Тобы: ЭҚЖ – 811 ф Түркістан 2021



бет1/7
Дата07.01.2022
өлшемі26,25 Kb.
#17489
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Семинар


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ –Түрік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Ақша ағымдарын жоспарлау.

Орындаған: Эргешов Х
Қабылдаған:
Султанханова Г
Тобы:
ЭҚЖ – 811 ф

Түркістан 2021


1.«Қаржы менеджменті» деген ұғымға түсініктеме беріңіз.
Қаржы менеджменті — 1) ақша айналымын, кәсіпорынның, ұйымның қаржы ресурстарының құралуы мен пайдаланылуын басқару, яғни кәсіпорында инвестицияларды қоса барлық қаржы ресурстарын қалып тастыру және реттеу үдерісі. Жоспарлау, шешімдер қабылдау өкімдер әзірлеу және бақылау сатыларын қамтиды; демек, бұл ұғымның ауқымы тар мағынадағы қаржы жоспарлауы ұғымынь ауқымынан кең. Стратегиялық қаржы менеджменті инвестицияларды және капитал құрылымын ұзақ мерзімді басқару. Оралымды Қаржы менеджментіне өтімділікті қамтамасыз ету жатады; 2) қаржыны басқару, кәсіпорындардың, ұйымдардың өз мақсаттарына жетуі үшін қаржы қатынастарын орнату туралы ғылым. Қаржы менеджменті менеджменттің бөлігі,баскарушылық еңбектің түрлі бағыттарын қамтитын қызмет аясы болып табылады. Қаржы, несие, статистика, экономикалық және қаржылық талдау саласында ғылыми және практикалық талдамалар қаржы менеджментінің алдына қойылған міндеттерді шешу үшін негіз, кұрал кызметін атқарады. Қаржы менеджментінің атқарымы: ағымдағы және келешектегі қаржылық жоспарлау; ақша қорларын жасақтау және пайдалану; ақша айналымын ұйымдастыру; материалдық және қаржы ресурстарының теңдестірілуі; капиталдың тиімді құрылымын қолдау; ақшалай қаражаттың түсуі мен пайдаланылуын бақылау; қаржының көмегімен кәсіпорынның тиімді жұмысын және қызметкерлердің іскерлік белсенділігін уәждемелеу. Қаржы менеджментінің негізгі әдістері кәсіпорынның төлем төлеуге қабілеті мен қаржылық орнықтылығын, кәсіпорынның несиеге қабілетін оның теңгерімінің өтемпаздығын, қаржы нәтижелерін, айналым активтерінің айналымдылығын талдау, ықтимал банкроттығын бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет