3.Қаржы менеджментінің міндеттерін атапайтыңыз.
Қаржы менеджментінің негізгі міндеті – қаржыны басқарудың кәсіпорынның стратегиялық және ағымды мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады. Нақты бір кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесі көптеген факторларға байланысты болады: меншіктік нысанына, ұйымдық-құқықтық дәрежесіне, салалық және технологиялық ерекшеліктеріне, капитал көлеміне
4.Қаржы менеджментінің әдістеріқандай? Қаржыны басқару барысында көптеген әдістер қолданылады, солардың ішіндегі негізгілері: болжамдау, жоспарлау, салық менеджменті, сақтандыру және өзін-өзі сақтандыру, несиелеу, баға саясаты және қаржы құралдарын қолдану (лизинг, факторинг).
Кез-келген қаржыны басқару жүйесінің қызмет етуі қолданыстағы заңнамалық актілер мен нормативтік негіздер шеңберінде іске асады. Мұндай құжаттар заңдар мен Президенттің жарлықтарынан бастау алып, әдістемелік нұсқаулармен аяқталады. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп берудің қаржылық сипаттағы ақпараттары, тауар және қор биржаларының ақпараттары, несие жүйесінің ақпараттары қолданылады.
Сонымен, кәсіпорынның қаржысын басқару осы саладағы маманнан стратегиялық және ағымды мәселерді шешу үшін терең білімді және жоғары біліктілікті қажет етеді.