Тобы: 46 Мамандығы: 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» Біліктілігі


Альберт Бандураның әлеуметтік-когнитивтік теориясы



бет7/9
Дата18.10.2023
өлшемі58,81 Kb.
#118638
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ТұЛҒаның Қасиеттерін қалыптастыру жолдары орындаған-emirsaba.org

Альберт Бандураның әлеуметтік-когнитивтік теориясы. Бұл теория өзара детерминизмге негізделген. Ол жеке тұлғаның және әрбір адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезіндегі мінезіндегі өзгерістің ауытқу ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл теория бойынша мінез-құлық реакциясы мен айналадағылардың дамуы, ортамен бсыпайы түрде қарым-қатынас жасауға негізделген.
Джорж Келлидің жеке тұлғаның когнитивтік теориясы (1967).
Жеке тұлғаның когнитивтік теориясы бойынша адам бойында конструктивті заттар болады. Бұл арқылы ол қоршаған ортадағы интерпретациялық оқиғаны ұдайы жинайды. Бұл жиналған конструктивті заттар сол адамның мінезін айқындайды. Осы арқылы жаңа конструктивті ойлар қалыптасады.
Карл Роджерстің жеке тұлғалық феноменологиялық теориясы (1902-1987 ж.ж.). Бұл теорияның авторлары феноменологиялық бағыт адамның ішкі дүниесінің және рухының үйлесімділігін тапқанда ғана дұрыс болып табылады деген.Субъективтік әлем - оның феномені қоршаған ортаны уақыттың қай кезеңінде болмасын түсіне білуі Роджерс субъективтік қабылдау немесе адамның уайым тартуы жеке тұлғаның жекелей іс-әрекетінің мінезге тән өзгерісін дәлелдейді.
Жеке іс-қимыл теориясы. Іс-қимыл теориясы кәсіптік даму үрдісінің методологиялық негізі болып есептеледі. Ол субъектінің белсенділігін туғызатын, және сол белсенділік арқылы дамудың арнаулы жағдайын айқындайды.
Іс-әрекет белсенді және енжар болуы мүмкін.
Дамудың қозғаушы күші қайшылықтардың күресі болып табылады. Қайшылықтың түрлері: Ішкі қайшылықтар, сыртқы қайшылықтар, жалпы қайшылықтар, жеке-дара қайшылықтар.
Ішкі қайшылықтар адам «өзімен өзі келіспеген» жағдайда, өзінің бойында бар тұлғалық қасиеттер мен қабілеттерге көңілі толмай, сапалық жағынан жаңа қасиеттер мен қабілеттерге ұмтылған жағдайда пайда болады. Негізгі ішкі қайшылықтардың біріне адамда пайда болған жаңа мұқтаждық пен оны қанағаттандыру мүмкіндігінің арасындағы қайшылық болып табылады. Мысалы, оқушының пән олимпиадасына қатысуға ұмтылуға мен оның осы пәнге қатысты ғылым саласынан нақты білімінің, білігі мен шығармашылық ойлау деңгейінің арасындағы қайшылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет