мұндағы теріс таңба белгісі индукцияның ЭҚК-і тудырған ток осы ЭҚК-і тудыратын себептерге қарама-қарсы әсер ететінінкөрсетеді.
Тұйыкталған контурдағы индукцияның ЭҚК-нің тууы осы кон-турдың магнит өрісіндегі қозғалысынан пайда болумен қатар, қоз-ғалмайтын контурды тесіп өтетін магниттік ағынының өзгеруінен де пайда болады.
Егер контур тізбектеліп қосылған w орамдардан түрса, онда индукцияланган ЭҚК
е = -w ΔФ/Δt (2.18)
ағын тұтасуы деп аталады, сондықтанда, орауышта индукцияланған ЭҚК
е = -Δψ/Δt (2.20)
Электрмагниттік индукция заңын көрсететін бұл формула электртехникалык аппараттар мен электр машиналарының орамаларында индукцияланатын ЭҚК-ті табу үшін негіз болады.
Егер контур магниттік ағынның тек қана бір бөлігімен қамтылса, онда индукцияның ЭҚК-і бүкіл ағынның өзгеру жылдамдығына тәуелді болмай, тек қана оның бөлігіне тәуелді болады. Қабырғалары l(м) мен h (м)-ге тең тікбұрышты тұйықталған өткізгіш абвга (19-сурет) контуры магнит өрісінде орналасқан деп алайық, оның магниттік индукциясы барлык нүктелерде В (Тл)-ға тең және сурет жазықтығының артына карай бағытталған дейік. Контур, сурет жазықтығында қала тұрып, бір қалыпты жылдамдықпен жоғарыдан төмен қарай орын ауыстырсын және 1секунд арасында магнит өрісі шегінен шығып кетсін. Өткізгіштің абвга контуры төмен қарай орын ауыстырғандықтан, контурды тесіп өтетін магниттік ағын кемиді. Сондықтан да индукцияның ЭҚК-нің бағыты магниттік сызықтардын бойымен бұралатын бұранданың тұткасының айналмалы қозғалысының бағытымен сәйкес келеді, яғни сағат тілі бағытымен қозғалады. Осы ЭҚК-і мынандай ұғыныстардан анықталады. Өткізгіш контурымен шектелген аудан
Магниттік ағынның шегінен шығып кету үшін, яғни магниттік ағынды Ф ден нольге дейін немесе ΔФ = Ф шамасына дейін өзгерту үшін Δt = t болуы қажет. Сондықтан
Е =ΔФ/Δt (2.23) немесе
E = Blh/t (2.24)
Өткізгіштің жүріп өткен h жолын уақыт t-ға бөлгеннен шыққан бөлінді осы өткізгіштің қозғалу жылдамдығы болып табылады. Оны v әрпімен белгілесек, E = Blv (2.25)
болады. Егерде осы формулада магниттік индукция В тесламен, ұзындык l - метрмен және жылдамдык v — метр белінген секундпен (м/с) берілсе, онда индукцияның ЭҚК-і вольтпен өлшенеді. Бұл формула магнит өрісіндегі өткізгіш, осы өрістің магниттік сызықтарына перпендикуляр бағытта орын ауыстырып отырса ғана дұрыс болады. Егерде өткізгіш магниттік сызықтарды қандай да болмасын бұ-рышпен қиып ететін болса, онда E = Blv, мұндағы а-өткізгіштің қозғалу бағыты мен магниттік индукция векторының (магниттік сызықтардың) бағытының арасындағы бұрыш. Индукциялық токтар тек қана оқшауламаланған өткізгіштер мен орамаларда ғана пайда болып қоймай, өзгеріп отыратын магнит өрістерінің әсерінде тұрған генераторлардың тұтас металл массаларында, электрмагниттік аппараттар мен механизмдерде пайда болады. Құйындық деп аталатын бұл токтар приборлардың бөлшектерін қыздыратын, жылуға айналған энергияның қосымша шығындарына әкеп соқтырады. Әрине, бұл жағдайларда осы ток-тардың жұмысы пайдасыз болуымен қатар зиянды да. Құйындық токтардың әсерін бәсеңдету үшін өзектерді окшау-ламаған болат табақшалардан әдейілеп жинап құрастыру тәсілі қолданылады. Электрмагниттік кұрылғылардың (трансформатор-лардың, дроссельдердің, электрқозғалткыштардың және т. б.) өзектерін қағазбен, тотықтырылған қабыршақ пен немесе оқшау-лаушы лакпен жабылған болат жұка табақшалардан жинайды. Бірақта құйындык токтардың қыздыруынан түбегейлі кұтылуға болмайды, сондықтан да қыздыру өте үлкен дәрежеде болатын жағдайларда аспаптарды жасанды түрде салқындату қолданылады. Мысалы, қуатты трансформаторларды жылуды өте жаксы өткізіп тарататын майы бар бакке салып кояды. Құйындық токтардан болатын энергия шығыны, ішінде өздері пайда болатын материалдың қасиеттеріне, аппараттар мен маши-налардың магнит өткізгішін құрайтын болат пластинкалардың қалындығына ғанатәуелді болмай, сонымен катар магииттік индукция мен оның өзгеру жылдамдығына да тәуелді болады. Кейбір жағдайларда құйындык токтардың тууы пайдалы. Мысалы, құйын-дық токтарды пайдалануға индукциялық электрқозғалткыштардың металл қорытатын электр өлшеуіш приборлардың (электрэнергияны санауыштар) ағашты кептіру, металдарды шынықтыру және т. б. құрылғылардың жұмысы негізделген.