2). Өндірістің үздіксіз ұйымдастыру жүйесі келесі шарттармен сипатталады: а). жұмыс орындарын және жабдықтарды бұйымның өндіру технология процестеріне байланысты орналастырады; б). әрбір жұмысшы бұйымның түріне сай тек бір операцияны орындайды; в). алдыңғы операция орындалғаннан соң, бұйымды тікелей келесі атқаратын орындаушыға береді. Жұмыс ырғағы дәрежесіне байланысты, үздіксіз өндіріс екі түрге бөлінеді: 1). Ырғақсыз, ұсақ сериялы конвейер;
2). Ырғақты. Трикотаж өнеркәсібінде келесі конвейерлердің типы қолданылады: ПРКТ –I – ырғағы реттелмегенүздіксіз трикотаж конвейері;
КТОЛ –I – бір таспалы трикотаж конвейері(жұмыс орындары таспаның жылжу бағыты бойынша сол жақта орналасуы);
КТОП –I – бір таспалы, оң жақты;
КТДД –I – екі таспалы, екі жақты;
КТОД –I – бір таспалы, екі жақты.
Соңғы кезде сырт трикотаж бұйымдарды тігуде агрегатты -топталған түр конвейерді тәсілді ысырып шығарады. Осы агрегатты -топталған түрінде агрегатқа біріккен жеке жұмыс орындар мен топталған машиналардың арасында байланыс жоқ, сондықтан кейбір жұмыс орындарында операция уақыты сай келмеуі мүмкін. Агрегатты -топталған түрдің ерекшелігі операциялардың алдын ала жинақталуы такт бойынша емес, технологиялық біртекті принципі бойынша және жұмысшылардың мамандандырылуында.
Тігін ағындарын есептеу Ырғақты арнайы конвейердің есебі Есептің басты мақсаты – берілген трикотаж бұйымдарды тігуге қажет конвейерлердің және тігін жабдықтардың санын анықтау. Бұл үшін келесі берулер болу қажет: 1. Конвейердегі барлық жұмыс орындарын қамтитын бұйымдардың ең кіші оптималді саны М.
М –белгілі жабдықтың түрінде ұйымдастыру операцияның ең кіші ұзақтымен анықталады, осы кезде өте маңызды барлық операциялардың теңдігі мен еселігі (ішкиімдер үшін 200-1000 дана, сырт трикотаж киімі үшін- 400-600 дана);
2. Тб – ауысымдағы үзіліс уақыты,сек. (Тб=1200сек);