Дін (араб.- сенім, наным, латынша- сенім, құдайшыл, табыну) — дүниетаным не дүниені қабылдау, сондай-ақ Жаратушының барлығына сену негізіне сәйкес өзін — өзі ұстау
Глоссарий Дін (араб.- сенім, наным, латынша- сенім, құдайшыл, табыну) — дүниетаным не дүниені қабылдау, сондай-ақ Жаратушының барлығына сену негізіне сәйкес өзін — өзі ұстау.
Анимизм (лат.апіта — рух, жан) — заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін термин. Бұл терминді ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б Тайлор (1832- 1917) енгізген. Оның пікірінше А. Кейінгі дамыған діндерге апаратын баспалдақ есебінде болады. Табиғи құбылыстар да қасиетті мағынаға ие болады, олардың рухы және иесі бар делінеді.
Монотеизм (грекше: μονος — бір, θεος — Құдай) – тек бір ғана Құдай – Аллаһ тағала бар екендігіне негізделген сенім; осы доктринаға негізделген сенімнің діни жүйелері. Маңызды әлемдік діндер ішінде тек Яһуди, Мәсіхшілік және Ислам монотеистік болып табылады және шығу тегі бір.[1]
Иллюзия – өмір шындығының теріс, жаңсақ қабылдануы. Иллюзия – көбінесе танымға жат, түсініп болмайтын бейнелер түрінде көрінеді. Ол дені сау адамдарға да елестеуі мүмкін. Мыс., орманда келе жатқан секемшіл жолаушыға бәзбір бұта тығылып тұрған жол торушы секілді болып көрінуі мүмкін.
Редукционизм — (лат. Қайта оралу) — біртектес құбылыстың сапалық деңгейін басқа құбылысқа телитін әдістеменің бір түрі. Редукционизм бұл психологияның өзіндік заңдылықтар мен тетіктерін ескермей, тіпті оларды шығаруға тырысып, оның ғылымдағы орнын елемеушілік. Психикалық құбылыстарды жанама эпифеномендік құбылыс ретінде қарастыруы жеке адамның сана-сезімі мен әрекетінің ерекшелігімен есептеспеу ғылыми тұрғыдан дұрыс болмайды.[1]
Саентология (сонымен қатар сайентология, ағылш. Scientology, лат. Scio және көне грек λόγος — «білім мәні») — негізі америкалық жазушы-фантаст Рон Хаббардпен жасалынған халықаралық қозғалыс
Теология (гр. Theos – Құдай және гр. Logos – ілім, сөз) – Құдай жайлы дін ілімі. Теология ұғымын зерттеушілердің дені теистік діни ілімдермен байланыстырады. Теология ұғым ретінде христиан діні келгенге дейінгі Платон еңбектерінде де кездеседі. Платон бұл ұғымды өзінің Құдай жайлы ілімінде қолданбаса да, филос. Тұрғыдан талданатын мифологияға байланысты қолданған. Кейіннен теология термині Гомер, Гесиод, Орфейдің поэмаларына қатысты қолданылып, оларды теолог деп атады.
Философия (кейде «Пәлсапа», грек. Φιλοσοφία, philosophia, мағынасы: Даналықты сүю[1][2][3]) — жалпы және фундаменталды сауалдар туралы зерттеу болып, ол болмыс, болу, білім, құндылық, ақыл, зерде және тіл секілді өзекті проблемаларға бағытталады.
Мифология (грек. Мythos – аңыз және logos – ілім) – 1) адамдардың жаратылыс туралы түсінігіне негізделген мифтердің жиынтығы; 2) мифтердің шығуын, мазмұнын, таралуын зерттейтін ғылым;
Антропоморфизм (французша anthropomorphisme басқа грек тілінен аударғанда ἄνθρωπος - «адам», μορφή - «көрініс, бейне, пішін» [1] [2]) – адам бейнесін және оның қасиеттерін жансыз заттар мен жануарларға, өсімдіктерге, табиғат құбылыстарына беру , табиғаттан тыс тіршілік иелері, дерексіз ұғымдар, т.б.[3][2][4][5]
Діни сенім — адам баласының Жаратушы иеге, пайғамбарларға, қасиетті кітаптарға, періштелерге, ұлы есеп күніне, әрбір жақсылық немесе жамандықтың Құдайдан келетіндігіне сенуді бір сөзбен діни сенім деп атауға болады. Осыларға сену тұрғысынан адамдар бір-бірінен ерекшеленеді.
Католик шіркеуі немесе Рим-католик шіркеуі (лат. Ecclesia Catholica Romana) — ең ірі христиан шіркеуі: бүкіл әлем бойынша 1,2 миллиардтан астам табынушылар орталықтандырылған жүйеге ұйымдасқан[1]. Бұл бүкіл әлемдегі ең көне діни институттардың бірі болып табылады[2] және Батыс өркениетінің тарихында елеулі рөл атқарған.
Ислам (араб.: إسلام) — әлемдік монотеисттік-авраамдық дін. Христиандықтан кейін дүниеде ең көп таралған дін. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Алланың заңдарына)[1] «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады
Буддизм (санскритше – बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) — дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады.
Индуизм — әлемдегі ірі діндердің бірі.
Индуизм б.д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар:Қасиеттері істер жолы;Таным жолы;Адалдық жолы.