525 кл. машинасы Жартылай автомат-машинаны Оршанск заводы шығарады және машинада екі жіпті қайықты ирек-ирек айқаспасымен костюмдік пен жейделік материалдардан жасалған бұйымдарда тік түймеліктерді орындайды.
Басты біліктің айналу жиілігі тегіс түймелік түрінде 3200 айн/мин, ал бисерлі – 2800 айн/мин; түймелікті бітірудің соңында 5-8 шаншым бұрын басты біліктің айналу жиілігі екі есе төмендейді.
Жасырын тігісті машиналар, конструктивті ерекшелігі Жасырын (көрінбейтін) тігісті машиналар тек бір жағынан ғана көрінетін тігістерді құрайды. Мұндай тігістерді көйлектің етегін, астардың шетін жымыруға (қайыруға), жаға астарын сыру, шалбар балағын жымыру және т. б. жұмыстарға арналған.
Жасырын тігісті машиналардың негізгі ерекшелігі майысқан инелерді қоладну, олардың қозғалысы горизонталь бойынша доға тәрізді. Сонымен қатар бұл машинада арнайы матаны төменнен жоғары итеретін нығыздауш (итергіш) механизмін пайдалану.
Машинада тізбекті инешаншымды, көбінесе бір жіпті түрін қолданады.
Ирек тігімді машиналар өндірісте кеңінен қолданылады. Ирек тігімдері қайықты және тізбекті болуы мүмкін. Бұл тігімдердің түрін шілтерді және таспаны тігуде, аппликация, түймелікті жасағанда немесе әдіптеу жасау үшін қолданады. Тігімнің ирек өрнегі иненің көлденең ауытқуынан және материалды тігімге қарағанда қиғаш жылжытуынан пайда болады. Иненің ауытқу және матаны беру қадамының мөлшерін машинаны реттегенде орнатады. 26 кл. машинасында әр түрлі ирек тігімдерді алуға болады. Бұл машина мақта және жүн маталарын ирек тігімімен орындауға арналған. Басты біліктің айналу жиілігі – 2500 айн/мин. Іш киім, жеңіл көйлектік және сырт киімдерді өндіргенде кең қолданылады.
Бақылау сұрақтары 1. Трикотаж бұйымдарын тігу үшін қандай тігін машиналарды қолданылады?
2. 97 кл. және1022 М кл. машиналары олардың жетілдірген түрлері қандай тігін машиналардың тобына жатады?
3. Торлау машиналардың ерекшелігі және трикотажды тігудегі маңыздылығы неде?
4. Жасырын (көрінбейтін) тігісті машиналардың конструктивті ерекшелігі қандай?
5. Ирек тігімді машиналарды не үшін және қандай киімдерді тігуде қолданылады?
Әдебиет тізімі 1. ЕрмаковА.С. Оборудование швейных предприятий. – М.: Издательский центр «Академия», 2003. – 432 с.
2. Франц В.Я.Оборудование швейного производства. –М.: Издательский центр «Академия», 2005. –448с.
3. Суворова О.В. Швейное оборудование(Сер.«Учебники XXIвека»).–Ростов-на-Дону:«Феникс»,2000.–352 с.