Мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету Жергілікті атқарушы органдар:
Есепке алып, баспанасыз мүгедектерге үй береді
Мүгедектер мен отбасылық құрамында мүгедек бер жанұяға баспана кеңістігі жабдықтары мен арнайы құралдар мен жабдықтармен қамтамасыз етеді Мүгедектерді жұмыспен қамту Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмыспен қамтуды мына жолмен қамтамасыз етеді:
қызмет орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орындарынан квота бекіту
жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру
арнайы, сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру
мүгедектерді кәсіби оқыту ұйымдары
Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімшілік) жұмыс орындарының жалпы санына байланысты 3 пайыздық көлемде квота бөледі; жеке кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын бөледі, сонымен қатар Қазақстан республикасының заңдылығына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарын анықтап, мүгедектерге кәсіби білім беру қарастырылған. Еңбек қарым-қатынасы тұрғысынан мүгедектердің хұқықтары заңмен негізделген. Еңбек келісім-шартынан бас тарту, басқа қызметке ауысу мүгедектердің өз келсімінсіз жүзеге аспайды, керсініше жағдайда, егер мүгедектің денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық танытатын болса, жұмыстан босатылады.
Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы оларға әлеуметтік, медициналық және әлеуметтік, кәсіби жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты бағыттағы қоғамдық өмірге оралтуға байланысты өткізілетін шаралармен жүзеге асады. Сонымен бірге, еңбекке жарамсыз болған жағдайдағы міндетті сақтандыру төлемдері заңмен қарастырылған. Ауру, жарақат алу, мертігу салдарынан болған әлсіздікті жою бағытында диагностикалық, емдеу және қалыпқа келтіру сияқты медициналық сауықтыру шаралар жүргізіледі. Мүгедектерді әлеуметтік сауықтыру мүгедектердің әлеуметтік статусын, олардың әлеуметтік-тұрмыс және әлеуметтік-орталыққа үйрету мақсатында жүргізіледі. Оған мүгедектерді әлеуметтік, техникалық көмек құралдарымен, көлік және рекреакциялық құрылымдармен, ақпараттық ортамен қамтамасыз етілуін және материалдық, әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету кіреді.
Қосымша көмек қажет ететін мүгедектердің әлеуметтік қамтамасыз етілу жүйесіне республикада мед-әлеуметтік мекемелердің, әлеуметтік қорғаудағы территориялық орталықтардың және үйде жеке көмек көрсету сияқты мүмкіндіктері кіреді. Интернат-үйлерінде тұратын мүгедектер мен қарттарға медициналық, әлеуметтік-тұрмыс жағынан, әлеуметтік адаптация, еңбекке жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты көмектер көрсетіледі. Республикамызда мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік көмек көрсететін, медициналық, әлеуметтік және кәсіби даму, мүгедек-балаларға білім беру бағдарламасын жасау, моральды-психологиялық жағынан қолдау көрсету, олардың хұқықтары туралы ақпарат беретін 13 территориялық орталықтар бар. Заңға сәйкес мүгедектер сауықтыру бағдарламаларына орай протез-ортопедтік көмекпен, қозғалуға байланысты әлеуметтік жабдықтармен, сурдо-тифложабдықтармен және басқа да техникалық құралдармен, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен бөлінетін мемлекеттік тапсырыс бойынша сауықтыру-курорттық емдеу шаралымен қамтамасыз етіледі.