Тобы: Әжк-211 Тақырыбы: Ұлы жібек жолы халықтарының мәдениетаралық қарым-қатынастағы қазақстан түріктері Қабылдаған



бет4/6
Дата25.06.2023
өлшемі110,9 Kb.
#103373
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мәдениеттану

Ұлы жібек жолының тарихы.

Б.з.б. I мыңжылдықтың ортасында Батыстан Шығысқа әйнек бұйымдар әкеліне бастады. Әйнектен жасалған моншақтар сақ қорғандарынан көптеп табылды. Мөлдір әйнектен жасалған моншақтар мен білезіктер Оңтүстік Памир және Тянь-Шань, Ал­тай өңіріндегі сақ дәуіріндегі молалардан шықты. Әйнек бұйымдар б.з.б. II мыңжылдықтан бастап Шығыс Жерорта теңізі аймағында өндірілетін.Жол тораптарының көптеп салынуына Грекия мен Египеттен Орта Азия мен Үндістанға дейін кең-байтақ жерді алып жатқан Ахеменид мемлекеті өзіндік үлес қосқан. Эфестен Суз қаласына дейінгі аралықты жалғаған 2400 шақырымды құрайтын «патша жолы» болды. Ахеменидтік жол тораптарында белгілі қашыктықта байланысшы атты адамдар тұрды, хабарды бірінен біріне айтып, мақсатты жеріне дер кезінде жүргізіп отырған. Байланыс жүйесін ежелгі парсылар «ангариетон» деп атаған. Геродоттың көрсетуінше, парсы патшасы Кир сақтарға жету үшін Сырдария өзеніне көпір салдырады, Дарий патшаның (521-189 жж.) тұсында Азияның көп бөлігі парсыларға белгілі болады. Жаңа жерлердің жайын білу мақсатында Дарий патша ең сенімді адамдарын жан-жаққа аттандырып, мәліметтер алып отырған.Ахеменидтіктер жүргізген соғыстар оған қатысқан әскерлердің құрамындағы сақтар, бактриялықтар, соғдылар және тағы басқа халықтарға алыстағы жолдармен, елдермен танысуға мүмкіндік берді.Батыстан Шығысқа баратын ежелгі сауда жолдарын былайша топтастыруға болады:- Еуропа мен Азияны жалғастырған құрлықаралық маңызы бар жолдар (мысалы, Ұлы Жібекжолы);




  • құрлықтық маңызы бар жолдар, бір құрлықтағы түрлі аймақтарды жалғастырды (мысалы, Бактрия мен Үндістанды);



  • аймактық маңызға ие жолдар (мысалы, Бактрия мен Соғды елін, Бактрия мен Хорезмді жалғастырған жолдар);



  • облыстық маңызы бар жолдар. Қала мен қала арасын, белгілі бір тарихи-мәдени аймақтың ішіндегі ірі елді мекендерді жалғап жатты;



  • соқпақ, сүрлеу жолдар болса, елді мекеннің өз ішінде болатын.

Жолдардың арақашыктығына келсек, құрлықаралық жолдар 10 мың шақырым, құрлықтық-бірнеше мың шақырым, жергілікті-бірнеше ондаған шақырым, сүрлеу жолдар бірнеше жүз метрден бірнеше оңдаған шақырымға дейін созылды.Ұлы Жібек жолынын бағыттары ауысып тұрғанымен, екі негізгі арнасы-оңтүстік және солтүстік жолды бөлуге болады.Оңтүстік жол Қытайдан шығып, Орта Азия арқылы Таяу Шығысқа, Солтүстік Үндістанға апаратын.Солтүстік жол Қытайдан Памирге, Арал бойы арқылы өтіп, төменгі Еділге және Қара теңіз бойына апаратын. Оңтүстік және солтүстік жолдың аралығында бірнеше жалғаушы, аралық бағыттар болды. Уақыт өте келе негізгі бағытқа қосылған жолдар тарамдалып, көбейе берді.Ұлы Жібек жолы қызметінің дамуы әртүрлі елдердің керуен жолдарына бақылау жасауға деген геосаяси қарсыластығына аса тәуелді болды. Ұлы Жібек жолының табысты қызмет eтyi үшін халықаралық саяси тұрақтылық қажет болатын. Екі жақты жетуге болатын: Еуразия кеңістігінен өтетін маңызды керуен жолдарын бақылауға алған үлкен империялардың құрылуы арқылы немесе сауданың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті ipi мемлекеттердің "әлемді бөлуі" арқылы. Көпестердің керуенінен салық алу Азиядағы керуен жолы ететін мемлекеттердің билеушілеріне жоғары табыс беретін. Көпестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, екінші шеті, Ұлы Жібек жолының үлкен бөліктеріне бақылау жасауға мүмкіндік алуға ұмтылды. Мемлекет ішіндегі соғыстар және орталықтанған биліктің құлауы Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар мен қоныстардың құлдырауына, керуендердің тоналуына жиі соқтыратын. Өз кезегінде Ұлы Жібек жолының белгілі бip бөлігінің қызметінің бұзылуына әкеліп соқты.Ұлы Жібек жолының тарихында бүкіл жолды бip ғана мемлекет бақылаған үш қысқа мерзімді дәуір болды.



  • VI ғасырдағы Түрік қағанаты;



  • XIII ғасырдағы Шыңғыс хан империясы;



  • XIV ғасырдағы Teмip империясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет