Тақырыбы: Интернет желісіне жалпы сипаттама және Рунет
Пән атауы: CCNAV7: КОММУТАЦИЯ, БАҒЫТТАУ ЖӘНЕ СЫМСЫЗ НЕГІЗДЕР
Орындаған: Балтабаев А,Сейтек Е.
Тобы: ПСк-20-7
Қабылдаған: Сыдыбаева М.
Интернеттің негізін қалаған 1969 жылы АҚШ қорғаныс Министрлігінің сұрауымен құрылған ARPANet желісі болды.
Интернеттің негізін қалаған 1969 жылы АҚШ қорғаныс Министрлігінің сұрауымен құрылған ARPANet желісі болды.
Сонымен қатар басқа елдерде де халықаралық желілер құрылды. Қазір Интернет түрлі елдерде мыңдаған желілер мен жүздеген миллион қолданушыларды байланыстырып отыр.
Интернетке қосылудың физикалық принциптері.
Интернетке қосылудың физикалық принциптері.
Ауқымды желіге тікелей қосылу қымбатқа түседі, сондықтан қолданушылардың компьютерлері Интернет желісімен негізінен интернет-провайдерлер арқылы байланысады
Интернет-провайдер - әртүрлі байланыс жүйесіндегі клиенттік компьютерлердің Интернетпен қосылуын қамтамасыз ететін компьютерлік түйін.
Интернет-провайдер - әртүрлі байланыс жүйесіндегі клиенттік компьютерлердің Интернетпен қосылуын қамтамасыз ететін компьютерлік түйін.
Демек, клиенттік компьютерде Интернетпен жұмыс жасау үшін сәйкес байланыс жүйесімен қосатын құралдың болуы жеткілікті.
Провайдермен байланысудың келесі түрлері бар:
Модемдік байланыс. Ең қарапайым және арзан, сол себепті Интернетпен қосылудың ең кең тараған (тым болмаса өз елімізде) әдісі болып табылады.
Мәліметтерді телефон желісі арқылы жеткізу құрылғысы модем деп аталады.
Модемнің негізгі атқаратын міндеттері:
Модемнің негізгі атқаратын міндеттері:
- телефон номірін автоматты түрде теру;
- желінің келесі шетінде модеммен байланысты автоматты түрде орнату;
- сандық мәліметтерді аналогтық сигналдарға ауыстырып, оларды байланыс желілеріне жеткізу;
- байланыс желілерінен аналогтық сигналдарды қабылдап, оларды сандық мәліметтерге ауыстыру;
- факстік хаттарды қабылдау және жіберу;
- автожауапкер (автоответчик) қызметін атқару.
Модемдік байланыстың ерекшелігі, Интернетпен байланысу сеансы кезінде телефон уақытша қызмет етпейді. Мұндай байланыстың теориялық байланыс жылдамдығы 56 Кбит/с-қа жетеді.