*+Жоғарғы шекарасының жоғары қарай ығысуы және жүрек «белінің» жазылуы *«Үшбұрыш» пішінді, жүрек «белінің» айқындалуы
* Оң шекарасының оңға және төмен қарай ығысуы, жүрек «белінің» айқындалуы
#490
*! 60 жастағы ер адам басының айналуына, құлағының шулауына, көз алдының қарауытуына шағымданды. Пальпация кезінде қатты пульс анықталды. Перкуторлы – жүректің сол жақ салыстырмалы тұйықтығы солға ығысқан.
Дәрігер қандай аускультативті белгіні анықтауы ЫҚТИМАЛ?
*Қолқа үстінде диастолалық шуыл
*Сол жақ қолтық астына тарайтын жүрек ұшындағы систолалық шуыл
*+жүрек ұшында 1 тонның әлсіреуі, қолқа үстінде 2 тонның акценті
*Жүрек ұшында шектелген систолалық шуыл
*Жүрек ұшында шектелген диастолалық шуыл
#491
*! Оқтын-оқтын жүрек аймағында шаншуға, көз алдында «шіркейлер» көрінуіне, жүрек айнуға және бас ауруға шағымданған 57 жастағы әйелді сұрастырып және қарап тексергеннен кейін, учаскелік дәрігер артериалдық гипертензияның 2 сатысын анықтады.
Төменде көрсетілгендердің қайсысы артериалдық гипертензия 2 сатысының ЕҢ ықтимал критериі?
*Сол жүрекше гипертрофиясы
* Сол қарынша гипертрофиясы+
* Оң қарынша гипертрофиясы
* Оң жүрекше гипертрофиясы
* Торлы қабыққа қан құюлу
#492
*! 23 жастағы ер адам клиниканың қабылдау бөліміне келесі шағымдармен келіп түсті – ентігу, күнделікті физикалық жүктемеден кейінгі жүректің қағуы. Бұл шағымдар бір жылдан бері мазалайды. Қандай себепті пайда болғанын білмейді, бірақ жиі қабынбалы аурумен ауыратынын айтты. Зерттеу кезінде сол қарыншаның гипертрофиясы анықталды.
Төменде көрсетілген патологиялық жағдайлардың қайсысы аталған өзгерістің ЕҢ ықтимал себебі болуы мүмкін?
* Өкпе артериясының стенозы
* Митралды қақпақшаның стенозы
*Үшжармалы қақпақшаның стенозы
*Митралды қақапақшаның жетіспеушілігі +
*Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
#493
*! Учаскелік дәрігерге 37 жастағы әйел адам эмоциялық жүктемеден кейін тұрақсыз түрде пайда болатын басының ауруына шағымданып келді. Сұрастырып және қарап тексеруден кейін, дәрігер науқаста 1 дәрежелі артериалды гипертонияны анықтады.
Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы артериалды гипертонияның 1 дәрежесіне сәйкес келеді?
* АҚ тұрақты түрде көтерілуі
Достарыңызбен бөлісу: |