Дайындаған: 1-курс студенті
Толымбеков Аян «101А» тобы ЖМ
Тексерген: Омарғазы Ерғали Ерғазыұлы
ӘЛ – ФАРАБИДІҢ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ АСПЕКТІ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫ
ЖОСПАР:
Кіріспе
1.1 Әл – Фараби туралы жалпы ақпарат
Негізгі бөлім
1.2 Әл – Фарабидің мәдениеттанулық аспекті бойынша ғылыми мұралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әл-Фараби кім? Әбу Насыр Әл-Фараби - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Биылғы жылы ортағасырлық ұлы ғұлама, замандастары үлкен құрметпен
"Шығыстың Аристотелі", "Аристотельден кейінгі екінші Ұстаз" деп атаған Әл-Фарабидің туғанына дәл 1152 жыл толады.
Әбу Насыр Әл-Фараби
870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлық қала)
қаласында дүниеге келді.
Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.
"Ол Хамада қаласында араб тілін үйренді. Одан кейін 20 жылдай Бағдат қаласында тұрып, антикалық философиямен әлемдік мәдениетпен танысты. Жалпы Әл-Фараби бір жерде тұрақтамаған. Ол үнемі бір қаладан екінші қалаға саяхат жасап, білімін шыңдаған. Ғұлама ойшыл бар өмірін ғылым мен білімге арнады. Біздегі
мәліметтерге сәйкес, ол 70-ке жуық тілді меңгерген", -
дейді профессор Жақыпбек Алтайұлы.
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті. Ғалым алғашында Бұхарада, Самарқанда, одан кейін Хамадан, Бағдат,
Шам, Каир, Дамаск, Александрия, Мәдина, Мекке қалаларында болып, білімін үнемі жетілдірумен болды.
Екінші ұстаздың шығармашылығы
Әл-Фараби білімге деген құштарлығының арқасында
Аристотельден кейінгі "екінші
ұстаз" атанды.
Ол 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып
қалдырды. Ғалым философия мен
логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияны зерттеді.