Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралыққазақ-түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы
БӨЖ Тақырыбы: Оқушылар ұжымын қалыптастыру және зерттеудің әдістемесі.
Тобы:ЖБЛ-212
Орындаған:Изенова Раушан
Қабылдаған:Данияров Т.
Жоспар I.Кіріспе II.Негізгі бөлім 2.1.Ұжымның түрлері
2.2.Ұжымды басқару мүшелері
2.3.Ұжвм дамуын басқару
III.Қорытынды IV.Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Ұжым (collectives –лат. «жинақтық») қоғамдық маңызды мақсаттар, ортақ құндылықты бағалау және бірігіп дасайтын қызметтер мен қарым-қатынас негізінде адамдардың әлеуметтік біріккен қоғамы деп қарастырылады.
Ұжымға псхологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі трактовкалар беріледі: солардың бірінде ұжым кез келген адамдардың ұйымдастырылған тобы, екінші жағдайда ұжым – ол топтардың ең жоғары дамыған сатысы.
Ұжым жеке индивидтің де жалпы қоғамның да немесе индивидтің және әлеуметтік қауымның қызығушылықтарын қамтиды. Жеке индивидтердің ұжымға қосылуы оның мақсаттық бірлігіне, қажеттіліктерінің құндылықты бағалаулары, қызметтерінің мотивтері тәртіптеріне негізделеді.
Ұжымның негізгі белгілері - қоғамның маңызды мақсаттардың болуы, олардың кезекпен дамуы, оқушылардың жүйелі түрде әртүрлі әлеуметтік істерге араластыру және бірлескен қызметтерді ұйымдастыру.
Ұжымның дамуына ең үлкен маңызы бар нәрселер қалыпты дәстүр мен бір-біріне көмек көрсету атмосферасының болуы, сенімділік пен талап, сын және өзін - өзі сынаудың дамуы, саналы дисцеплинаның болуы.
Профессионалды білім алу саласында ұжымдық бірлестік үшін маңызды ролді оқушыларға деген нақты талап жүйесі мен олардың жүріс – тұрысын иеленеді. Қоғамға пайдасы тиер азаматты тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп қойған педагог бірінші күннен бастап-ақ барлығына ортақ талап қоюуы тиіс. Бұл талаптардың қойылуы уақытына емес, әрбір педагогтың жалпы ұжымның үздіксіз әреккеті болуға тиіс. Егер оқушыларға мақсатқа бағытталған талапты ұжым емес бір ғана педагог ұсынса бұл нәтижесіз болмақ.
Оқушылар ұжымына деген жоғарғы талап – бұл тек қана олардың әрқайсысы үшін норма болып қалыптасуға тиісті ережелерді орындау ғана емес, осыған қажет шарттар да болып табылады. Осындай шарттардың бірі – педагогикалық ұжымның өзіндегі жоғарғы талап: педагогикалық жұмыскерлерге - админстрация, әр педагогты – жолдастарына, ал ең басты - өз -өзіне. Тек осылай ғана тәрбие жұмысында біріккен, ортақ, ұжымдық методиканы жасап шығаруға болады.
Біріккен талаптардың жүзеге асу маңыздылығы білім орындарының педагогикалық кеңесіне қарайды. Оқу және тәрбиелеу процесіндегі біріккен педагогикалық талаптардың мағынасын түсіндіру, олардың мазмұнын нықтау мен әдістеменің және оның жүзеге асуын қадағалау олардың, яғни кеңестің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Әрбір педагог оқушылар ұжымына немесе оның бір мүшесіне қойылатын талаптардың нақтыланған, сарапталған болуы керектігін жақсы біледі. Ал оқушылар болса мұндай жағдайда өздерін қалай ұстау керектігін өте жақсы білуі тиіс. Педагог оқушыдан не талап ету керектігін, ал оқушы өзіне қойылған талаптың қандай екенін түсінгенде ғана ұжымдағы талаптылық бекілген.
Ең мақсаты деп табылатын талаптар қатарына мыналар жатады:
- жалпы талаптар
- теориялық оқу сабағындағы оқушылардың өзін - өзі ұстауына қойылатын талаптар.
- шығармашылық оқудағы оқушыларға қойылатын талаптар.
- Жатаханадағы жүріс- тұрысына қойылатын талаптар.
Аталмыш талаптарды орындау оқушыларға оның мән-мағынасын, мазмұнын, жүйелік дайындығы мен бақылауын түсінуге көмектеседі. Түсіндіру немесе анықтау талаппен жүргізіліп отыру тиіс, оны алмастырудың қажеттігі жоқ . Талаптың міндеті орындалуын талап ете алатын және сол талаптарды категориялық формада ұсынып білетін оқытушылар мен шеберлер ғана мұндай біріккен, ортақ талаптардың орындалуына қол жеткізе алады.
Оқушының бұл талаптарды орындау маңыздылығы мен пеагогтың қатаң талабын түсіну өте қажет. Жүріс – тұрыс ережелерін орындау талабы оқушының бұйрығы түрінде де жүзеге асуы тиіс.
Қойылар талаптардың орындалуына оқушылардың еркін араласуы, яғни оқу орнындағы кезекшілік арқылы тәртіп сақтаулары да үлкен орынды иеленеді. Бұзылған тәртіп ережелері өз уақытында көңіл бөлінуі тиіс. Бірақ, бұл дифференциалды түрде, жүріс – тұрыс мотивтарын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл жағдайда индивидуалды әдіс ең маңызды педагогикалық жағдайлардың бірі болмақ .
Барлық талаптарды орындау жұмыстары тек оларды жүйелі бақылауға алғанда ғана жүзеге асады. Бақылау әсері оның үнемі жүргізіліп отыруына байланысты әрі оқушылар шығарылған қорытындыларды біліп отыруы тиіс.
2.1.Ұжымның түрлері
Алғаш ұжым – мұнда тәрбиеленушілер үнемі іскерлік және тұлғааралық өзара әсерде болады. Алғашқы ұжымның тұрақты және уақытша түрлері бар. Дамыту немесе жетілдіруге қатысты алғашқы ұжымды ұйымдасқан әр түрлі жетілдіру қызметтері (сыныптар, отрядтар, топтар); жетілдірудің бір ғана түріне негізделуі (кружоктар, клубтар, секциялар. т.б.); тұрғылықты жері бойынша оның немесе басқа түрлері негізінде ұйымдасқан жетілдіру іскерліктеріне ажыратуға болады. Жас ерекшеліктеріне қарай алғашқы ұжым құрамы бір жастағы адамдардан құралғандай, әр жастағы да болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымның міндеті — жеке адамның басқа адамдармен қарым- қатынасын оны қуанышты көңіл-күйге бөлейтіндей етіп орнату. Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады.
Гуманистік қатынас — ұжымдағы балалардың арасындағы байланыстарды дамытудық құралы. Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесіндеі жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.
Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады. Негізгі белгілері:
• сергектік, ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру.
• балалар арасында баңталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтык, бөлектенушіліктің болмауы.
• басқа ұжымдарға жолдастық көмек беруге дайын тұру.
Ұжымды басқару мүшелері.
Сәтті функцияланған оқушылар ұжымы оларды ортақ мақсаттарына қарай бағыттап отыратын ұжымның бас мүшелерін керек етеді. Ұжымның басты ұйымы жиналыс болып табылады. Оперативті тапсырмалардың орындалуы үшн староста және профорг сайланады. Топтың бас мүшелері осылар болады. Белсенді топтардың қарастыратын мәселелері төмендегілер: үлгерімді жоғарылату, нашар оқушыларға көмектесу, экзаменге дайындық, тәртіптің мықтылығы, мәдени шаралар жүргізу т.б.
Белсенді топтардың жұмыстары әр түрлі формада келеді. Олар: индивидуалды және топтық инструтаж, кеңесулер және тәжірибе алмасу семинарлары, т.б. Актив топтармен жүйелі түрде жұмыс жасау керек: индивидуалды кеңестерді активист жұмыстарын анализдеу; оның топтағы нақты тіркелген жағдайының тапсырмасын анықтау, кеңес рекомендацияларын белсенді қабылданғандығын тексеру , өзі үшін қандай қортыдылар жасады осыны барлығын тексеру. Топ кеңестерінде оқудағы қорытындылар, конференцияға дайындық,, шығармашылық қабілет мәселелері т.б. қаралады.
Белсенді ұйымдастыру – бұл тұтасқан, мықты оқушылар ұжымының ұйымдасуына алғашқы қадам болмақ .Мұндай ұжымдардың әрекеті тәрбиесіне де зор үлесін қосады. Сапалы білім мен тәрбие алудағы басты ролді оқушылардың өздері иеленуі тиіс. Ұжымның жұмысын оның мүшелері жауапкершілікті тек өздері үшін ғана емес жалпы ұжым үшін де сезінетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Ұжымды қалыптастыруда, ұжым мүшелеріне тапсырмалардың дұрыс бөлінуі де маңызды орын иеленеді. Әрбір оқушы өз тапсырмасын орындау барысында топ ісіне өз үлесін қосып отырады. Сондықтан,еңбек тәртібіне, жүріс-тұрыс мәдениетіне, еңбек қауіпсіздігіне дайын өнімді тапсыру мен ОТК –ға жауаптыларды тағайындау керек.
Ұжым уақытша, оқушылық, тәрбиелік болып бөлінеді.
Уақытша ұжым - шектеулі уақытта құрылып, берілгені уақыт көлемінде өз қызметн атқарып, өмір сүруін тоқтады.
2.2..Ұжымды басқару мүшелері.
Сәтті функцияланған оқушылар ұжымы оларды ортақ мақсаттарына қарай бағыттап отыратын ұжымның бас мүшелерін керек етеді. Ұжымның басты ұйымы жиналыс болып табылады. Оперативті тапсырмалардың орындалуы үшін староста және профорг сайланады. Топтың бас мүшелері осылар болады.
Старостаны жиналыста жақсы оқитын оқушылар қатарынан сайлап, оны оқу орнының директорының рұқсатымен бекітеді. Егер староста өзіне жүктелген қызметті дұрыс орындай алмаса, топ басқа старостаны талап ете алады. Староста оқу ісі меңгерушісінің басшылығында қызмет жасап, оған есеп беріп отырады.
Топ старостасы (топ жетекшісі): мұғалімдерге сабақ өткізуді дайындауға көмектесуге, оқушыларды ішкі тәртіпті сақтаумен қамтуға, тәртіп бұзылған жағдайды топ жиналысында мәлімдеуге, кезекшіні тағайындап, оның өз міндетін атқаруын қадағалауға, топы әр түрлі кружоктар мен спорттық секцияларға қызықтыруға міндетті болып табылады. Профоргпен бірге староста сынып оқушыларының тәрбиесі туралы жиналыс өткізеді.
Белсенді топтардың қарастыратын мәселелері төмендегілер: үлгерімді жоғарылату, нашар оқушыларға көмектесу, экзаменге дайындық, тәртіптің мықтылығы, мәдени шаралар жүргізу т.б.
Белсенді топтардың жұмыстары әр түрлі формада келеді. Олар: индивидуалды және топтық инструтаж, кеңесулер және тәжірибе алмасу семинарлары, т.б. Актив топтармен жүйелі түрде жұмыс жасау керек: индивидуалды кеңестерді активист жұмыстарын анализдеу; оның топтағы нақты тіркелген жағдайының тапсырмасын анықтау, кеңес рекомендацияларын белсенді қабылданғандығын тексеру , өзі үшін қандай қортыдылар жасады осыны барлығын тексеру. Топ кеңестерінде оқудағы қорытындылар, конференцияға дайындық,, шығармашылық қабілет мәселелері т.б. қаралады.
Белсенді ұйымдастыру – бұл тұтасқан, мықты оқушылар ұжымының ұйымдасуына алғашқы қадам болмақ .Мұндай ұжымдардың әрекеті тәрбиесіне де зор үлесін қосады. Сапалы білім мен тәрбие алудағы басты ролді оқушылардың өздері иеленуі тиіс. Ұжымның жұмысын оның мүшелері жауапкершілікті тек өздері үшін ғана емес жалпы ұжым үшін де сезінетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Ұжымды қалыптастыруда, ұжым мүшелеріне тапсырмалардың дұрыс бөлінуі де маңызды орын иеленеді. Әрбір оқушы өз тапсырмасын орындау барысында топ ісіне өз үлесін қосып отырады. Сондықтан,еңбек тәртібіне, жүріс-тұрыс мәдениетіне, еңбек қауіпсіздігіне дайын өнімді тапсыру мен ОТК –ға жауаптыларды тағайындау керек.
Ұжым уақытша, оқушылық, тәрбиелік бщлып бөлінед.
Уақытша ұжым - шектеулі уақытта құрылып, берілгені уақыт көлемінде өз қызметн атқарып, өмір сүруін тоқтады.
Бұл ұжым өзінің уақытша екеніне қарамастан тұлғааралық қарым-қатынас пен уақытша ұжымдағы жұмыс істеу деңгейі жоғары болуы мүмкін. Бұл ойлары, қажеттіліктері бір жерден шыққан оқушылар мен оқытушылар тарапынан жүзеге асады.
Профессионалды оқу орнының ұжымы басқа ұжымдардан өзінің оқыту жұмыстарымен ерекшеленеді. Мұндай іскерліктің мақсаты тек қана білім алу емес, сондай-ақ қабілеттілік, кей жағдайда тіпті өнімі шығару болып табылады. Аталмыш ұжымға қатынас спецификацияся ондағы оқушылардың жас ерекшеліктерімен және педагогикалық емес ұжым құрылымымен анықталады. Топты басқару өндірістік оқытудың шебері және сынып жетекшісінің басшылығымен жүзеге асады.
Ұжым құрылымының нәтижесінің көрсеткішіне: ортақ пікір білдіру мен талпыныс таныту тұтастығы, мақсатқа жетудегі бірізділік және табандылық, іскерлік және тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру және сақтап қалу шеберлігі жатады.
Тәрбиелік ұжым оның мүшелерінің өзін-өзі тануына, дамытуына зор үлес қосады.
Оқыту ұйымы басқа әлеуметтік ұйымдарда оқитындарға тәрбие әсерін ескере алмайда. Олардың ішінде әншілер, суретшілер, спортшылар т.б. маңызды орынды иеленеді.Ұйымдар өмір сүру уақытымен (уақытша және тұрақты) басқару формасымен
( формалды емес ұйымдар) , кәсіпкерлік мазмұнымен ( қоғамдық – политикалық, потриоттық, танымдық т.б.) классификацияланады. Мұндай шағын ұйымдар оқушылар мен мұғалімдердің бірігіп, жеке экономикалық мәселелерді шешіп отыру үшін құрған топтары. Бос уақытқа арналған ұйымдар оқушылардың сенімділігін , мәнерлі сөйлеуін, қабілеттерін, адамдармен қарым- қатынасын жасау мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі.
2.3.Ұжым дамуын басқару. Оқу орнында педагог пен оқушы алдында тұрған тапсырмаларға барлық оқушы өзінің қатынасын сезінетін қалпын жасауы керек. Бұл жағдайда оқушылардың өз ұжымын басқару басты орынды иеленбек. Өзін басқарудың дамуы әлеуметтік қарым-қатынасты сезінуге көмектеседі.
Өзін- өзі басқаруды түсінудің жаңа әдісі оқушылардың әлеуметтік қалыптасу шарттарының пайда болуын болжайды. Ал бұл ұжымдағы күрделі мәселелерді шешуімен қамтамассыз етеді. Оқушылар осындай күрделі мәселелерді шешуге атсалысу барысында, өмірде кездесетін қиындықты төтеп бере алатын қасиетке ие болады. Басқарушылық проблемаларының шешімін табу позициясы олардың бірлескен іскерлікке деген қатынасына тәуелді болады.
Оқушылардың өзін -өзі басқару – қоғамдық маңызды мақсаттарға жету үшін өздігінен жеке шешімдер қабылдауды дамытудағы оқушылар ұжымындағы ұйымның формасы. Өзін -өзі басқару ол оқушылардың таңдау мен алға қойылған мәселелерді өзі шешім қабылдайтын жағдайда ғана пайда болады. Сонымен ұжымның дамуы мен қалыптасуында шешім қабылдау ғана бастау болады.