6.Қаржы менеджменті стратегиясының негізгі бағыттары қандай?
Қаржы менеджментінің мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін. Ұзақмерзімді келешекте олар кәсіпорынның даму стратегиясына сәйкес келіп, оның іске асыруын қамтамасыз етуі керек. Дәстүрлі және практикада кең таралған басқару мақсаттарына жатқызуға болады: • пайданы көбейту; • қаржы тұрақтылығын ұстап тұру; • тауарлар мен қызмет көрсетулер көлемдерін көбейту. Кәсіпкерліктің басты мақсаты – алынған пайда көлемінің шығындардан асып түсуі. Тиімділік пен шығындар арасындағы айырым пайда түрінде білінеді. Сонымен, коммерциялық кәсіпорынның соңғы мақсаты оның қызметінен пайданы көбейту болып табылады. Әрине, кәсіпорын сол пайданың көбеюіне ұмтылады, бірақ бұл мақсатқа жету үшін күш-қуатының шоғырлануы келешекте келеңсіз жағдайларға әкелеуі мүмкін: өнімдер мен қызмет көрсетулер сапасының төмендеуіне, негізгі қорлардың тозуы мен моральдік ескіруіне, сатулар көлемі мен бәсеке қабілеттігінің түсуіне, нарық үлесін жоғалтуына, білікті қызметкерлердің кетуіне және т.б. Бұлар пайданы азайтып, шығындардың пайда болуына, тіпті банкроттыққа әкеліп соғады