Тобы: Эф-22-2к Қабылдаған: Карибаев Сарсебай Тақырыбы



бет1/3
Дата09.06.2023
өлшемі25,23 Kb.
#100004
  1   2   3
Байланысты:
Әлемдік БАҚ Ермекова Меруерт


Орындаған: Ермекова Меруерт
Тобы: Эф-22-2к
Қабылдаған: Карибаев Сарсебай
Тақырыбы: « Экономиканы дамытудағы «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» бағдарламаларының жүзеге асырылуы. Ұлттық жобалар.»
 Ел дамуының негізгі бағдары ретінде белгіленген бұл құжатта көрсетілген міндеттердің орындалуы жаңа қазақстандық арманға қол жеткізудің төте жолы ретінде бағаланып отыр.  Қоғамымыздағы түрлі мәселелерге жаңаша көзқараспен қарап, оларды қазіргі кезеңнің талабы мен мүм­кін­діктерін ескере отырып шешу аса маңызды. Бұл орайда басты міндеттер ек­шеліп, сарапталып қана қоймай, оны ойдағыдай жүзеге асырудың нақты жолдары көрсетілген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жөні бөлек.  
Қазіргі таңда халқымыздың мүд­десі, қажеттілігі, талап-тілегі барынша ескерілген Ұлт жоспарының басым бағыттары, негізгі қадамдары өз дең­гейінде орындалып келеді. Мұның айқын мысалын мемлекеттік кәсіби аппа­рат құру, есеп беретін мемлекетті қалып­тастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсімге қол жеткізу, біртектілік пен бірлік қағидаттарынан туындайтын мін­деттерді орындау бағыттарында жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нәти­жесінен көруге болады.  
Аталған бағдарламалық құжатта белгіленген міндеттерді іске асырудың практикалық кезеңі басталған 2016 жылдың 1 қаңтарынан бергі аралықта Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік ап­парат құру» атты бірінші бөліміндегі 15 қадамның басым бөлігі орындалды. Нәтижесінде мемлекеттік аппараттың кәсі­билігі қамтамасыз етіліп, кейбір кер­тартпа іс-әрекеттердің жолы кесіл­ді. Соңғы деректерге қарағанда, мем­лекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін қайта қарастыру, жаңғырту, дәлірегі, ман­саптық модельге көшу жүзеге асы­рылған. 
Осыған дейін мемлекеттік қызметке алғаш қабылданатын тұлғалар кез келген бос жұмыс орнына, оның ішінде басшылық қызметке үміткер бола алатын еді. Ал енді мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған және жұмыс тәжірибесі жоқ тұлғалар өзінің қызметтік мансабын тек төменгі лауазымдардан ғана бастайтын болды. Сондай-ақ төменгі лауазымдарға кандидаттарды іріктеуде және одан әрі лауазымдық өсуде тұлғаның іскерлік қасиеттері бірінші кезекте ескерілетіні айқындалды. Бұлардан бөлек, конкурс өткізу ережесіне сәйкес, конкурстық ко­миссия үміткерлермен сұхбаттасу бары­сында жеке қасиеттерді бағалау нәти­желерін ескереді.Сонымен бірге мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу ресімін орталықтандыру, үш сатылы ірік­теу жүйесін енгізу мәселелеріне қатыс­ты да қадамдар өз деңгейінде орын­далды.  
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заӊныӊ үстемдігін қамтамасыз ету» атты бөлігінде қамтылған 19 қадам бо­йынша атқарылған шаралардың нәтижесі де жаман емес. Мәселен, басқасын былай қойғанда, сот саласына қатысты 10 қадамның барлығы түгел жүзеге асырылды. Тарқата айтар болсақ, сот жүйесі инстанцияларын оӊтайландыру, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу, судья лауазымына іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту, судьялардыӊ есеп беру тәртібін күшейту, судьялардыӊ жаӊа этикалық кодексін қолданысқа енгізу, инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізуді құру жұмыстары және басқа да жағдаяттар бүгінде халықтың көңілінен шығып отыр.  
Ұлт жоспарындағы 32-қадамда «Қыл­мыстық құқық бұзу картасы» ұлттық ақпараттық жүйесі негізінде интернет-портал құру қарастырылғаны белгілі. Қазіргі таңда бұл карта жасалып, оған еліміздегі барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар қысқа мерзім ішінде тіркелуде. Сөйтіп ол ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік беруде. Яғни қазақстандық азамат картаға өз мекенжайын енгізу арқылы сол радиуста тіркелген қылмыстар жө­нін­де мағлұматтар ала алады. Деректер сұра­ныс берушінің электронды поштасына жі­беріледі. Осылайша, еліміздегі сот төре­лігі мен құқық қорғау саласындағы тәр­тіп жүйесі ашықтық және кәсібилік тұр­ғы­сында жаңа мүмкіндіктерге ие болды.  
Құжаттағы «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бөлімінде қарастырылған қадамдар бойынша атқарылған шаралар жөнінде айтар болсақ, бірінші кезекте ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, экспорттық және импорттық кеден ресімдерінен өту кезінде «бір терезе» қағидатын енгізу, кеден және салық жүйелерін интеграциялау, мүлікті және қаржыны заӊдастыру ресімдерін оӊайлату, қолданыстағы заӊға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, салық декларацияларын қабылдау және өӊдеудіӊ орталық желісін құру сынды мәселелердің шешімін табуы көңіл қуантады.  
Жыл сайынғы Жолдаулар нәтижесінде Сыртқы істер министрлігі қызметінің экономикалық құрамдас бөлігі нығайып, экономикалық дипло­матияның белсенділігі айтар­лықтай артты. Президенттің «Нұрлы Жол – бола­шаққа бастар жол» атты Жолдауы ең алдымен, әлемдік экономикадағы тұрақсыз жағ­дайлар аясында дағдарыс­қа қарсы және ынталандырушы ша­­ралар бағдарламасы ретінде қабыл­дана­ды. Жаңа жолдар құры­лысы, инфра­құрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті қол­дау – мұның барлығы ұлттық эко­номиканың құрылысын тұрақты әртараптандыру кепілі болып табылады. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс орындарын ашуға, ішкі тұтыну көлемін арттыруға, не­гізгі капиталға мемлекеттік инвестицияны ұлғайтуға және әлеу­меттік маңызы бар жаңа инфрақұрылымдық объектілерді құруға септігін тигізеді. Жолдау Мемлекет басшысының халық­аралық қатынастар жүйесіндегі орын алып отырған өзгерістерге теңгерілген және алдын алу жауабы болды. Бұл құжат Қазақ­станның жалғасып келе жат­қан халықаралық қаржы-эконо­микалық және геосаяси дағ­дарыстар жағдайында алдағы жылдардағы даму болашағын айқындады. Елбасы атап өткендей, бүкіл әлемнің архитектуралық өзгеру кезеңі жақындап келеді және бұл кезең ғаламдық сынақ кезеңі болмақ. Одан барлық мемлекеттер бірдей өте алмайды, тек ортақ идеялармен және талпыныстармен жұмылдырылған ұлттар ғана бұл сынды еңсере алатын болады. Аталған бағдарламалық құжат тек экономикалық көрсеткіштерді көтеруге ғана емес, сонымен қатар, ұлттық бірлік, тұрақтылық және келісім секілді мемлекет құраушы құндылықтарды нығайтуға да бағытталған. «Нұрлы Жол» сыртқы тұрақ­сыздық пен геосаяси нақты шындықтың транс­формациялану кезеңінде барлық мем­ле­кеттік органдар үшін, соның ішінде, Сыртқы істер министрлігі үшін ұстаным­дардың квинтэссенциясы болып табылады. Қазақстанның Жаңа Экономикалық Саясаты біздің мекемеміз өз қызметі аясында басшылыққа алып жүрген еліміздің 2014-2020 жылдарға арналған Сыртқы саясат тұжырымдамасының мақ­­саттарымен және тапсырма­лары­мен тығыз үйлесім тап­қан. Ол «Қазақ­стан-2050» Стра­­тегиясында баяндалған жаңғыртулардың жаңа басым­дықтары, әлемдегі ең дамыған 30 ел қатарына кіру, «жасыл» экономикаға көшу, респуб­ликамыздың транзиттік-көліктік және экспорттық әлеуетіне басымдық бере отырып, эконо­микалық дипломатияны бел­сенділендіру қазақ халқы мен елімізді мекендейтін басқа да этностардың төл ұлттық-мәдени құндылықтарын сақтап қалу аясында түзілген. «Нұрлы Жол» Жолдауының барлық бағдарына сәйкес, еліміздің сыртқы саяси қызметі де құрылады. Осы құжаттың негізгі тапсырмаларына сүйене отырып, Сыртқы істер министрлігі қазіргі заманғы әлемдік саясат пен экономикадағы жаңа тренд­терді назарда ұстап, шетел­дер­дегі ұлттық мүдделерді әрі қарай ілге­рілетуді жалғастыру бағы­тында жұмыс істеуде. 
Аталған құжатты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп әзірледі. Елдің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспарында жаңа экономикалық бағытымыздың негізгі міндеттері мен параметрлері айқындалған. 
Құжатта аса маңызды салаларды дамыту жөніндегі стратегиялық пайым, коронадағдарыс салдарын жұмсартуға және жаңа экономикалық нақтылық пен ағымдағы жаһандық үрдістер жағдайында экономиканың орнықты, инклюзивті және сапалы дамуын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі саясатты жетілдіру жөніндегі бағдарлар көрсетілген. 
«Жоспар халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған түбегейлі институционалдық және салалық реформалар үшін негіз қалайды. Нақты стратегиялық көрсеткіштердің егжей-тегжейлі картасы ұлттық жоспардың ажырамас бөлігі болып табылады, оған қол жеткізу үшін экономиканың өзіндік жеткіліктілігін арттыру, әртараптандыру, инвестицияларды таргеттелген тарту, экспортты белсенді ілгерілету, жеке кәсіпкерлікті қолдау және кешенді дамыту арқылы оның жаңа құрылымын қалыптастыру бойынша нақты шаралар қабылданады» делінген хабарламада. 
Министрліктің мәліметінше, денсаулық сақтау мен білім беру қызметтерін жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға, нәтижелі жұмыспен қамтуға және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа құралы болып табылатын «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары туралы» Жарлыққа қол қойды. Жалпыұлттық басымдықтар (ЖҰБ) үш түйінді бағыт бойынша 10 нақты міндетті білдіреді: азаматтардың әл-ауқаты, институттардың сапасы және күшті экономика құру. 
«Әңгіме жақын келешекте реформалар жүзеге асырылатын он бағыт туралы болып отыр: әділ әлеуметтік саясат, денсаулық сақтаудың қолжетімді және тиімді жүйесі, сапалы білім беру, азаматтардың мүдделерін қорғауға арналған әділ және тиімді мемлекет, мемлекеттік басқарудың жаңа моделі, патриотизм құндылықтарын дәріптеу, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, әртараптандырылған инновациялық экономика құру, экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту және теңгерімді аумақтық даму. Ұлттық даму жоспарының және жалпыұлттық басымдықтардың барлық индикаторлары бүкіл мемлекеттік аппарат жұмысының өзекті бағыттарын айқындайды. Көрсетілген стратегиялық құжаттарды іске асыру қазіргі кезеңнің сын-қатерлерін еңсеруге бағытталған және ортамерзімдік перспективада елдің халықтың өмір сүру сапасы мен табысының нақты өсуімен қатар жүретін орнықты және сапалы экономикалық өсу траекториясына шығуын қамтамасыз етуге арналған» делінген хабарламада.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет