Байланысты: БОП-33 Төкенова Айғанымқал (2-лек) Есеп және оны шешу
Орындаған: Төкенова Айғанымқал
Тобы: БОП-33
Тапсырма:
Сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық, педагогикалық және психофизиологиялық негіздері. «Сауат ашу» - жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі. Пәнді оқу барысында оқу мен жазуға қатысты жұмыс- интеграциялау арқылы жүзеге асады.
«Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің құрамдас бөлігі, тіл және әдебиет туралы білім жүйесіне дайындық болып табылады.
«Сауат ашу» пәнінде оқу және жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста және қатар жүреді:оқу дағдысы жақсы қалыптасқан оқушының сауатты жазу дағдысы да соған сай қалыптасады. Сауат ашуға даярлық кезінде тіл дамыту жұмыстарының алатын орны ерекше. Баланың дамуы әрекеттерімен (ойын, оқу, еңбек) оқу-тәрбие үрдісінің нәтижесінде жүзеге асады. Мектепте баланың қарым–қатынас шеңбері кеңейе түседі. Қарым–қатынас жасайтын адамдардың көбеюі баладан қарым–қатынас жасауды толық меңгеруді талап етеді. Баланың күрделене түсетін әрекеті тілдің дамуына да жоғары талаптар қояды, тілдің дамуы бірнеше бағытта жүреді: 1) басқа адамдармен араласу кезінде жетіледі, 2) психологиялық процестерді қайта қараудың негізі, 3) тіл – ойлау құралы. Оқу үрдісінде тілді дамытудың негізгі 4 кезеңін жүзеге асыру көзделеді: 1) баланың сөдік қорын молайту, 2) грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлеуге үйрету, 3) байланыстырып сөйлеуге үйрету, 4) сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.әліппеге дейінгі кезеңде баланың тілін дамытуға оқулықтағы тақырыптық сюжетті иллюстративті жеке суреттердің атауларын білу, сол сөздердің мағынасын түсіну арқылы сөдік қоры байиды, ал тақырып бойынша көргендерін жетекші сұрақтар арқылы әңгімелеу, құралған сөйлемдердің мағынасы сол тақырпқа сай болуы керек, құрылымы үйлесімді болуы керек. Ондағы сөөздердің өзара байланысының үйлесуі әр баланың қабылдау қабілетіне, алған әсеріне байланысты. Көбіне тілден ой жүйрік болғандықтан, ойға тіл ілесе алмайды. Бұл мүмкін сөдік қордың жеткіліксіз болуынан, ойын жеткілікті түсінікті тілмен, оқиғаға ене отырып, көңіл–күй ырқына жеткізе мәдениетін қалыптастырудың ең тиімді жолы коммуникативтік әрекет үстінде ұстамдылық кезеңінде басталады. Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде ең маңызды орын алатын – сөздік жұмысы. Өйткені нақты заттар мен құбылыстар да абстрактылық ұғымдар да сөз арқылы белгіленеді, сезім мен ниет те сөз арқылы білдіріледі. Сондықтан оқушыларға жаңа сөздер үйрету, үйренген сөздерінің мағынасын менгерту, көркем шығармалардағы бейнелі сөз тіркестері мен таныстыру және оның барлығын баланың активті сөзіне айналдыру маңызды да күрделі, жауапты жұмыс болып табылады. Мұнда, яғни сөздік жүргізу барысында әсіресе синонимдер, антонимлер, көп мағыналы сөздер мен қанатты сөздерге көңіл аударылады. Бұл айтылғаннан 1- сынып оқушыларына «синонимін, антонимін тап, қанатты сөздер кұра...» сияқты түрде, терминдерді колдана отырып тапсырма беріледі екен деген ұғым тумауға тиіс. Бұл терминдер мүғалімдер үшін ғана аталып отыр: ал оқушылар «мұны тағы калай атауға болар еді? Осының орнына тағы кандай сөз қойып айта алар едік? Мұның карама-қарсы мағынасын кандай сөз аркылы айтамыз?» т. б. тәсілдер арқылы бір мағынаны білдіру үшін бірнеше сөз іздейді немесе оның карсы магынасын білдіретін сөздерді табады. Мұнаң былайғы терминдер жөнінде де осы пікір есте болғаны дұрыс.
Сөздік жургізу барысында мағынасы жакын сөздерді бір топқа біріктіру, синонимдерді мағынасынын күшею немесе кему барысына карай реттеу, бір сөзге синоним табу; антоним сөздерді жұптап жазу (берілген сөздерден). алтонимнін бір сыңарын табу, сөйлемді бірнеше түрге ауыстыру; берілген сөздер бойынша сөйлем, текст құрастыру, т. с. с. жұмыстар жүргізіледі. Тілдің синтаксистік негізі сөз тіркесі мен сөйлем болып табылады. Сөз тіркесі аяқталған ойды білдірмейді, бірақ сол ойға катысты ұғымды жасайды; сөз тіркесінде бағынынқы сөз, басыңқы сөз болады: ашық аспан (қиысу), сабакка барды (меңгеру), т. б. Сөз тіркесі де сөз сияқты заттарды, оның сын-сипатын және қимыл-қозғалыстарын білдіреді. Сөйлеу барысында алуан түрлі сөз тіркесі пайлаланылады. Сөйтіп, сөз тіркесі ойдың қалыптасу процесін көрсетеді. Ендеше, балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету барысында олардын сөз тіркесінде меңгеретіні сөзсіз. Бірақ мұнда да балаларға «сөз тіркесі», «бағыныңқы, басыңқы сөз», «қиысу, меңгеру», т. б* терминдерді айтудың кажеті жок. Олар тек практикалық тұрғыда ғана үйретіледі; яғни сөйлемнін кұрамындағы сөздерді мұғалім байланыстыру жолдарына қарай тоқтап алып, балалардың зейінін әр топтағы сөздерге аудара отырып, сол сөздермен түрлі жұмыстар ұйымдастырады. Бұл жұмыстар (балаларды сөйлемдегі сөздерді топтай білуге үйретудің өзі ой бөліктерімен жұмыс жасау болып табылады).