Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Шағын жоба
Тақырыбы: Алтын Орданың құрылуы мен саяси тарихы.
Курс:1
Дайындағандар:Мешитбай Айнұр,Саматова Дана,
Мусина Інжу, Шектібаева Жанайна,
Төлеген Бибігүл.
Оқытушысы:Бекенжанова Айнаш Алтынмуратовна.
2023жыл
Кіріспе ---------------------------------------------------------------------
І ТАРАУ.
1.Алтын Орданың құрылуы -------------------------------------------
2.Алтын Орда басқару жүйесі және саяси тарихы ---------------
ІІ ТАРАУ.
1. Алтын Орда мәдениетінің дамуы----------------------------------
2.Алтын Орданың ыдырауы--------------------------------------------
Қорытынды ---------------------------------------------------------------
Қолданылған әдебиеттер-----------------------------------------------
Кіріспе
«Алтын Орда» деген сөз тіркесі ғылыми әдебиетке орыс жылнамаларынан ауысқан және кейінірек шыққан деп есептеушілік қабылданған.Русьте орталығы Төменгі Еділ бойында орналасқан жаңа моңғол мемлекетінің ұзақ уақыт бойы қандай да бір арнаулы атауы болған жоқ,оның орнына орыс жылнамаларында татарларға,татарлардан,Батыйға деген секілді айтылымдар қолданылды.ХІІ ғасырдың аяғынан бастап бұл айтылымдардың орнына Орда деген аталым келіп,ол ХІV ғасырдағы орыс ресми құжаттары мен жлнамаларының барлығында берік орнығады.
Алтын Орда деген аталым орыс деректемелерінде ХVІ ғасырдың екінші жартысында ғана тіркелген,бұл уақытта ХІІІ ғасырда Жошы әулеті құрған,орталығы Еділ бойында болған мемлекет түгел ыдыраған еді.Айрықша атап айту керек;орыс деректемелерінде «Алтын Ордаң айтылымы Жошы Ұлысының бір бөлігі мағынасында ғана қолданылады; тек зерттеушілік әдебиетте ғана «Алтын Орда» - тұтас алғандағы Жошы ұрпақтары мемлекетінің синонимі.
Мемлекеттің « Алтын Орда» деген аталымының шығу тегі бірқатар зерттеушілердің пікірінше, хан ордасының атауымен, дәлірек айтқанда, моңғол билеушісінің молынан алтындалып, қымбат материалдармен әшекейленген салтанатты киіз үйінің аталымымен тікелей байланысты. Шынында да, хан ордасының « Алтын Орда » , « Алтын шатыр» аталымымен белгіленуі ортағасырлар заманында үйреншікті жағдай еді, мысалы ІХ ғасырдағы араб саяхатшысы Таминибн Бахрда ежелгі ұйғырлар елі билеушісінің « алтын шатырының» сипаттамасын кездестіреміз.
XIII-XIV ғасырлардағы мұсылман және еуропалық деректемелерде Монғол империясындағы оқиғаларды сипаттаған кезде « Алтын Орда » терминінің қолданылуының бірнеше жағдайын келтіре кетейік.
Рашид ад-Дин Шыңғыс ханның 1224 жылы Орта Азиядан Монғолияға оралуы туралы әңгімелей келіп, ол Бұқа-Сужигу деген жерге келгенде Урду-и заррин-и бузург, яғни «Үлкен немесе Ұлы Алтын Орданы» тігуге бұйырды деп атап көрсетеді.
Нақ осы еңбектің енді бір тұсында Монғол империясының астанасы Қарақорымнан бір күншілік жолдағы Қарашаған деген жерде ұлы хан Үгедейге арналып, «мың адам сиятындай үлкен шатыр тігілді және бұл шатыр ешқашан жиналған жоқ. Оның тіреулері алтын болды, ішіне қымбат маталар ұсталды» делінеді. Оны Сира Урду – «Алтын Орда» деп атаған.
Осыған орай, францискандық Плано Карпинидің 1246 жылы Үгедейдің үлкен ұлы Күйіктің ұлы хан болып сайлану салтанаты туралы есебінде айтылатын мәліметтерге ден қоярлық. Күйікті таққа отырғызу үшін қырда үлкен шатыр тігілген, бұл «оларда Алтын Орда деп аталады... Ал бұл шатыр ағашқа алтын шегелермен бекетілген алтын жапырақтармен қапталған тіркеулерге орнатылған. Шатыр төбесі де, іші де балдақинмен жабылған, ал сыртынан басқа маталармен қапталған».
Айрықша атап айтатын жайт – Алтын Орда мемлекеті, профессор Е. И. Кычановтың айтуынша, қытай деректемелерінде Цзинь чжан хань – «Алтын Киіз үй хандығы» деп аталған.
Қысқасы, «Алтын Орда» термині – біршама ежелден бар термин: монғолдарда бұлай деп патшаның көшпелі ордасы, дәлірек айтқанда, монғол әулетінің негізін салушы Шыңғыс ханның, оның қарақорымдық тақтағы алғашқы мұрагерлерінің сән-салтанатты шатыры, ал бұдан соң Шыңғыс хан ұрпақтары – ұлыс хандарының ордалары аталған. XIII ғасырдың 60-жылдарында Монғол империясының ыдырауы нәтижесінде пайда болған Жошы ұрпақтары мемлекетінің бір бөлігі мағынасындағы «Алтын Орда» деген сөз тіркесі орыс жылнамаларында ғана және ғасырдың екінші жартысынан былай ғана ұшырасады; ал бұл уақытта Алтын Орда мемлекетінің өзі ендігі жоқ еді.
Бертініректегі орыс деректемелеріндегі «Золотая Орда» және «Великая Орда Златая» деген сөз тіркестері неғұрлым ертеректегі шығыс терминдерімен – монғолдық «Сыра Ордамен» және парсылық Урду-и-Заррин-и бузургпен байланысты болуы немесе тіпті осы шығыс терминдерінің тікелей аудармасы болуы әбден ықтимал.
XVI – XVII ғасырлардағы орыс деректемелерінде «Алтын Орда» деген аталым Жошы ұрпақтары мемлекетінің бір бөлігі мағынасында ғана емес, сонымен қатар хан резиденциясы деген мәнде де ұшырасатынын айта кетейін.
Тұтас алғандағы Жошы ұлысының аталымы ретінде «Алтын Орда» ұғымының тарихи еңбектердің беттерінде тек ХІХ жүзжылдықтан бастап қана берік орныққаны белгілі болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |