М.Б.Шындалиева
Филология ғылымдарының докторы, профессор
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан
ТОЛЫСҚАН ТАЛАНТ ИЕСІ
Қалихан Ысқақов 70 жаста
Бүгінгі таңда қазақ әдебиеті ӛрлеу, даму процесін басынан кешіріп
отыр десек те, 1960-1970 жылдары әдебиетке келген ұрпақ әртүрлі
тақырыпқа терең барлау жасап, батыл еніп, ғасырлар бойғы қазақ халқының
басынан кешкен санқилы оқиғаларды ӛз шығармаларына арқау етіп, сол
заманалардың қалың қатпарларын ашып, ӛзі ӛмір сүріп отырған ортаның
шындығын барынша жайып салуға күш жұмсағанына куә боламыз.
Тарихи тақырыппен қатар бүгінгі күн туралы айтуға ұмтылу, кез-
келген елдің әдебиетінің талап-тілектерінен туындап отырады. Қазақ
әдебиетінде жазушы Қ.Ысқақовтың қаламынан туған әрбір шығармасы
барлық уақытта да оқырман қауым назарын аударған елеулі оқиға болып
отырды.
Жазушы
Қалихан
Ысқақовтың
шығармаларында
кӛтерген
проблемалар мен қоғамдық қомақты мәселелер бір күнде, бір жылда шешіле
салмайтын, кешегі арқылы бүгінгі ұрпақты ойландыруға жетелейтін терең
философиялық ойларға апаратын тағлымды туындылар. Жазушының әрбір
шығармасын оқығанда онда суреттелетін ӛмір шындығына кӛңіл аударып
қана қоймайсың, адамдардың мұңы мен мұқтажына еріксіз ортақтасып, терең
толғанысқа, сағынышты балалық шаққа, басыңнан ӛткен қимас сезімдерге
орала бересің. Бұл жазушының шығармашылығындағы халықтық сипаттың
әсері, әдеби кейіпкерінің жақын болуының себебі де ӛзіміздей қарапайым
адамдардың ӛмірінен алынғандығы, олардың психологиясын ӛзгеше
ӛрнектеуінен десе болғандай.
Биыл жазушы, драматург Қалихан Ысқақов 70 жасқа толып отыр. 1957
жыл Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, 1957-
1964 жылдар аралығында «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ
әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»)
журналы редакцияларында жұмыс істеген. 1967-1972 жылдар аралығында
«Қазақфильм» киностудиясында аға редактор болып қызмет атқарған. 1972
жылдан Қазақстан Жазушылар одағында драматургия секциясын басқара
жүріп, бірнеше пьесалар жазып, әртүрлі облыстар театрларының
сахналарында қойылған. «Сарша тамыз» (1968), «Ұшы қиырсыз жол» (1969),
«Қараша қаздар қайтқанда» (1985), «Охрана бастығы» (1976) атты кӛркем
фильмдердің сценарийін де жазған.
«Қоңыр күз еді» атты алғашқы повесі 1963 жылы жарық кӛреді. Бұл
повесінен жазушының шығармашылық бағытындағы оң беталысты сонау
ерте кезден аңғарғанына куә боламыз. Мұнда жазушының қарапайым халық
арасынан шыққан Қасым атты кейіпкерінің балалық шағы, алғашқы жақсы
кӛру сезімдерінің ұнамды жақтарын баяндауға ден қойғанын, басты бейненің
бойындағы жақсы белгілерді кӛрсетумен бірге автор оның ой-санасындағы
шектелушілікті де жасырмайды. Жазушы ӛз кезеңіндегі ӛмір шындығына иек
арта отырып, Қасым атты кейіпкері арқылы сол кездегі жастардың
сүйіспеншілігі, бір-бірімен қарым-қатынасы, мектеп оқушыларының басынан
кешкен әрқилы оқиғаларын қиюластыра келе, бір мектепте болған жастар
арасындағы қызғылықты жайларды жай ғана баян етпей, олардың шынайы
сезімдерін жеріне жеткізе суреттеуінен Қалихан Ысқақовтың реалистік
қырын тереңнен танимыз. Бұл повесте адам бойындағы, мінезіндегі мінді
мінеу жағы басым шығып та жатқан тұстары бар. Мысалы, мектеп директоры
Қалматай – лақап аты Маймұрын, оның әйелінің поддиректор аталуының
себептері, интернат завхозының шын аты Зейнолланың - Беликов аталу
себептерін тәптіштеп кӛрсеткен автор бұл кейіпкерлердің моральдық
тағдырларын тартымды бейнелейді және астарлы юмаристік жолмен хал-
қасиеттерін нанымды ашқан. Жазушының майдақоңыр юморы ара-тұра
еріксіз күлкіге үйіреді. Мысалы, повестегі Қыдырханның Бүкір аталу
себептері, тәрбиеші, мұғалім, ұстаздарға жағынып жүретін қылықтары ӛзіне
ғана тиесілі сияқты. Қыдырхан сияқты оқушы әр мектепте де кездеседі, бірақ
Қ.Ысқақов повесіндегі Қыдырхан әрбір қылығымен жағымпаз оқушылардың
жинақты бейнесі есепті. Оны жазушы былай бейнелейді:
«- Сен оның айтқанына кӛне берме. Әрі-беріден соң тӛбеңе шығып
алады да, ананы ӛйт, мынаны бүйт деп қу жаныңа қоныс таптырмайды. Есімі
Қыдырхан, бүкірі біздің қосқанымыз ғой, - деп бір қойды. – Оның үстіне
тәрбиеші, мұғалім, аспаз дегендерге жағынып, бірді-бірге шатыстырып
қойып, майға батырған ыстық қасықша жылпылдап сумаң етіп әр жерден
сүңгіп шығып жүргені». Бұл Қыдырхан бейнесін автор оның іс-әрекетін
реалистік жағдайда суреттеген және кейіпкерінің рухани әлемін, кейінгі
тағдырын да жорамалдауы байқалады.
Қасым ӛз әкесінің туған ағасын «Шалым» деп атайды, шын аты –
Ыбырай ӛз баласы жоқ болғандықтан Қасымға үйірсектей береді және
сырттай қамқорлық танытып, тілектес ниетпен кӛмектесіп, қол ұшын беріп
кӛмектесіп отырады. Повестің жалпы мазмұны достық, адамгершілік
жайындағы мектеп ұстаздарының ӛсиеттеріне, интернат ұлдары мен
қыздарының балғын жүректеріндегі сезімге, кӛңілде тұтанбай қалған оттың
қалғанына, адам кӛңілінің қысы, жазы, кӛктемі мен шуағы бар екеніне
арналған десе болғандай, бір сӛзбен айтқанда бұл жайларды жазушы ӛзінің
суреткерлік шеберлігі арқылы ашып бере алған.
Балалық шаққа біршама саяхат жасаған жазушы кӛңілінде кӛп сұрақ
қалғанын мына жолдардан аңғарамыз: «...Болашақтың жағасы бұлдырап қана
елестейді ӛзіме. Қомшабай мен Алтын ше? Хал-ахуалдары қалай, тіршілігі
қалай, осынау жалпақ ӛмірдегі аяқ алыстары қалай, ӛмірдегі жаңалықтары
қандай, бұл жағынан хабарсызбын. Қомшабай Алтынға деген соңғы бір
кӛңіліндегі түйткілін айта алды ма, айта алмады ма, ол да маған беймәлім»,-
деген сауалдармен аяқтаған автор оқушыны ойлануға жетелейді.
Қалихан Ысқақтың «Бұқтырма сарыны» повесінің мазмұны
Бұқтырманың әсем табиғатының аясында ӛмір сүріп жатқан адамдардың
тағдырын арқау еткен. Бұл повестің кейіпкерлері де санаулы. Олар: орыс шал
Жәгӛр, оның немере қызы Дунька, қазақ жігіті Аян тӛңірегіндегі оқиғаларға
негізделген. Бұқтырманың айналасындағы самаладай қалың ағаш, аспаннан
түскен күн сәулесі, шапшыған ақ кӛбікті ӛзен суы келісті әрі адам
характерлерімен орайластырыла суреттелген тұстары нанымды әрі шебер
деуге болады.
Айдалада орман ішінде тірлік кешіп жатқан шал мен оның немересі
Дуньканың ӛмірі басқа қарапайым адамдардан ӛзгеше және қазақ ӛміріне
беймәлім сырлары бар екенін, келіп-кетіп жүрген шопыр жігіт Аянның орыс
қызына ұнап қалуын, оған шал тарапынан кӛрсетілген қарсылықтар, орыс
шалының ӛткен ӛмірінің суреттері қызғылықты баяндалады. Ӛзінің
фамилиясын жаза алмаймын Дуньканың аңқаулығы, кісікиіктігі, табиғи
мінезі нанымды беріледі. Орыс қызының бар арманы бала кезінен арғы
жағаға ӛту. Ӛлмелі шалдың бакенге байланып қалған несі бар деген сұрақ
қызды да мазалайды. Сол ӛңірдегі ӛзгермейтін осы бакен мен ӛзінің атасы
екеніне қыз сенімді болып ӛседі. Ені жалпақ, суы мол Бұқтырманың, міз
бақпайтын қалың орманы мен мұздай кӛкшағыр құздар ертеректе қыз кӛзіне
биік сияқты кӛрінгенімен кейінгі кезде қыздың кӛңілі бұзылады. Әсіресе
жазушы оқымаған орыс қызының психологиясын терең ашады: «Оның он
алты жасына дейін ӛмірден бар тірнектеп түйгені, білгені – адамдардың үш-
ақ сорты: бір сорты – атасы, екінші сорты – мылқаулар, үшінші сорты –
бәдіктер. Әрине оның ішінде атасы ақылдылар тобына жатады да, қалған екі
сорты – һарам дүниенің «құдайдан безген» пенделері. Ал, бар қиналатыны,
Аянды осы екі топтың қайсысына сыйғызарын білмей дал...». Қыздың қазақ
жігітіне ғашық болуы, оның ауылына Дуньканың ӛзі іздеп баруы, екеуінің
повесть соңында қосылуы оқушысының кӛңіліне қонымды әсер етеді.
Повестегі кӛтерілген үлкен проблема қарапайым адамдардың табиғатқа
деген қарым-қатынасының күн санап ӛзгеріп келе жатқаны, оны қорғау мен
аялау адамдардың ғана қолынан келеді деген идеяға бағындырады. Соңғы
жылдары орман қоры азайып, адамдардың жұмыс нарқы арзандап, елдің де
ӛмірі тұрақсызданып, бірі бұғы савхоздарына, бірі алтын рудасын қазатын
рудниктерге кӛшіп жатқанына жазушы кӛңілі алаңдап, ӛзі ӛмір сүріп отырған
ортадағы ӛмір шындығына алаңдаушылықпен қарайтынын байқаймыз.
Қалихан Ысқақовтың «Тұйық» романы 1975 жылы жазылған, Ұлы
Отан соғысы кезіндегі ауыл ӛмірі мен соғыс ӛмірінен кеңінен мағлұмат
беретін, соғыстан кейінгі жылдардағы қарапайым адамдардың басынан
кешкен ауыртпалығын арқау етеді. Бұл романның кейіпкерлері Бәтиха
кемпір, оның жалғыз ұлы Әлмұрат, Әлмұраттың әкесінің інісі Қажымұрат,
Қажымұраттың жақсы кӛрген әйелі Зылиха, оның соғыстан екі аяғынан
айырылып келген, кейіннен қайтыс болған күйеуі Тӛремұрат, орыс шалы
Трофим т.б. Романның басты кейіпкері Қажымұрат туған ауылына ес білгелі
екі-үш-ақ дүркін келіп, кейіннен ауылынан тыс жерде ӛмір сүреді. Жеңгесі
Бәтиханың қолына тӛрт жасынан қарап, қиын-қыстау аш ӛзек шақ келіп
киліккенде қайнысын детдомға тапсырып жіберген де осы жеңгесі Бәтиха
болады. Содан бала Қажымұрат 1942 жылдың қысында елін қайта тауып,
біраз жылдан соң қайта жоғалып кетеді. Роман оқиғалары басынан-аяғына
дейін осы Қажымұрат тӛңірегінде ӛрбиді. Оның басынан кешкен
қиындықтары, ӛмірдегі аралас-құралас болған адамдарымен қарым-қатынасы
жан-жақты суреттеле отырып, оның характері кескін-тұрпаты, жан дүниесі
әсіресе айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы үстінде жан-жақты
ашылады. Ол әрқашанда адамдарға кӛмектескеніне, жақсылық жасағанына
риза жан болып кӛрінеді. Ал, жеңгесі Бәтиханы жалғыз ұлы жұртқа тастап,
отау тігіп бӛлек кеткен. Осыны білетін Қажымұрат жеңгесі басына қанша
қиыншылық әкелгенін есепке алмай, қартайғандағы кемпірдің мүшкіл халін
ойлап, ет-бауыры езіліп жаны ашиды.
Бұл шығармадағы айтылған оқиғалар белгілі бір кезеңнің соғысқа
дейінгі, соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі уақыттың мӛлтек шындығы
болып алынады. Болып ӛткен оқиғалармен қоса бүгінгі ӛмірдің де кӛкейкесті
проблемаларының тығыз байланысы романның ӛн бойынан сезіледі.
Қаламгер нені насихаттаса да, нені мансұқтаса да оқушыны ӛзінің сеніміне
жүгіндіре алады. «Тұйықтан» түрлі кӛзқарастағы қазақтың қарапайым
адамдарын табамыз, олардың мінезі мен дүниетанымын қалыптастырып
отырған ортаның сырына қанығамыз. Мұндағы оқиғалар табиғи дамығаны
соншалық кейіпкерлердің дұрыс, бұрыс әрекеттеріне оқырман бірден үкім
шығаруға асықпайды, ӛйткені оның бәрі де обьективті ситуациялар үстінде
ашылып отырады. Осы романдағы есте қалатын бір бейне – Зылиха. Бұрын
күйеуі әскери болған Зылиха, кейіннен колхоз жұмысына араласып, азабы
мен арманы жоқ тоқмейіл ӛмір кешкеннен гӛрі, келер күннің үмітімен ӛмір
сүргенді артық кӛретін кейіпкер. Зылиха мен Қажымұрат шүйіркелесіп
әңгілеспесе де бір-бірін қас-қабағынан түсінеді, тағдыр бұйрығымен бӛлек
ӛмір кешіп келе жатқан, екеуінің түтіні тұтанбай жатып сӛнген, ӛмірдің
ӛткелінде жығылған, оған екеуі де ӛздерін кіналайды. Шығарманың оқиғалық
ӛрісі кӛбінде «Мұрат» аулында ӛтеді, адамдар арасындағы күрделі қарым-
қатынас сырын аша білген жазушы байланыстар диалектикасының
шыншылдығы мен ӛміршеңдігін кез-келген оқиғаға дарыта білген. Мұнда
суреткердің ӛмірді ӛзінше тануы мен кейіпкерлердің мінезінің даралық
сымбатын сәтті табуы шындық шартымен белгіленген.
Жазушының қаламынан туған “Ақсу – жер жаннаты” (“Қара
орманның” жаңа нұсқасы) романы қазақ әдебиетіне қосылған елеулі туынды
болып табылады. “Ақсу – жер жаннатын” жазушының шынайы ӛмірден
таңдап алған құбылысы ретінде сенімді баяндалады.
Жазушы Қ.Ысқақовтың “Ақсу – жер жаннаты” романындағы Бекет
дүниені, ӛмірді, адамды танып-білсем деп талпынған азаматтың бірі.
Романның кейіпкерлері Бекет, Жанжігіт шал, Ситан, Сарқыт, Әбдіжапар,
Лексей Лексевич, Әсем, Бесемпір т.б. Алуан түрлі кейіпкерлер, олардың
тіршілігі, қым-қуыт тағдырлары және романның проблема етіп кӛтеріп
тұрған мәселесінің маңыздылығы – бәрі-бәрі шығармаға кең тыныстылық
қана беріп тұрған жоқ, сонымен қатар әлі де жалғасын табар, әлі де жазылар
сұлбасын танытқандай. Оқырманның жазушы шеберлігіне тәнті болып, одан
әлі де болса туынды күтері сӛзсіз. Бұл жайды сыншы Т.Тоқбергенов ӛте
ұтымды жеткізген. “Романның соңғы нұсқасы жазылып бітті, кӛптен ойда
жүрген үлкен тірлік талай толқыманы ӛткеріп, әу баста діттеген жеріне жетті
дер болса, онда роман осымен тәмам. Алайда, шығарма, біздіңше, тағы
жалғасатын тәрізді. Неге екенін қайдам, Сиғаттың орнын басқан Бекет
тағдыры енді ашылатындай. Соған байланысты кейіпкерлер әулиетінің
сексенінші жылдардағы ұрпағы ӛз-ӛзінен жаңа романға сұранып тұрған
сыңайы бар. Бекетпен басталып, Бекетпен аяқталған романның ендігі
жалғасы да сол Бекет болатын нобайы кӛрініп тұрғандай” деп жазады сыншы
Т.Тоқбергенов.
Бекет ӛзін-ӛзі танып бітті ме? Ӛзгелерді ше? Әлі ешкім де толықтай
танып, біліп, түбіне жетпеген әлемді, дүниені, ондағы адамдарды, сол
адамдардың ӛмір сүрудегі мақсатын, мүддесін таным зердесінен ӛткізе алды
ма?
1960-1980-інші жылдары дүниеге келген қазақ романдары осынау
проблемаларға тереңірек үңілді, соның нәтижесінде шығармаларында
философиялық сипат пайда болды, ал бұның ӛзі сол кезеңдегі ерекше бір
әдеби ағымды аңғартады дегенді жоғарыда айтып ӛткенбіз. Сондықтан да
“Ақсу – жер жаннаты” романы, мәселеге осы тұрғыдан келсек, әлі де айтары
бар, мейлі Бекет болар, мейлі Бекеттің қазіргі кезеңдегі ізбасары болар,
әйтеуір жалғасы бар шығарма болып кӛрінеді де тұрады. Мына бір пікірді
келтіре кеткеніміз орынды.
Адам ӛзі ӛмір сүріп отырған қоғамнан тыс тұра алмайды. Мәселе
адамның сол қоғамның заңдылығын үнсіз мақұлдап, ессіз орындауында
немесе қоғамдағы қарама-қайшылықтарды терең түсініп, оның ӛміріне үнсіз
бас шұлғудың орнына, ӛз пікірін, ӛз ойын іркілмей айтып, қайыспай қарсы
тұруында болса керек. Тереңірек үңілсек, Қ.Ысқақов романының мазмұны –
сұлу Алтайдың әсем табиғатын қалай да болашақ ұрпаққа бүлдірмей, мұра-
мирас етіп қалдырамыз деген ниеттен туындап, пішініне адамдардың
арасында кездесетін түрлі драмалық жағдайлары, тебіреніс, толғанысын
бейнелейтін психологиялық, философиялық сипаттар арқау болған.
Романдағы бірінші бӛлімнің бірінші тарауындағы мына сурет
жазушының ӛзіндік жазу машығын ғана әйгілеп тұрған жоқ, сонымен бірге
Бекеттің болсын, басқа да қаһармандардың болсын, күрделі ӛмір жолын
кӛрсетеді, сол арқылы жер басып жүрген барша адамзаттың ғұмырын,
тағдыр-талайындағы күнгейі мен кӛлеңкесін, күндізі мен түнін, ақ-қарасын,
қуанышы мен ренішін толы сапарын да байқатады.
“Мұз астында тып-тыныш қыстап шыққан Күлмес ӛзені әр жерінен
үзік-үзік тесіле бастаған екен, жар жағасындағы жалғыз кӛшенің біркелкі
ағаш үйлері бір түннің ішінде шатыры мыжырайып, ескіріп қалыпты.
Қыштан соққан екі қабат қос орда қоймен бірге жайылған бозқасқа есектей
одырайып кӛрінген, олардың ауданның ақсүйек мекемелері екенін Бекет
штукатурлы кәрі келіншектей сәңқой сырт пошымынан-ақ танып отыр. Ел-
жұрттан екі-үш шақырым қашып шығып, ұлтарақтай жазықтың дәл ортасына
жалпая кеп қонған аэропорттың қортық тамы да жым-жырт жусап тұр. Енді
қайтып ешкімді шығарып салмайтындай, енді қайтып ешкімді қарсы
алмайтындай екі арадағы суыртпақ жол уәһәм дүниеден күдерін үзіп бос
жатыр. Ӛзек талдырып, ӛмір ӛксіткен уәйімшіл бір тыныштық бар қуатыңды
құмарлығымен қоса қақтай сауып тауысқан нәумез шақ. Сен жұртқа, жұрт
саған жексұрын кӛрінетін сияқты”.
Шығармада Бекет араласқан, Бекет қарым-қатынас жасаған барша
кейіпкерлердің әрқайсысы бас қаһарман үшін ӛмірді танытқыш мектеп десе
болғандай. Романдағы барлық сюжеттік желі осынау адамдардың
мінездерінен, бір қарағанда оғаш, ожар сӛздері мен іс-әрекет, пиғыл-
пейілдерінен бастау алған. Жанжігіт қарт, Асхат, Сиғат, Жақып, Мешел,
Бескемпір т.б. романдағы тұлғалар жеке, дара, дербес сюжеттік желілерге
арқау болғандай әсер қалдырады.
Роман сюжетіндегі барлық образдар бет пердесін сыпырып тастап,
шынайы пиғылымен кӛрініп тұрғандай. Боқтау сӛз айтсын, ожар қылық
кӛрсетсін, бір қарағанда, оспадар жандардай әсер қалдыратын осынау
қаһармандар сюжеттік-композициялық құрылымға ширақтық, ӛткірлік
берген. Кӛптеген қаһармандардың ӛткен ғұмырын, әсіресе, жастық шағын
елжірей еске алуы, сол бір балауса, кіршіксіз таза кезіндегі сырлы сезіміне
бүгінгі уақыттың биігінен кӛз салуы композицияға айрықша үйлесімділік
дарытқан.
Балалық балғын шақ, бәрінен бұрын, адамның табиғат – анамен
байланысының ең бір берік кезеңі, ол кезең шындық пен қиял арасына
қойылатын шекараның бәлендей байқалмайтын сәтімен ерекшеленеді.
Сондықтан да сюжеттік желідегі әр қаһарманның сонау алыста қалған сол бір
қимас кезеңіне үн қатуы, сонымен жүздесуі, қиял дүниесіне енуі лирикалық
шегіністермен ұтымды берілген. Ал мұның ӛзі романның пішініне лирикалық
сарын енгізген.
Ожар, оспадар, дӛрекі кӛрінетін қаһармандар роман сюжетінде бірте-
бірте бар болмысымен кӛрініп, характерлері ашыла түседі. Сюжетке қатысты
нәрсе – тартыс десек, сол тартыс адам-табиғат-қоғам деген ұғымдардың
тӛңірегінен табылады екен. Сондықтан да кӛп кейіпкердің ӛмірдегі ӛз орнын
табуға талпынуын оқиға желілерінен қапысыз аңғарасыз.
“Ақсу – жер жаннатындағы” қаһармандарды да бірін Алтай
табиғатының жанашырлары деп, бірін табиғатты таптап, ақшаның, табыстың
кӛзіне айналдырғысы келгендер деп қарау керек. Осы жайттан бастау алған
тартыс сюжеттік желіге арқау болған.
Қ.Ысқақов романындағы “Бекеттің құлағында: “тігерге тұяқ қалдырмай
қырып салды” деген жалғыз сӛз ғана. Қадап айтқан жалғыз сӛз миына мірдің
оғындай қадалып, жар басындағы кӛгендеулі кӛп шамнан жаны түршікті де,
Жанжігіттен кӛзін жасырар кең дүниеден алданыш таппады. Қасына
жақындай баруға қаймыққан. Он тоғызыншы ғасырдың мұрасынан қалған
тірі экспонаттың жалғыз нұсқасының жүзіне қарауға тіксініп еді”, - деген
жолдар бүкіл сюжеттік желіге арқау болып тұр. Ӛзгені білсем екен, ӛзімді-
ӛзім танысам екен деген жігіт алдымен ӛзі дүниеге келген жылы ұясын,
жақындарын танып білді ме? Осы жайттар үлкен мақсат жолында жүрген бас
қаһарманның тартыс сахнасына, күрес жолына шығуына себепкер болып,
роман сюжеті барынша ӛткірлене түскен.
Романның соңындағы “...Тӛркіндеп келген кәрі кемпірдей ырғалып-
жырғалып ақсирақ қоян жылы Алтай ӛңірінен әлі де қайтқан жоқ еді...” деген
сӛйлем шығарманың соңғы түйіні, эпилогы сияқты әсер қалдырғанымен,
ӛмірдің еш уақытта тоқтауды білмейтінін, уақыттың кідіруді кӛтермейтінін,
адам бар жерде тіршілік бар, тіршілік бар жерде адамдардың кӛші бар, күрес
бар, тартыс бар деген ӛмірдің ұлы заңын, ұлы философиясын алға тартқандай
болып кӛрінеді.
Жазушы Қалихан Ысқақовтың «Ақсу – жер жанаты» романы әрқилы
адамдардың тағдырынан сыр шертетін, бүгінгі күні де күн тәртібінен түспей
отырған ӛзекті проблемалардың бірі – экология мәселесін арқау еткен кең
тынысты туынды. Бұл романның ең бағалы тұсы – Алтайдың таза табиғаты,
табиғат сурттері мен адам тағдыры қатар ӛрілген, оқиға желісі қызғылықты,
оқушысын жетелеп әкететін, композициясы орнықты роман. Алтай ӛңірін
мекендеген бірнеше ұлттардың қатар, тату-тәтті ӛмір сүріп жатқан
жұртшылықтың кешегі, бүгінгі ӛмірімен қоса болашағы да болжанады,
ертеңіне деген жазушы жүрегінің алаңдаушылығы шындыққа қыранша
биіктен қарайтын кӛрегендігіне куә боламыз.
Қалихан Ысқақов әрбір сӛзі мен сӛйлеміне жауапкершілікпен
қарайтын, шындыққа жанасымды шығармаларды ӛмірге алып келген,
жұртшылықтың ӛскелең талғамынан шығатын туындылар беріп келе жатқан
сарабдал қазақ жазушысы десек артық болмас.
Достарыңызбен бөлісу: |