Тойлыбаева Н. Ш., Кентбаев Е. Ж



жүктеу 35.45 Kb.

Дата25.12.2016
өлшемі35.45 Kb.

423 

       Keywords: water resources, water scarcity, technology drip irrigation, sugar beet, irrigation 

rate. 

УДК 639.1  

Тойлыбаева Н.Ш., Кентбаев Е.Ж.

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 

МОЙЫНҚҰМ ОРМАНДАРЫ ЖƏНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ 

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ЖƏНЕ АЙМАҚТАҒЫ СҮТҚОРЕКТІЛЕР ФАУНАСЫНЫҢ 

БИОЛОГИЯЛЫҚ АЛУАН ТҮРЛІЛІГІ 

Аңдатпа

  

Мақалада  Мойынқұм  ормандары  жəне  жануарлар  дүниесін  қорғау  жөніндегі 



мемлекеттік  мекемесі  мен  аймақтағы  сүтқоректілер  фаунасының  биологиялық  алуан 

түрлілігі мəселелері қарастырылған. 



Кілт  сөздер:

  Мойынқұм  ормандары  жəне  жануарлар  дүниесін  қорғау  мемлекеттік 

мекемесі, жануарлар дүниесі, сүтқоректілер фаунасының биологиялық алуан түрлілігі. 

Кіріспе 

Мойынқұм  ормандары  жəне  жануарлар  дүниесін  қорғау  жөніндегі  мемлекеттік 

мекемесі  Қазақ КСР Орман шаруашылығы министрлігінің 1981 жылдың 16 қаңтардағы №9 

бұйрығымен құрылған. 1988 жылы орман шаруашылығы өндірістік мекемесі атанды. 2012 

жылдан  «Мойынқұм  ормандары  жəне  жануарлар  дүниесін  қорғау  жөніндегі  мемлекеттік 

мекемесі»  атанды.  Орман  қоры  жерінің  жалпы  көлемі 865865 гектар,  оның  орманмен 

көмкерілген  алқабы – 600801 гектар.  Үш  орманшылыққа  бөлінген.  Олар:  Фурманов 

орманшылығы жер көлемі – 152542 гектар; Қарашарда орманшылығы жер көлемі – 343395 

гектар; Төменгі Шу орманшылығы -369928 гектар [1]. 

Орман  қоры  жері  Мойынқұм  шөлінің  солтүстік  тегістік  аумағын  алып  жатыр.  Жер 

қыртысы тегіс емес, толқынды болып келген, құм жоталар мен төбелердің биіктігі 3-5 метр, 

кейбірлері  оңтүстікке  қарай  биіктей  береді  жəне  солтүстік-батысқа  қарай  созылған. 

Мекеменің жалпы аумағы қарадүрсін қопсыған топырақты немесе сусымалы құмды болып 

келеді. Жер қыртысының бедеріне, құм төбелерінің жəне жоталардың биіктігіне қарай құм 

өңірлері екіге бөлінеді: тегістік құмдар жəне құм төбелі жоталар. 

Мойынқұм  орман  жəне  жануарлар  дүниесін  қорғау  мемлекеттік  мекемесі  аймағы 

физикалық-жағырапиялық  жағынан  алғанда,  өңірдегі  жусанды,  ащылы-тұщылы  өсімдікті, 

шөл-шөлейітті болып табылады. Аймақта негізінен ақ сексеуіл, қара сексеуіл, тораңғы, жиде, 

жыңғыл, қоянсүйек, теріскен, шенгел тектес бұталар өседі [2]. 

Табиғат  байлықтарының  бірі – жабайы  аңдардан  алынатын  өнімдерді  көбейтудің  

маңызы  ерекше,  əсіресе  біздің  елімізде  қоры  мол,  елік,  жабайы  шошқа  секілді  аңдарды 

жылма-жыл кəсіптік жолмен аулауды ұйымдастырудың келешегі бар. Жануарлар орманда 

да, далада да мекендейді, еліктердің күнделікті өмір сүру ортасы шаруашылықтың тоғайлы 

жəне  бұталы  жер.  Жаз  айларында  еліктер  шабындықтың  жоғары  бетінде  жүреді. 

Қабандардың өмір сүруі шаруашылықта əртүрлі таулы өлкеде бұталы мəдениетті өсімдіктер 

өсетін жерлерде, қамыс арал маңайында жəне тағы басқа жерлерде.  Қыс айында қабандар 

жартылай қоныс аударуға көшеді, ал қалғандары күн жақсы түсетін алқапта қалады. 

  Адамның күнделікті жейтін тамағында балық өнімдерінің алатын орны орны бөлек. 

Балық  ақзатқа,  басқа  да  бағалы  заттарға  бай  келеді.  Демек,  халықты  балық  өнімдерімен 

қамтамасыз етіп, оны неғұрлым мол аулау үшін бөгеттерде, су қоймаларында, көлдер мен 



424 

өзендерде  балық  шаруашылығын  ұйымдастырудың  пайдасы  зор.  Өзендердерінің  бəрі 

жұқпалы аурулардан таза. Балық негізінен табиғи өзендерде ауланады.  

Жазы  ыстық,  қысы  қоңыржай  болып  келетін  құм  өңіріне  бейімделген  аң-құстардан 

қасқыр, түлкі, қоян, қарақұйрық, шошқа, жабайы мəлін, борсық, қарсақ, шиебөрі, үлкен құм 

тышқандары, шымшық, жабайы кептер, сарыала қаз, үкі, жапалақ, байғыз, қырғауыл, дуадақ, 

шіл, құм кесірткесі, жылан, тасбақа жəне тағы басқа түрлері де бар. 

Шығыс  бөлігінде  тасты-топырақты  шөлді  аймағында  аз  санды  сарышұнақ  пен 

қосаяқтар  мекендейді.  Бетпакдаланың  топырақты  тегіс  аймағында,  батыс  бөлігінде  үлкен 

жəне  қызылқұйрық  құмтышқан  түрлері  кең  тараған.  Сонымен  қатар,  бұл  аймақта  түлкі, 

соқыртышқан,  сұр  атжалман,  Эверсман  атжалманы  жəне  жалман  белгіленген.  Олардын 

ішінде  жергілікті  түр  ретінде  кіші  сарышұнақты,  кіші  қосаяқ,  тікқұлақ  қосаяқ  жəне 

қызылқұйрық құмтышқанды айтуға болады. 

Жыртқыш  аңдардың  арасынан  түлкі  мен  аққалақты  жиі  кездестіруге  болады.  Өзен 

жағалауынан  келген  қаптесер,  жыңғыл  құмтышқаны  мекен  етеді.  Сұр  атжалман  жəне 

қызылқұйрық  құмтышқаны  інін  салады.  Маусымдық  мезгілде  босаған  мал  қора 

орындарында құмтышқандары, үлкен, кіші қосаяқтар жəне кеміргіштердің басқада түрлері 

ін салады. Ауыл жəне қыстақтардың маңында құм қоянын кездестіруге болады. Бұл биотопта 

жалпы 27 түр тіркелді [3]. 

  Мойынқұм  ормандары  жəне  жануарлар  дүниесін  қорғау  мемлекеттік  мекемесі 

аймағындағы  сүтқоректілер  фаунасының  таксономдық  биоалуантүрлілігінің  көрсеткіші 

репрезентативтік өте жоғары жəне 55 түрден жоғары өкілдерін тіркеуге болады. Тернофауна 

7  отрядты, 19 тұқымдасты  жəне 36 туысты  құрайды.  Аталған  түрлердің  арасында  саны 

бойынша көп кездесетіндер кеміргіштер – 26 түр, жырқыштар – 9 түр, жəне де қолқанаттылар 

– 8 түр,  жұптұяқтылар    -  5  түр,  жəндікжегіштер – 3 түр,  қоян  тəрізділер – 2 түрден  жəне

тақтұяқтылардан – 1 түр.  

Зерттелген  аумақтың  сүтқоректілер  фаунасының  репрезентативтық  көрсеткішінің 

жалпы Қазақстан бойынша шаққандағы көрсеткішін кестеден көруге болады.  

Кесте - Мойынқұм  ормандары  жəне  жануарлар  дүниесін  қорғау  мемлекеттік  мекемесі 

аймағындағы сүтқоректілердің таксоном өкілдері 

Таксондар 

Жүйелік топ саны 

Репрезентативтік 

көрсеткіш, % 

Қазақстан Республикасы 

бойынша 


қорықша 

аумағында 

Отряд

7



100

Тұқымдас


36

19 


52,8

Туыс


96 

36 


37,5

Түрлер


178 

55 


30,9

Класс Mammalia  

бойынша қорытынды 

317


117 

36,9


Жалпы  қорықшада  республикамызға  танымал  барлық  отрядтар,  жəне  де  барлық 

тұқымдастың  жартысына  көбі  көрсетілген.  Сандық  таксон  бойынша  аздау  туыстар  мен 

турлері  аз  белгіленген.  Бұны  мекен  ету  ареалы  кеңіне  пайдаланатын  аңдар,  нақтырақ 

айтқанда убиквист-түрлері мекен етуімен байланыстыруға болады. Мысалы, қасқыр, түлкі, 

құм  қояны,  үлкен  құмтышқаны,  сұр  атжалманы,  қаптесерлер.  Сонымен  қатар,  бұл  жерде 

мекен  ету  алаңы  шектелген  немесе  құм  алқапта  мекен  ететіндер  түрлер:  ала  жертесер, 

жүнбалақ қосаяқ, тарғаққұйрық сарышұнақ жəне басқалары жатады [4]. 

  Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, сирек кездестін жəне жойылып 

бара жатқан сүтқоректілердің 7 түрі: шұбар күзен, құлан, қарақұйрық, бөкен (киік), арқар, 

жайра, жалман жатады. Оның ішінде жатысынан көбі сирек кездесетін түрлердің III санатына 

жатады. Құлан мен ондатр интродукциялаған түрлерге жатады.  


425 

Орман қоры жерінде 2012 жылы жабайы аң-құстарға жүргізілген есеп бойынша (жақша 

ішінде саны көрсетілген) қарақұйрық (43), жабайы шошқа (50), қасқыр (77), шиебөрі (51), 

мəлін (26), түлкі (102), дуадақ (19), қырғауыл (9), қоян (973) бар. 

Мекеменің орманшы-қорықшылары өздеріне бекітіліп берілген айналымдар бойынша 

атқарылған жұмыстарды, байқалған өзгерістер мен аң-құстардың есебін айналым куəлігімен 

күнделіктеріне  түсіріп,  олар  əр  саланың  мамандары  тарапынан  тексеріліп  отырылады. 

Биотехникалық  жұмыстар  бөлінген  қаражатқа  байланысты  жыл  сайын  өз  деңгейінде 

орындалады. 

Жануарлар  дүниесін  қорғау,  өсімін  молайту  жəне  пайдалануына  бақылау  жасау 

мақсатында  мемлекеттік  орман  қоры  аумағындағы  аң-құстардың  есебі  мен  моноторингі 

жүйелі  жүргізіліп,  олардың  көбею  жағдайларын,  өріс  аудару  жолдары  мен  шоғырлану 

орындарын қорғау бойынша рейдтер мен тексерулер өткізіліп тұрады. 

 Əдебиеттер 

1. Талбесік (Жамбыл облысының өсімдіктер жəне жануарлар дүниесі) Алматы,

«Ғалым» баспасы, 2013. – 128 бет 

2. Бекенов А., Есжанов Б., Махмутов С.М. Қазақстан сүтқоректілері. - Алматы:

Ғылым, 1995. 

3. Млекопитающие Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1969 – 1985, т. I-IV.

4. Основные положения ведения лесного хозяйства в Жамбылской области

Республики Казахстан.  Алматы: Казлеспроект, 2007. с, 12-15. 

Тойлыбаева Н.Ш.,  Кентбаев Е.Ж. 

БИОЛОГИЧЕСКАЯ РАЗНООБРАЗИЯ ФАУНЫ МЛЕКОПИТАЮЩИХ НА ТЕРРИТОРИИ 

ГОСУДАРСТВЕННОГО УЧРЕЖДЕНИЯ ПО ОХРАНЕ  МОЙЫНКУМСКОГО ЛЕСА  И 

ЖИВОТНОГО МИРА 

В статье рассмотрены вопросы биологической разнообразии фауны млекопитающих на 

территории  государственного  учреждения  по  охране  Мойынкумского  леса  и  животного 

мира. 

Ключевые слова: биологическая разнообразия, млекопитающие, птицы, красная книга.  

Toilybaeva N.Sh., Kentbaev E.Zh. 

BIOLOGICAL DIVERSITY OF MAMMAL FAUNA WITHIN STATE PROTECTION 

INSTITUTIONS MOYINKUM FOREST AND WILDLIFE 

The article discusses the biological diversity of mammalian fauna in the territory of a state 

institution for the protection of forests and Moyinkum wildlife. 



Keywords: biological diversity, mammals, birds, red book. 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал