Қорытынды Қортынынды шығару, ұжымдық рефлекция ұжым мүшелерінің кезең-кезеңімен ұжымдық қызметтің бірлесе отырып жасауға жаңа мақсат қоюына әкеледі.
Өзін-өзі басқару оқушылардың кез-келген қызметтері түрінде дамыды. Тез дамыған сайын қызығушылар көлемі де кеңейе түседі.
Өзін-өзі басқарудың спецфикалық қызметтерін мақсатты түрде бөлу Соларға өзін-өзі реттеу, ұжымдық өзін - өзі бақылау.
Өзін-өзі активациялау - әртүрлі сферадағы істердің жүйелі орындалуына жііне басқару мәселелерінде шешім қабылдауда мүшелер санын көптеп кірістіруді қарастырады.
Ұйымдастырудың өзін-өзі реттеу - ұжымның өзінің құралын ұйымдастырудың мәселелерін шешуде одан әрі жақсарту үшін және ұйымдастыру қызметтерін шешуде ұжым мүшелерінің табандылығы мен белсенділігі және авторитеті дегенді ұғындырады.
Ұжымдық өзін-өзі бақылау – жеке ұйымдастырушы мен өзін-өзі басқару органдарының өзінің атқаратын іс-шараларына өзін-өзі таңдау, үнемі анализ жасап отыру – басқарудағы мәселелерге қолайлы шешім табуға жол іздеу үшін қолданылады.
Өзін-өзі басқарудың дамуында өндірістік оқыту шеберінің ролі міндетті. Оның оқушыларға олардың мүмкіндіктері мен жауапкершіліктерін түсіндіріп отыру өте маңызды. Шебердің басты мақсаты – оқушылардың белсенділігін арттырып, іскерлік түрі мен ұйымдастыру формасын таңдауға көмектесу.
Ұжымдағы өзін-өзі басқарудың дамуындағы жетекші факторлардың бірі - бұл оқушылардың іскерлік белсенділігін арттырып қана қоймай, қарсыластық рухпен жігерлендіретін топаралық бақталастық қарым-қатынас. Тек мұндай қарым-қатынастарды барынша адамгершілік құндылықтармен толықтыру керек, бұл оларды адалдыққа баулиды. Педагогтар өзара көмекке бағытталған іскерлікті қолдануы керек.
Барлық оқу орындарындағы ұжымындағы оқушылардың өзін-өзі басқарудағы дамуы топтағы өзін-өзі басқарудағы дамуымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу орындарындағы өзін-өзі басқару олардың алға қойған тапсырмаларын орындауға бағытталған. Топ ұжымы өзінің өспелі және тұрақты құрамымен олардың әрқайсысы үшін қоғамдық іскерлікке араласу мүмкіндіктерінжасайды. Сондықтан оқу орындарындағы өзін-өзі басқару топтық ұжымдардың инциативасы мен дербестігін шектемеу керек.
Педагог оқу орындарындағы өзін-өзі басқару қалай жүзеге асыратылатындығын қадағалап отыру тиіс. Бұл үшін білім алушылармен сауалнама жүргізу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Аймауытов Ж .Тәрбиеге жетекші. Орынбор, 1924.
2. Аймауытов Ж. Сабақтың комплекстік жүйесі. Қызылорда, 1929.
3. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы, 1980.
4. Алтынсарин тағылымы. ( Құрастырған М. Жармұхамедов ) Алматы, “ Жазушы ”, 1991.
5. Амонашвили Ж.А. Здрасвствуйте, дети! Москва “ Просвещение ”, 1983.
6. Антология педагогический мысли Казахстана. Алматы, “ Рауан ”, 1995.
7. Ахмедова Ж. Мектеп басқарудың кейбір мәселелері. Алматы, 1973.
8. Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Алматы, 1996.