* Жүрегі қалыпты
#498
*! 29 жастағы әйел адам ентігуге, жүрегінің қағуына, құрғақ жөтелге шығымданып келді. Анамнезінде— аталған шағымдар баспамен ауырғаннан кейін 1 айдан бері мазалайды. Жүрек аускультациясында дәрігер 3-мүшелі ырғақ пен жүрек ұшында диастолалық шуылды анықтады.
Қандай қақпақшаның ақауына бұндай аускультациялық белгінің сәйкес келуі ЕҢ ЫҚТИМАЛ?
*Митралды жетіспеушілік
*Қолқа жетіспеушілігі
*үшжармалы қақапақшаның стенозы
++++++++++*Митралды стеноз
*Қолқалық стеноз
#499
*! 37 жастағы ер адам ентігуге, жүрегінің шаншып ауруына шағымданып келді. Анамнезінде – аталған шағымдар шамалы үзіліспен 1жылдан бері мазалайды. Соңғы кезде жүрегінің ауруы жиілей түсті. Қарап тексергенде –астеник; тері түсі бозарған. Сонымен қатар жүректің салыстырмалы тұйықтығының біршама солға ығысуы, жүрек ұшы түрткісінің күшеюі, 2 қ/а төстің оң жағында айқын систолалық діріл симптомы және осы жерде 2 тонның әлсіреуі анықталды.
Аускультациялық көріністің қайсысы осы науқаста кездесуі ЕҢ ЫҚТИМАЛ ?
*Қолқада систолалық шуыл
*Қолқада диастолалық шуыл
*Жүрек ұшында систолалық шуыл
*Жүрек ұшында диастолалық шуыл
* семсер тәрізді өсіндінің негізінде систолалық шуыл
#500
*! 36 жастағы ер адам дәрігерге 1 айдан бері кешке қарай тобықтарының ісінуіне шағымданып келді. Жағдайының нашарлауын тұмаумен байланыстырады.
Дәрігер ісінудің қандай себебін ойлауы керек?
* қантамыр жетіспеушілігі
* аллергиялық реакция
+*жүрек жетіспеушілігі+
* бүйрек аурулары
* өкпе-жүректік жетіспеушілік
#501
*! Төмендегілердің қайсысы анемия, тиреотоксикоз және митралды жетіспеушілікке ортақ ЕҢ ЫҚТИМАЛ аускультациялық көрініс болып табылады?
* Жүрек ұшындағы диастолалық шуыл
*Жүрек ұшындағы систолалық шуыл
* Грэхем-Стил шуылы
* «Зуылдақ» шуылы
* Флинт шуылы
#502
*! Жанұялық дәрігер митралды стенозбен диспансерлік есепте тұратын 34 жастағы ер адамды қарап тексергенде pulsus differens анықтады.
Аталған пульсқа төменде көрсетілген сипаттамалардың қайсысы тән болуы ЕҢ ЫҚТИМАЛ ?
*шыбық артериясындағы пульс саны жүрек соғу жиілігінен артық
*шыбық артериясындағы пульс саны жүрек соғу жиілігінен кем
Достарыңызбен бөлісу: |