Тобы: Эф-22-2к Қабылдаған: Карибаев Сарсебай Тақырыбы


Шетелдік БАҚ бұл мәселе туралы не дейді?



бет2/3
Дата09.06.2023
өлшемі25,23 Kb.
#100004
1   2   3
Байланысты:
Әлемдік БАҚ Ермекова Меруерт

Шетелдік БАҚ бұл мәселе туралы не дейді?
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бірқатар шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығын аудартты. Түрлі басылымдар мен электронды ақпарат көздері үшін әлемге төніп тұрған экономикалық тығырықтан шығынды шұбыртпай шығудың нақты жолдары көрсетілгені қызық болса керек. «Жолдаудың саяси мәні өте қарапайым. Ол - стратегиялық тұрақтылықты сақтау», - деп жазады шетелдік басымылдар. Жалпы сырттағы бұқаралық ақпарат құралдарын тағы не қызықтырды? Айгүл Әдепбайдың шолуы. 
Елбасының «Нұрлы жол» атты кеше ғана жарияланған жолдауына, әсіресе көрші ресейлік басылымдар мен ақпарат агенттіктері ерекше ден қойып жатыр. Мәселен, «Регнум» ақпараттық агенттігі «Барлық әлемнің сәулеті өзгереді» деген атаумен Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауының толық мәтінін беріп, әлеуметтік бағыт пен инфрақұрылымды алға бастыруға арналған қолдауға назар аударады. Ресейлік баспасөз ел экономикасының тұрақтылығын сақтауда осы салалардың маңызы зор деп санаса керек. Ақпарат көзі Марат Шибұтовтан сұхбат алып, оның пікірін де келтіреді. Саясаттанушының айтуынша, Жолдаудың экономикалық бөлігі қандай жағдай орын алса да, сәтті орындалады. 


Тамара Касьянова, «Ресей қаржы директорлары клубының» бірінші вице-президенті: 
«Қазақстан Еуропа мен Азияның тоғысында орналасқан. Мәскеу Бейжіңмен әріптестігін нығайтып жатқандықтан, алда Ресей-Қазақстан-Қытай болашағы бар бағытқа айналады. Жаңа жолдар арқасында жеткізу мерзімі қысқарып, көліктік кедергілер азаяды. Нәтижесінде бұл жағдай тауардың өзіндік құнына және нарықтағы соңғы бағасына әсер етеді. Қазақстанда шығарылған тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі артады». 


Отандық БАҚ бұл мәселе туралы не дейді?
Кеше БАҚ-та Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының Ұлттық фонд есебінен «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынған 12 мектепті таппай жатқандары туралы ақпарат жарияланған болатын. ҚР БҒМ депутаттармен бірлесе «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан мектептер туралы қате ақпаратты кім таратқанын анықтауда.
2015-2017 жылдары «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Ұлттық қор есебінен құны 145 млрд. теңгені құрайтын 156 мектеп пен 19 балабақшаның құрылысы қаржыландырылған болатын. 3 жылдың қорытындысы бойынша 108 мектеппен 19 балабақша есіктерін айқара ашты.
Қалған 48 мектептің құрылысы 2018 жылға шегерілген болатын. Ал, жаңа оқу жылында 25 жаңа мектеп өзінің алғашқы оқушыларын қабылдай бастады. Жыл соңына дейін 18 мектепті іске қосу жоспарланып отыр. 2019 жылы тағы 5 мектеп бой көтермек, Ақмола, Шығыс Қазақстан облысы мен Астана қаласында – 1 мектептен және Ақтөбе облысы – 2 мектеп.
Жалпы, «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберіндегі мектептердің құрылысы бойынша жоспар 85% орындалды. Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесе мектептердің құрылыс барысы және қаржының игерілуі бойынша мониторинг жүргізіп, мәселені өз бақылауында ұстайды.
Талдау:
Қазіргі кездегі сан салалы және күрделі әлемдік жағдай шарттарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша жүз қадам» атты жаңа ұлттық жоспары - дер кезінде қабылданған, айрықша мәнге ие құжат. Елбасы «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде бес институционалды реформа жасаудың қоғамның алдында тұрған ең қажетті бағыт екенін атап көрсетті. Осы бағытта Ұлттық жаңғырту жөніндегі комиссия құрылып, реформаларды жүзеге асыруға бағытталған нақты жүз қадам туралы шешімдер де қабылданды.
Терең мәнге ие және Қазақстанның экономикалық, демократиялық және зайырлы дамыған мемлекет ретінде болашақтағы даму бағыттарын айқындайтын бұл құжат «Қазақстан – 2050» стратегиясының, «Нұрлы жол» бағдарламасының жалғасы және ол Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға үндейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет