токтың өзгеруіне қарама-қарсы әсер етіп, оның өсуін кідіртеді (21-сурет). Ток біртіндеп өскен кезде қоршаған ортада ток көзі шығындаған энергияның бір белегі жинақталады.
Тізбектегі ток өзінің тұрақталған мәніне I=U/R жеткен кезде, оның өсуі токталады және өздік индукция ЭҚК-і жоғалады. Сонымен, тізбек қосылғанда электр энергиясы көзінің кернеуі R кедергіні жеңуге шығындалып қоймай, өздік индукцияның ЭҚК-ін жеңуге де шығындалады, яғни
U = iR+ (-eL) = {IR + L Δi/Δt) (2.36)
Осы кернеу теңдеуін іΔt-ға көбейтіп, тізбектің энергетикалық теңдеуін аламыз.
UiΔt = i2RΔt + LiΔt (2.37)
Осы теңдеудің сол жақтағы бөлігі электр көзінің тізбекке Δt уақыт ішінде берген энергиясын өрнектейді. Теңдеудің оң жағындағы бірінші мүше сол уақыт ішінде R кедергіні қыздыруға кеткен энергияны анықтап тұр. Теңдеудің оң жағындағы екінші мүше Δt уақыт ішінде ток Δі-ге үлкейгенде магниттік ағында қорланатын энергияны аныктап тұр, яғни
ΔWu = LiΔi = ψΔi (2.38)
21 Сурет – Индукциялық тізбекке токтың қосу графигі
Егер магнит өрісінде ферромагниттік материалдар болмаса, онда магниттік ағын Ф, демек, ағын тұтасуы ψ-да ток I-ге тікелей пропорционал. Ағын тұтасуының токқа тікелей тәуелділігі, графикалық түрде 22-суретте, координат басы арқылы өтетін және ток осімен ψ мен I үшін таңдап алынған масштабка тәуелді, а бұрышын жасайтын тіке сызықпен бейнеленген. Графикте магнит өрісінің энергиясы ψΔі штрихталған ауданмен өрнектеледі. Магнит өрісі, тұрақталған ток I=U/R мәніне лайықты Ф = wI/Rм мәніне жеткен кезде, өздік индукция ЭҚК-і жойылады және магнит өрісіндегі эиергияның қорлануы токталады. Магнит өрісінде қорланған энергия Wuтізбектегі ток 0-ден тұрақталған мәні I-ге дейін өскен кезде, графикте барлық ψΔі аудандардың қосындысымен айкын далады, яғни катеттері ψ және I тікбұрышты үшбұрыштың ауданымен айқындалады, яғни
WM =ψI/2 = LI2/2 (2.39)
Кейбір есептеулер үшін, магнит өрісінің үлесті энергиясы деп аталатын, магнит өрісінің көлем бірлігіндегі қоры керек болады. Алғы формулада
ψ = wФ= wBS және
wI=lН
ауыстырып, теңдіктерін аламыз,
Wм/lS=WM/V=BH/2
мұндағы V = lS — бірқалыпты магнит өрісі алып тұрған көлем.
22 Сурет – Магнит өрісінде энергия жиналуының
графикалық өрнектелуі