ЖАТТЫҒУЛАР
Төменде жазылған электрондық конфигурациялар элементтердің қандай блокта (s,p,d,f) екенін көрсетеді:
а) 1s22s22p63s23p6 4s2 3d104р6 5s1;
ә) 1s22s22p63s23p4;
б) 1s22s22p63s23p6 4s2 3d10 4р6;
в) 1s22s22p63s23p6 4s2 3d104р6 5s24d105p66s24f4.
Төменде аталған элементтер қандай блокта (s,p,d,f) екенін көрсетіңіздер.
а) хром;
ә) алюминий;
б) уран;
в) стронций;
Сыртқы квант қабаты келесі электрондық формуламен өрнектелетін элементтердің қалай аталатынын және реттік нөмірлерін анықтаңыздар.
а) 3s23p4; ә) 5s24d10 5p5; б) 6s25d1; в) 6s25d106p3.
Реттік нөмірінің мәні бойынша келесі атомдардың электрондық формулаларын жазыңыздар.
а) бор (Z=5); ә) фосфор (Z=15); б) хлор (Z=17); в) кальций (Z=20);
г) темір (Z=26); д) сынап (Z=80); е) қорғасын (Z=82); ж) мышьяк (Z=33).
Келесі иондардың электрондық формулаларын жазыңыздар.
а) Sn2+; ә) Sn4+; б) Mn2+; в) Cu2+; г) S2-; д) Cr3+.
Бас квант саны n=5 болғанда, электрондық қабатта болатын электрондардың максимальді саны қандай болатынын анықтаңыздар.
Клечковскийдің ережесі бойынша n+l қосындысы а) 5; ә) 6; б) 7-ге тең электрондық орбитальдар қандай кезекте толтырылатынын анықтаңыздар.
n+l=5 мәні қандай период элементтерінің сыртқы қабатының электрондарын сипаттайтынын көрсетіңіздер.
Атомдағы 5s деңгейден кейін қандай электрондық деңгей толтырылады?
Хром және күкірт, фосфор және ванадийдің периодтық жүйеде бір топта орналасуының себебі қандай екенін, сонымен қатар осы жұптардағы элементтердің әрқайсысы әртүрлі топшаларда орналасуының себебін түсіндіріңіздер.
Реттік нөмірлері көрсетілген келесі элементтердің электрондық формулаларын жазыңыздар. а) Z=8; ә) Z=17; б) Z=28; в) Z=82; г) Z=33; д) Z=47; е) Z=51.
Келесі келтірілген электрондық конфигурациялар бойынша элементтердің реттік нөмірлерін және периодтық жүйедегі орнын анықтаңыздар.
а) 1s22s22p63s23p6 4s1;
ә) 1s22s22p63s23p64s23d5 ;
б) 1s22s22p63s23p6 4s2 3d10 4р5;
в) 1s22s22p63s23p6 4s2 3d104р6 5s24d105p66s24f8.
13. Ғе2+ және Ғе3+ иондарының электрондық-графикалық сызба-нұсқаларын құрыңыздар. Ғе3+ ионының электрондық конфигурациясының ерекше тұрақты болуының себебін түсіндіріңіздер.
14. Мыс және хром атомдарының электрондық конфигурацияларының ерекшеліктерін түсіндіріңіздер. Осы элементтердің атомдарындағы 4s орбитальдарда неше электрон бар?
15. Клечковскийдің ережесін пайдаланып, келесі келтірілген орбитальдардың жұптарында қандай орбиталь бұрын толтырылатынын анықтаңыздар.
а) 5d және 5p; ә) 3d және 4s ; б) 4s және 4d; в) 5s және 4s;
г) 4p және 5s; д) 5p және 5d.
Достарыңызбен бөлісу: |