Төлеген Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңі

бет3/4
Дата17.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#83589
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
22-сабақ. Қ.Мұханбетқалиұлы «Тар кезең» романы

Тезисті қолдаушы пікір

Сонымен бірге,..(сөз оралымы)

Аргумент

Талдау (анализ)

Абзацты қорытындылаушы сөйлем

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
 
Әдеби-талдау эсседе тезиске оралу міндетті емес. Автор қозғалған тақырыптың маңыздылығы туралы жазып, көзқарасын қысқаша жеткізіп, аяқтайды.

2-тапсырма. Берілген үзінділерді саралай отырып, шығарма идеясын негізге алып ғаламдық тұрғыдан талдаңыз.
Дескриптор:
  • үзінділердегі автор ойын саралайды;
  • ғаламдық тұрғыдан талдайды;
  • өз ойын білдіруде шығарманың идеясын негізге алады.

Шығармадан үзінді

Менің ойым

Басқасы – басқа болсын, ал енді ақ патшаның өзі ит терісіне мөр басып, Хан тағайындаған адамды қайдағы бір қаймана орыс келіп, Тәңірінің тал түсінде талапайға ұшыратты деген не сұмдық?! Демек, кәуірдің бұл жұртты ел деп есептемегендері ғой, шамасы... Бұдан артық басыну, бұдан өткен қорлық бола ма?!

...Басқа-басқа, бұл Сырым соның бәрін өз көзімен көрген... Орыстармен бірге соғыса жүріп бұл елдің нендей жұрт екенін де білген; өз халқын аямаған мұндай елдің басшылары қарсы шыққан өзге жұртқа тіпті де аяушылық жасамасын да сонда сезген.

Жауап үлгісі:

Басурмандар деп басынып, казак-орыстарға тыныш жатқан халықты талаттырып, елдің әбден мазасын алған орыс империясының бұл саясатында озбырлық басым еді. Нұралы ханды ойыншық көріп, білгенін жасаған бұл отарлаушылардың ендігі бар ойы белгілі еді. Халықтың да шыдамы шегіне жетіп, тар кезеңге тап болған қаймана жұрттың ендігі ойы тек күресіп, зұлымдықты жеңу еді.

...Басқа-басқа, бұл Сырым соның бәрін өз көзімен көрген... Орыстармен бірге соғыса жүріп бұл елдің нендей жұрт екенін де білген; өз халқын аямаған мұндай елдің басшылары қарсы шыққан өзге жұртқа тіпті де аяушылық жасамасын да сонда сезген.

Осының бәріне куә болған Сырым батырдың енді одан әрі көрмегендей болып отыра беруге шыдамы жетпеді. Өзінің кімдерге қарсы күресетінін де анық біліп отырған бидің бойында халықты қайтсем бірікітіріп, бір төбенің үстіне шығарамын деген арман-тілек бар еді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет