Конституциялық құқық түсінігі, пəні жəне конституциялыққұқықтыққатынастүсінігі,қайнаркөздері Конституциялық құқық – құқықтық реттеудің жеке пəні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін жəне ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жџйесінің саласы.
Конституциялық құқықтың пəнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жџзеге асырумен тікелей байланысты жəне мемлекеттік құрлыс, оның ұйымдарымен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың құқықтық реттеу пəні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады. Конституциялық құқықтық қатынастар келесі əдістермен реттелінеді: міндеттеу əдісі; тыйым салу əдісі; рұқсат ету əдісі; тану əдісі.
Конституциялық құқық – бұл ҚР конституциялық құрлыс негізін, адам мен азаматтың, мемлекеттік құрлыстың, мемлекеттік билік органдарының жџйесін, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару негізін реттейтін құқық нормаларының жиынтығын көрсететін ҚР жетекші құқық саласы.
Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік биліктің функциясымен, ұйымдастырылуымен байланысты конституциялық нормалардың негізінде тоқтатылатын жəне өзгертілетін қоғамдық қатынастардың адаммен жəне азаматпен, саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен өзара қарым-қатынасын айтамыз.
Конституциялық құқықтық субъектілері – бұл конституциялық
– құқықтық қатынасқа қатысушылар. Субъектілердің шеңбері өте кең: бұл саланың құқықтық нормалары кімге міндет жџктеп жəне кімге құқық берсе сол субъект бола алады. Олардың ішінде мынандай субъектілер: мемлекет, халық, депутат, мемлекеттік билік органдары, сайлау комиссиялары, азаматтар, азаматтығы жоқ азаматтар, шет ел азаматтары жəне тағы басқалары болады.
Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері дегеніміз шынайы əрекет құбылыстары негізінде құқық қатынастарының субъектілерінің құқықтық байланысқа тџсуі. Конституциялық құқық қатынастарының объектілеріне жататындар: мемлекеттік территория, материалдық құндылықтар, адамдардың тəртібі, мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғалардың əрекеті, азаматтардың жеке мџліктік емес құқықтары жатады.
Конституциялық – құқықтық нормаларға басқа құқық саласы нормаларының барлық белгілері тəн. Олар сондай-ақ қоғамдық қатынастарды тəртіпке салу құралы болып табылады жəне мемлекетпен қабылданып реттеушілік жəне қорғаушылық функцияларды атқарады. Реттеуші нормаларға, құқықтық қатынас мџшелеріне субъективтік құқық беру жəне оларға заңдық міндеттеме жџктеу жолымен тəртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тəртібін, олар тəртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады.
Конституциялық – құқықтық нормалар – бұл мемлекеттің мəжбџрлеу кџшімен қамтамасыз етілетін жəне нақты құқықтар мен міндеттермен жџзеге асырылатын белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеу жəне қорғау мақсатында мемлектпен бекітілген жəне санкцияланған жалпыға міндетті тəртіб ережелері.
Конституциялық – құқықтық институттар дегеніміз қоғамдық қатынастың бір жақты жəне өзара байланысын реттейтін жəне біршама өзіндік топтар құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы.
Мысалы, азаматтық институты, президенттік институты, сайлау құқығының институты жəне тағы басқалар. Құқықтық нормалардың институты реттелетін сфераның барлық жақтарын қамтиды. Оларда өздеріне тəн тџсініктер, терминдер, жағдайлар болады. Мысалы, азаматтық институтының мазмұны «азамат»,
«азаматтық», «азаматтықтан шығу», «азаматтардың құқығы, еркіндігі мен міндеттері» сияқты тусініктерде көрсетіледі. Құқықтық институттың құрамына кіретін нормалар ортақ құқықтық принциптер мен идеялармен біріктіріледі. Яғни, азаматық институты азаматардың бірлігі мен теңдігі принципіне негізделінеді.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Конституцияның басқа нормативтік құқықтық актілерден мынадай ерекшеліктері бар:
Қоғамдық қатынастардың негізін қалайды. Себебі ҚР Конституциясы мемлекет пен қоғам өмірінің барлық сферасын қамтиды: саяси, экономикалық, əлеуметтік, мəдени. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғамдық өмірдің жеке жақтарын ғана қамтиды;
Құқықтың негізгі бастау болып табылады. ҚР Конституциясында бџкіл конституциялық заңның негізі болып табылатын құқықтық нормалар бекітілген. Яғни, Конституциялық құқық нормалары барлық нормативтік құқықтық актілердің қалыптасуы мен даму базасы;
Ең жоғарғы заңдылық кџші бар. ҚР қабылдаған заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер Конституциядан шығуы керек жəне оған қайшы келмеуі керек. Егер олар Конституцияға қайшы келетін болса қолданылмайды;
Оның ерекше тəртіппен қабылдануы. Себебі Конституцияны Республикалық Референдумда халық қабылдайды;
Тұрақтылығы.
Конституцияның түсінігі, мəні, функциясы. 1995 ж ҚР Конституциясы: мазмұны, мəні. ҚР конституциялық құрылысы
Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие жəне қоғамдық құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.
Қазақстанның жаңа конституциялық заңының қалыптасу тарихы өзінің бастауын 1990 жылы 24 сəуірдегі «Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы» Қазақ КСР-ның заңымен Қазақ ССР Конституциясына өзгеріс енгізу кезеңінен басталады. Бұл заң Конституцияға бұрын талай енгізілген өзгерістердің қатарына жатпайды. Атанған заң мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс əкелді. Президенттң қызмет орны республикада жүргізіліп жатқан терең саяси жəне экономикалық қайта құруларды қамтамасыз ету, конституциялық құрлысты нығайту мақсатында белгіленеді.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының екінші кезеңі 1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады.
ҚР Конституциялық заңының қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылы қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл құқықтық акт Қазақстанның мемлекеттік жəне құқықтық құрлысын жаңаша анықтады. Конституция мемлекеттік егемендік жарияланған кезеңнен бастап қабылданған көптеген құқықтық нормаларды, конституциялық заңдардың принциптері мен идеяларын қабылдады.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылы Конституцияны қабылдаумен байланысты. Онда енді КСРО мен Қаз КСР-ның Конституциясы мен заңдарына болмады. Заңдарды конституциялық нормаларға сəйкес келтіру-заң шығару органының міндеті. Президенттік басқару жүйесі бекітілді, қос палаталық Парламент нығайтылды, Конституциялық сот Конституциялық кеңеспен ауыстырылды жəне ол енді сот органы болмады. Сот жүйесі реформаланды, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Бұл кезең əлі жалғасуда. Негізінен президенттік басқару жүйесінде бекітілген жоғарғы жəне жергілікті мемлекеттік билік органдарын қайта құру аяқталды.
ҚР Конституциясы келесі заңдық қасиеттерді иеленеді:
Бұл құқықтық акт, заң. ҚР Конституциясы-бірыңғай ерекше заңдық қасиетке ие құқықтық акт, оның көмегімен халық қоғам мен мемлекеттің құрылымының негізгі принциптерін құрады, мемлекеттік биліктің субъектілерін, оны жузеге асыру механизмі анықтайды, мемлекет қорғайтын адам мен азамат құқығын бекітеді;
Заңдық жоғарылығы. Конституцияның жоғарылығы консти- туциялық құрлысты нығайтады, яғни мемлекетің Конституцияға, құқыққа бағынуы.
Конституция барлық басқа нормативтік актілерге қатысты жоғарғы заңдық күшке ие. Сондықтан заңдар жəне басқа құқықтық актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек. Бұл оны қорғаудың ерекше құралымен кепілделінетіндігінен байқалады. Конституцияға қайшы келетін актілер өзгертіледі немесе онымен сəйкестендіріледі;
Ағымдағы заңның базасы болады. Нақ Конституция құқық шығармашылық процессін анықтайды-əр түрлі органдар қандай негізгі акт қабылдайтындығын, олардың атауын, заңдық күшін, заңдардың қабылдану тəртібі мен процедурасын бекітеді;
Қабылдау жəне өзгертудің ерекше тəртібі. ҚР Конституциясына өзгерістер енгізумен қайта қарау үшін ерекше, күрделі тəртіп бекітілген. ҚР Конституциясы 1995 жылы бүкіл халықтық дауыс беру жолымен қабылданды жəне қатаң конституциялардың қатарына жатады.
Нормативті құқықтық актілер – бұл құқық нормаларынан тұратын жəне нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құзырлы мемлекеттік органнан шығатын ресми құжаттар. Нормативті актілерді нормашығармашылық құзырлығы бар мемлекеттік органдар қатаң белгіленген нысанда шығарады. Заңды күшіне байланысты барлық нормативті актілер заңдарға жəне заң күшіндегі актілерге бөлінеді.
Заң – бұл жоғарғы күші бар жəне аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, халықтың ерік – жігерін білдіретін, ерекше тəртіпте заң шығарушы орган немесе референдумда қабылданған нормативті акт.
Заңның түрлері:
Конституция;
Конституциялық заңдар;
Жай заңдар.
Заң күшіндегі актілер – бұл заңның негізінде жəне солардың орындалуы үшін шығарылған, құқық нормаларынан тұратын нормативті акт. Оларға мыналар жатады:
Президенттің жарлықтары мен өкімдері;
Үкіметтің қаулылары мен өкімдері;
Мемлекеттік аймақтық жəне жергілікті муниципалдық органдардың актілері;
Ведомствалық актілер.
Е. Б. АХМЕТОВ
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ Павлодар; Кереку 109б,2012 жыл 12-16 беттер