыз. Қызмет барысында күйзеліске түсіп жүргендеріміз жаттығу барысында бір мәрте сергіп қалдық. Бұл, әрине, тамаша сезім! Әріптестеріммен ойнап-күлгеніміздің өзі бір естелік! Себепкер болып жатқан сіздерге алғысымыз шексіз!,-деді өз сөзінде мекеменің режим бөлімінің жедел уәкілі Мақсат Досанов.
СОНДАЙ — АҚ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚОЛДАУ, ҰЖЫМДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ЖАҚСАРТУ ЖӘНЕ МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙ БОЛМАСЫН, ОРТАҚ МАҚСАТҚА БІРІГУГЕ ДАҒДЫЛАНУ, СЕНІМДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, СТРЕСТІ АХУАЛДАР МЕН КИКІЛЖІҢДІ ЖАҒДАЙЛАРДА САЛМАҚТЫЛЫҚТЫ САҚТАЙ БІЛУ, СОНЫМЕН ҚАТАР ӘРІПТЕСТЕРІ АРАСЫНДА КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ ҮЙРЕТІЛДІ. ОЛАРМЕН БІРГЕ СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ РУХЫН КӨТЕРУ ҮШІН АРНАЙЫ ОЙЫНДАР ОЙНАТЫЛДЫ.
Қылмыс саясаты –қылмыспен күресу бағытын, түрлерін, онымен күресуге арналған мемлекет органдары қызметінің мазмұны мен міндеттерін белгілейді. Қылмыс саясаты қлмыс заңын шығарудағы ең бастылары –қылмысқа жауапкершілігі оның негіздері, жауапкершілікті даралай және дербестеу, криминализациялау, қылмыс түрлері мен жүйесін, мақсатын және де жазадан босатуды белгілейді. Ол мумкіндікті бағалаумен жазаның тиімділігі және басқа да қылмыстық –құқықтық әсерін тигізіп, қолдану, яғни саясат әлеуметтік маңызды мемлекет тәжірибесі ретінде қолданылады. Саясат пен құқықты ұқсастыруға болмайды. Саясат-құқықтың негізі.
Мемлекет саясатқа сүйене отырып, оны айқындайды, құқықты жасайды. Құқық өз нормаларында саясаттың тиісті ережесін бекітеді, оған жалпылай міндетті мән береді. Осыған байланысты құқықтың саяси мағынасы бар деп айтуға болады. Жазалауда қылмыс саясатын шартты түрде дербес қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық құқық, қылмыстық атқару , пост пенициярлық саясатқа бөлуге болады. Бұлардың тиісті салалар әрекетіне негізделген бағыттары:
    • ҚЫЛМЫСТЫ ТЕЗ ЖӘНЕ ТОЛЫҚ АШУҒА, ЯҒНИ ЗАҢДЫ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУДЫ, ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛА АЛМАЙТЫНДЫҚТЫ ЖӘНЕ КІНӘСІЗ АДАМДАРДЫ ЖАУАПҚА ТАРТПАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ.
    • Істелген қылмысты дұрыс саралау мен орынды да істегеніне сайма-сай жаза тағайындау;
    • Жазаны атқару
    • Жазалау әсерінің жағымды жақтарын баянды ету.

Қылмыстық атқару саясаты әлеуметтік саясатқа негізделгеніне қарамастан, азаматтардың қоғамға пайдалы мінез құлықтарын баянды ету үшін кері мінез-құлық көрсетушілермен принципті түрде күресуді анықтау тиіс.
Құқықтың саласы ретіндегі қылмыстық-атқару құқығы
Қылмыстық жазаны атқару саласындағы саясаттың талабы –заңда жазаның мақсаты мен маңызын бекітудің қажеттілігіне себепші болу және жазаны орындау тәртібін анықтау. Қарастырып отырған мәселенің Қазақстан Республикасы Конститутциясында жарияланған негізгі принциптерін, әрекет бағытын, мемлекеттің стратегиясын барынша жеткілікті жазаны орындауда, сотталғандармен айналысқанда ғылыми негізделген түрлерімен және әдістерімен оларды қамтамасыз ету. Сонымен бірге құқықтың кез келген саласын мемлекеттің құқық саясатында бекітілген көзқараспен ғана қарауға болмайды.
Құқық біршама дербестікке ие, өзінің мызғымас негізді жағдайы бар, оған саясат әсер етпеуі тиіс. Оның есебіне заңның басымдылығымен заң алдындағы теңдік кіреді. Бұл конституциялық принциптерінің негізі болып есептеледі. Жазаны атқару әрекеті құқықты әдейі реттеуді талап етеді де жеке құқық саласының бар екеніне жауап береді. Құқықтың жеке саласы бар екенін үш жағдай белгілейді: құқықты ерекше реттеу пәнінің барлығы, құқықты ерекше реттеу пәнінің барлығы, құқықты реттеу әдісі, құқықтық нормалар жүйесі. Қылмыстық –атқару құқығы өз алдына жеке құқық саласы болып есептеледі, себебі ол жеке пәнімен, құқықтық реттеу әдісімен, нормалау жүйесімен белгіленеді. Қазіргі уақытта еңбекпен түзеу құқығы қылмыстық-атқару құқығына өзгеруде. Осы жағдайға байланысты құқықтық реттеу пәні қаралуы тиіс.
Қорытынды!

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет