Соған орай, оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
Түрлі сабақтан тыс әрекеттер оқушының сабақта көрінбейтін жеке дара қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік береді. Сабақтан тыс жұмыстардың әртүрлілігі оқушының өздігінен жүзеге асыруына, өзінөзі жоғары бағалауына, сенімділігін арттыруға жағдай жасайды. Оқушының түрлі сабақтан тыс жұмыстарға қатысуы оның жеке тәжірибесін байытады, адам әрекетінің түрлілігі жайлы білім береді, қажетті тәжірибелік дағды мен шеберлігін қалыптастырады. Ынтымақтастық дағдыларды қалыптастыру және ұжымдық өмірге тәжірибе жинау үшін қолайлы шарттарды жасау. Оқу еңбегі өзінің ерекшелігіне байланысты ұжымның топтасуына қолайлы негіз бола алмайды. Ал, сыныптан тыс әрекеттер, ұжымды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасайды. Мұнда оқушылар өзара жан-жақты қарым-қатынаста болады. Сыныптан тыс жұмыстың түрлі формаларында оқушылар өздерінің жеке дара қабылеттіліктерін көрсетіп, ұжымда өмір сүруге үйренеді. Сонымен қатар, сыныптан тыс жұмыстар белгілі бір аспектілерде оқушылардың ұжымдық қарым-қатынас тәжірибесін байытады, осының бәрі үлкен оқутәрбиелік нәтиже береді.