Тобы: спиС 21-1 Қабылдаған: Рсымбетова Нуржамал Жоспары


Қазақ хандығы тұсындағы ислам діні



бет3/5
Дата23.09.2022
өлшемі34,51 Kb.
#40038
түріСабақ
1   2   3   4   5
Қазақ хандығы тұсындағы ислам діні. XV ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығы құрылар кезеңде, Орталық Азия мен Дешті Қыпшақта Ислам дінін насихаттаған негізінен Яссауи және Нақшабанди тариқаттары (сопылық мектептер). Яссауи тариқаты көшпелілердің дәстүрлі кодификациясы –Шыңғыс ханның «Ұлы Ясасы» мен шариғат заңдарын қатар ұстанып, дәстүр мен дінді ұштастыра білсе, Нақшбанди тариқаты шариғаттың фундаментальды қағидаларын қатаң ұстануымен ерекшеленген. Бұл кезеңде көшпелі қазақ халқының табиғатымен шариғаттың фундаментальды қағидалары үйлесе бермейтін. Мәселен, шариғаттың ағайынды адамдардың некелесуіне рұқсат беруі – жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрін берік ұстанатын рулық-тайпалық құрылымдағы түркі тайпаларының мүддесіне теріс келетін. Сондай-ақ, шариғаттағы ниқаб кию дәстүрі түркі халқының дәстүріне мүлдем сәйкес келмейтін. Қазақ әйелдері кимешек, орамал, жаулық киген. Бірақ, ешқашан аузы-мұрнын тұмшаламайтын. Қазақ хандығы құрылған шақта (1465 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас аймақтарында негізін салды), бұл мемлекеттің ресми діні – Ислам діні болды, әрі мұсылмандық құқықтық нормаларға жүгінді. Ислам дінін ұстанған түркі тайпалары Қазақ хандығына мүшелікке өтті. Ал Ислам дінін қабылдамаған тайпалар «қазақ» бола алған жоқ. Мысалы, көрші ойрат, ұранқай, қырғыздың құрамында Қазақ халқын құраушы Найман, Қыпшақ. Керей, Қоңырат сияқты тайпалардың аталықтары кездеседі. Бұлар Ислам дінін қабылдамағандықтан, Қазақ хандығына мүшелікке өте алмады. Яғни, Қазақ халқын бір кеңістікте өмір сүрген діни сенім-нанымы, салт-дәстүрі, саяси мүддесі бір түркі тайпалары құрды. XIV ғасырлық тарихшы Муғин әд-дин Натанзи «Ескендір анонимі» еңбегінде Жәнібек хан туралы «Оның әділдігі Ануширван (парсы патшасы) әділдігінен бір де кем соқпайды. Ол өзбек ұлысын тұтас Исламға бағындырды, пұтқа табынушылардың храмдарын түгел қиратып, көптеген мешіт, медресе салдырды. Ислам дінін ұстанған адамдардың жағдайларының жақсы болуына басты назар аударды. Жан-жақтағы неше түрлі оқымысты, ғалымдар осы сарайға қарай ағылды. Елдегі әмірлердің ұлдары білімдерін жан-жақты жетілдіріп ғылымғы мойын бұрды, олар заманының озық ойлы азаматтарына айналды. Исламның басқа елдерде ұстанатын әдет-ғұрып, салт-жораларын бұл мемлекетке енгізген сол», - деп жазған. Мұндай деректемелер ортағасырлық түркі деректемелерінде де (Шыңғыснама) кездеседі. Ислам дінінің Дешті Қыпшаққа жерсінуіне шариғат заңдары мен салт-дәстүрді сабақтастыра білген жергілікті дін қайраткерлерінің еңбегі зор болды. Қазақ халқы көшпелі ғұмыр кешкеннен кейін мешіт-медресе ұстай алмады. Бірақ, қазақ халқы Исламмен бейбіт уағызшылардың насихаты арқылы танысты. Дін уағызшылары Исламды халықтың таным-түйсігіне қарай жырмен, өнермен насихаттады. Қарахан дәуірінде негізі салынған хикмет ілімі жыраулар дәуіріне ұласып, олардың насихатымен қазақ халқы Исламға шын мәнінде мойынсұна бастады. Осы тұрғыда Сайф Сарай, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Доспанбет, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар т.б жыраулардың сіңірген еңбегі ерен еді. Ал, қожа-молдалар қазақ халқының тұрмыс-салтта Исламды қалай ұстану керектігіне баулыды. Алаштың қайраткері Х.Досмұхамедұлы Самарқанд шаһарындағы «Тіллә-Қари» және «Ширдар» медреселерін салдырушы қазақтың батыры Жалаңтөс екендігін жазады. Сонымен қатар, ғалым «Бұқарадағы «Көкілташ» медресесінің салынуы» атты мақаласында да аталған медресенің салыну тарихын қазақтан шыққан Көге деген адаммен байланыстырады. Қазақ жұртының діни тарихы, рухани мәдениеті Орта Азия халықтарымен ортақ байланыста болып, тығыз дамыған. Мұны тарихшы ғалым Н.Нұртазина «Народы Туркестана: проблемы Ислама, интеграции, модернизации и деколонизации на рубеже ХІХ-ХХ веков» атты монографиялық еңбегінде Түркістан жұртының (жалпы Орта Азия халықтарының) діни сенімі мен рухани байланыстары ортақ, бірлікте болғандығын ғылыми түрде дәлелдейді. Сондықтан қазақтың діни ілімі мен дін тарихы туралы сөз қозғалғанда, Орта Азияның ірі діни ошақтары болған Бұқара, Самарқан, Хиуамен байланысты қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет