Тобы: БӨж тақырыбы



бет9/13
Дата08.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#91041
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Толстойдың нақыл сөздері



  1. Арада махаббат оты бар неке ғана бақытқа кенелтеді.

  2. Шындық, мейірімділік, қарапайымдылық жоқ жерде ұлықтық болмайды.

  3. Адамдардың бір-бірін дұрыс танымауы немесе шамадан тыс тануы олардың жақындасуына кедергі болады.

  4. Адамның көркі - дұрыс өмір сүруінде, өмірдің көркі - еңбекте.

  5. Көп адамның істері мен ойлары ақыл арқылы табылған нәрсе емес. Көп жағдайда еліктеудің нәтижесі. Тіпті сәбилермен де шыншыл бол. Оларға өтірік айту арқылы жалған сөзге тәрбиелейміз. Балаларды тәрбиелеудің жалғыз жолы - олармен шыншыл болу.

  6. Өмірде ештеңе тектен-тек болмайды. Біз тағдырды қабылдамаймыз, қайта соны жасаушымыз.

  7. Білімнің санынан гөрі сапасы маңыздырақ. Көп нәрсені біле тұра, ең маңызды нәрсені білмеу - білімді пайдасыз етеді.

  8. Ұлы шындықтар әрқашан түсінікті және қарапайым.

  9. Ең ұлы билік - өз-өзіңді билеу. Тәрбиелеу - адам бойынан ұждан мен арды ояту ғана.

  10. Уақыт бір орында тұрмайды. Бірақ айтылған сөз бен істелеген іс сол күйі қалады.

  11. Өлім туралы ойлар өмір сүру үшін қажет. Салдары үлкен ойлар әрқашан қарапайым болып келеді.

  12. Бақытты отбасылар бір-біріне ұқсас келеді. Ал әр бақытсыз шаңырақтың өзіне тән қиындықтары бар.

  13. Бізді біреу сүйгенде, өзгелерден артық екенмін деген ойға келуіміз мүмкін. Шындығында, адам махаббатын өзі жақсы болып, кеудесі кең болғандықтан ғана төгеді.

  14. Өз-өзіңді сыйлау мен өзімшілдік екі бөлек нәрсе.

  15. Жақсылықты құпия түрде жаса, сонда біреуге көмек көрсеткендіктің тәтті дәмін сезе аласың.

  16. Ғылымның мақсаты - адамға қызмет ету.

  17. Жүрекпен істелген жақсылық ең алдымен өзіңе пайда. Шынайы бақыт - өзгелер үшін өмір сүру.

  18. Ұстаз өз ісін сүйсе, жақсы оқытушы болатыны анық.

  19. Көпшілікпен өмір сүре отырып, жалғыз қалған кездегі тапқан ойларыңды ұмытпа. Жалғыз қалған кезде көпшілікпен араласқан кездегі ұққан нәрселерің туралы ойлан.

  20. Өмір таусылмас қуанышпен өтуі тиіс. Басқа қандай қайғы келсе де, өмірді бақытты, қуанышқа толы етуге болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет