өз ойын білдіруде шығарманың идеясын негізге алады.
Шығармадан үзінді
Менің ойым
Басқасы – басқа болсын, ал енді ақ патшаның өзі ит терісіне мөр басып, Хан тағайындаған адамды қайдағы бір қаймана орыс келіп, Тәңірінің тал түсінде талапайға ұшыратты деген не сұмдық?! Демек, кәуірдің бұл жұртты ел деп есептемегендері ғой, шамасы... Бұдан артық басыну, бұдан өткен қорлық бола ма?!
...Басқа-басқа, бұл Сырым соның бәрін өз көзімен көрген... Орыстармен бірге соғыса жүріп бұл елдің нендей жұрт екенін де білген; өз халқын аямаған мұндай елдің басшылары қарсы шыққан өзге жұртқа тіпті де аяушылық жасамасын да сонда сезген.
Жауап үлгісі:

Басурмандар деп басынып, казак-орыстарға тыныш жатқан халықты талаттырып, елдің әбден мазасын алған орыс империясының бұл саясатында озбырлық басым еді. Нұралы ханды ойыншық көріп, білгенін жасаған бұл отарлаушылардың ендігі бар ойы белгілі еді. Халықтың да шыдамы шегіне жетіп, тар кезеңге тап болған қаймана жұрттың ендігі ойы тек күресіп, зұлымдықты жеңу еді.
...Басқа-басқа, бұл Сырым соның бәрін өз көзімен көрген... Орыстармен бірге соғыса жүріп бұл елдің нендей жұрт екенін де білген; өз халқын аямаған мұндай елдің басшылары қарсы шыққан өзге жұртқа тіпті де аяушылық жасамасын да сонда сезген.
Осының бәріне куә болған Сырым батырдың енді одан әрі көрмегендей болып отыра беруге шыдамы жетпеді. Өзінің кімдерге қарсы күресетінін де анық біліп отырған бидің бойында халықты қайтсем бірікітіріп, бір төбенің үстіне шығарамын деген арман-тілек бар еді.