Байланысты: №66 ТОЛЫБАЙ БАТЫРКезектен тыс пед кеңес (2)
«Толыбай батыр атындағы №66 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 10-наурыз күні
кезектен тыс өткізілген
педагогикалық кеңес хаттамасының көшірмесі
Барлығы: 121
Қатысқаны: 110
Күн тәртібі:
Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингіне қатысқан орта білім беру ұйымдары үшін әдістемелік ұсынымдарды талдау;
4,9 сынып оқушыларына арналған ББЖМ жұмыстарын күшейту;
Әр түрлі мәселелер.
Бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі орынбасары міндетін қоса атқарушы С.Айтбаева сөйледі. Ол білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) білім беру ұйымдарынан тәуелсіз білім сапасының жүйелі бақылауы болып табылатынын айтты. Мониторинг электронды форматта орта білім беру ұйымдарының базасында 4 және 9-сыныптарда оқу, математикалық және жаратылыстану ғылыми сауаттылығын кешенді тестілеу форматында жүзеге асырылады. ББЖМ орта білім беру ұйымдары оқушыларының білім сапасын МЖМББС сәйкестігін бағалауға, білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға, білім беру процесінің барлық қатысушыларына әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған. ББЖМ мемлекеттік бақылау нысаны болып табылмайды және білім алушылар үшін де, білім беру ұйымдары үшін де ешқандай құқықтық салдары болмайды. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг нәтижелерін талдау «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығының 29-тармағына сәйкес Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен жүргізілді. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-нда ББЖМ қорытындысы бойынша аналитикалық есеп пен білім алушылардың білім жетістіктері мониторингіне қатысқан орта білім беру ұйымдары үшін әдістемелік ұсынымдар (әр өңір бойынша) әзірленді. Әдістемелік ұсынымдар ББЖМ тест тапсырмаларын орындау тиімділігіне терең талдау жүргізуге, тестілеуге қатысқан әрбір аудан/қала бөлінісінде оқушылардың оқу әрекетінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға арналған. Нәтижелер аумақтық тиістілігіне (қала-ауыл), оқыту тіліне (қазақ және орыс тілдері), білім беру ұйымдарының түрі және басқа да оқушылардың оқу жетістіктеріне әсер ететін факторларды ескере отырып талданады. Алынған нәтижелерді орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісін жақсарту мақсатында пайдалану ұсынылғанын айтты.
Келесі сөзді директордың оқу ісі орынбасары М.Исабаева алды, ол Сарыағаш ауданы 4-сынып оқушылары арасында орта баллдан төмен 19,16 баллды құрағанын айтты. Тестілеудің үш бағытының ішінде оқу сауаттылығы (10-нан 6,98 балл) тапсырмалары барынша сәтті орындалды, математикалық сауаттылық (12- ден 7,95 балл) және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы (8-ден 6,15 балл) бойынша барынша ораташа нәтижелер алынды. Түркістан облысында қазақ тілінде білім алатын оқушылар нәтижелері білім алатын оқушылар нәтижелерінен жоғары (сәйкесінше 20,19 және 19,04 балл) болып шықты. Сарыағаш ауданында оқу сауаттылығынан қиындық деңгейлері бойынша дұрыс орындалған тапсырмалардың көрсеткіші 74,2%, 62,8%, 61,7%-ды құрады. Математикалық сауаттылық бойынша Сарыағаш ауданы орта баллдан төмен, яғни 7,59 баллды құрады. С.Айтбаева оқу мақсаттарына сәйкес математикалық сауаттылық бойынша ББЖМ тапсырмаларының тақырыптарын талдап өтті. Оқушылар жоғары деңгейдегі тапсырмалар қиындық туғызатынын және олар қандай тақырыптармен байланысты екенін атап көрсетті. Орташа қиындық деңгейіндегі тапсырмалардың ішінде «Амалдардың орындалу тәртібі» және «Сандар және әріп өрнектер» тақырыптары барынша оңай орындалатын тапсырмалар болып шықты.
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша Сарыағаш ауданының оқушылары орта баллдан төмен, яғни 4,68 баллды құрағанын айтты. Тапсырмалардың қиындық бойынша оқушылардың жетістіктерін атап өтті.
9-сынып оқушыларының ББЖМ нәтижесімен директордың оқу ісі орынбасары С.Айтбаева таныстыра келе, аудан/қала бөлінісінде Түркістан облысы бойынша жоғары көрсеткіш 17 ауданның 9-ында тіркелгенін айтты. Ең жоғары орташа балл Отырар (58,92 балл) ауданында белгіленін айтты. Сарыағаш ауданы орта баллдан төмен 43,04 баллды құрағанын айтты.
Оқу сауаттылығы бойынша тапсырмалардың тақырыптары, олардың қай деңгейде орындалатынын талдап өтті. Қазақ тіліндегі тақырыптар жеке жеке қаралды. Математикалық сауаттылық бойынша оқу мақсаттарына сәйкес ББЖМ тапсырмаларының тақырыптары қаралды.
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша әр бір пәннің тақырыптары мен қиындықтарына жеке жеке тоқталып, пән мұғалімдерімен бірге талқыланды.
Қорыта келгенде, ББЖМ оқушылардың білім жетістігін сырттай бағалаудың жаңа механизмін енгізу білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін жетілдірудің нәтижесі болғандықтан, 4,9-сынып оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында пән мұғалімдері жеке жұмыстарды, топтық жұмыстарды, сабақтан тыс қосымша жұмыстарды ұйымдастыру қажет екендігі атап өтті. Оқушылардың білім жетістіктерін жоғарлатуда пән мұғалімдері негізгі рольді атқаратынын есепке алып 4-сыныптың әр бір жетекшісі өз сыныбындағы әр бір оқушының жетістікке жету үстіндегі жұмысты жандандыру қажеттігі ұсынылды. 9-сыныптың оқу сауаттылығы, математика сауаттылығы мен жаратылыстану-ғылыми сауаттылық пән мұғалімдері әр бір оқушыға жеке тапсырмаларды әзірлей отырып, әр бір сабақтарда қиындық туғызатын тақырыптарды кіріктіріп ББЖМ-ға дайындық жұмыстарын күшейту ұсынылсын. Оқу сауаттылығының білім жетістіктерін жоғарлату үстінде Б.Шойбекова. Ә.Наринова, Г.Боранбай, С.Аппазова; математикалық сауаттылық пәнінен М.Сүттібаева,Н.Алтынбекова; жаратылыстану-ғылыми сауаттылық пәндерінен Ж.Еламанова, Г.Примжанова. Ұ.Касымбекова, А.Джаналиева мен Г.Сейтбекова, Г.Тұрғанбек пен Б.Кувнышбеков, Г.Бердалиева жұмыстарын жандандыру ұсынылсын. Әр бір жауапты педагог ББЖМ жұмыстарын күшейтуге арналған жұмыс жоспарларын түзіп, бекіту ұсынылды.
Оқушылардың қосымша сабақтарға толық қатысуын қадағалау сынып жетекшілеріне жүктелу ұсынылсын.
Педагогикалық кеңес қаулы етеді:
4-сынып оқушыларымен ББЖМ дайындығын күшейту сынып жетекшілері Н.Илеспекова, А.Жолдасова,Қ.Турысбекова Г.Махамбетова, мен М.Бейсенбековаларға міндеттелсін.