Алихан үй тапсырмасын орындауы керек. Үйге 14:40-та келіп, 10 минут бойы душ қабылдады. Содан кейін ол математика пәнінен 7, ал жаратылыстану пәнінен 4 сұраққа жауап берді. Үй жұмысын аяқтаған соң, далаға ойнауға шықты.1 математикалық сұрақ 5 минутты және 1 жаратылыстану сұрағы 15 минутты қажет етеді. Алихан далаға сағат нешеде шығады?
*
A) 16:25
B) 15:25
C) 15:45
D) 16:45
Сара Египеттегі Ұлы Гиза пирамидасын көріп, сіріңкеден оның үлгісін жасағысы келеді. Ол сіріңке таяқшаларын пирамиданың қабырғалары ретінде пайдаланады.Пирамида үлгісін жасау үшін кемінде неше сіріңке таяқшасы керек?
*
A) 12
B) 6
C) 10
D) 8
Төменде көрсетілген суретте неше үшбұрыштар бар?
*
A) 3
B) 9
C) 5
D) 6
*
A) 12
B) 24
C) 20
D) 18
Шрек қағазға бір сан жазады. Есек Шректің сол санына 5-ті қосып, шыққан санды 2-ге көбейтеді. Одан шыққан саннан 9-ды азайтып, шыққан санды 3-ке бөледі. Нәтижесінде 5 саны шығады.
Шрек бастапқыда қағазға қай санды жазды?
*
A) 7
B) 12
C) 17
D) 15
Minecraft-та сауда жүргізу - өте танымал әрекеттердің бірі. Төменде ауыл тұрғындарының шығыны көрсетілген:
Сіз, ауыл тұрғыны ретінде, қант құрағын жинап, 12 кітап шығарасыз. Бұл кітаптарды сатудан тапқан изумрадтарға былғары сауыттардың толық жиынтығын сатып аласыз. Соңында қолыңызда қалған изумрадтардың саны қанша?
*
A) 2
B) 1
C) 0
D) 3
Сымбат өзінің туған күнін тойлау үшін көк, қызыл және сары түсті шарларды сатып алады. Ол барлығы 20 шар сатып алады. Сары және көк шарлардың жалпы саны - 13, ал қызыл және көк шарлардың жалпы саны - 12.
Сымбат қанша қызыл шар сатып алды?
*
A) 10
B) 8
C) 9
D) 7
Шахматта әр фигура әр түрлі ұпай санына ие.
Әр шахмат фигурасының құны:
● Пешка (♙♟) = 1 ұпай;
● Ат (♘♞) немесе піл (♗♝) = 3 ұпай;
● Ладья (♖♜) = 5 ұпай;
● Ферзь (♕♛) = 9 ұпай;
● Патша (♔♚) = 0 ұпай.
Жәнібек Айдарға қарсы ойнайды. Жәнібектің барлық фигурасы қара түсті ( ♟ ♞ ♝ ♜ ♛ ♚), ал Айдардың барлық фигурасы ақ түсті ( ♙ ♘ ♗ ♖ ♕ ♔ ):
Барлық фигуралардың жалпы құны кімде көп және қанша?
*
А) Айдар Жәнібектен 5 ұпайға артық жинады
B) Жәнібек Айдардан қарағанда 5 ұпайға артық жинады
C) Жәнібек Айдардан қарағанда 2 ұпайға артық жинады
D) Айдар Жәнібектен 9 ұпайға артық жинады
Асқар суретте көрсетілген жеміс десертін жегенді ұнатады. Анасы оған осындай жеміс десертін қалай жасау керектігін үйретті. Ол оған келесі рецептті айтты: "Жеміс десертін жасау үшін ұн, жұмыртқа, құлпынай және көкжидек қажет. 1 жұмыртқадан екі жеміс дисертін дайындауға болады. Әр десертке 1 құлпынай мен 6 көкжидек салынады".
Егер Асқар мен оның анасы жеміс десерттерін жасау үшін 6 жұмыртқа пайдаланса, онда оларға қанша көкжидек қажет болады?
*
A) 72
B) 84
C) 12
D) 42
Аулада бес бала футбол ойнап жүрген еді. Олар ойын барысында байқаусызда доппен терезені сындырды. Алмас: «Бұл Самат немесе Жандостың тепкен добынан болды», - деді. Самат: «Бұл мен де емес, Наурызбай да емес», - деді. Жангелді: «Менің ойымша, олардың біреуі шын айтады, екіншісісінің айтқаны өтірік»,- дейді. Наурызбай : «Жангелді, сен қателесесің», - деді.
Жақын жерде отырған әже бұл болған оқиғаны көрген екен. Әженің айтуынша, тек бір бала ғана өтірік айтқан. Сіздің ойыңызша, терезені кім сындырды?
*
A) Жандос
B) Самат
C) Наурызбай
D) Жангелді
Жерде 1 тәулік 24 сағатқа тең. Басқа планеталарда бір тәуліктің ұзақтығы жердікінен ерекшеленеді. Өзге планеталардың сағаттары төменде көрсетілген:
Юпитер - 10 сағат
Сатурн - 11 сағат
Жер бетіндегі 10 күн Юпитерде неше күнге тең?
*
A) 24
B) 10
C) 100
D) 14
2 нүктені қосу үшін бір түзу керек. 3 нүктені қосу үшін 3 түзу қажет. 4 нүктені қосу үшін 6 түзу қажет.
Ал 5 нүктені қосу үшін неше түзу керек?
*
A) 15
B) 5
C) 10
D) 9
Асем өзінің ойыншық үйректерін бірнеше қатарға тізіп қойды. Бірінші қатарға 2 үйрек, екінші қатарға 4 үйрек, үшінші қатарға 6 үйрек орналастырды. Әрбір келесі қатарда алдыңғы қатарға қарағанда екі үйрекке артық болды:
Асем үйректерді 5 қатарға орналастырды. Асемде қанша ойыншық үйрек бар?
*
A) 30
B) 10
C) 15
D) 36
Леон - Brawl Stars мобильді ойынындағы ең танымал кейіпкерлердің бірі. Кестеде Леон жинаған олжалардың бір апталық есебі көрсетілген.
Леон осы аптада барлығы қанша олжа жинады?
*
A) 15
B) 16
C) 14 жарым
D) 15 жарым
Айжан бірінші аптада 3 өсімдік отырғызды. Ол екінші аптада одан үш есе көп, ал үшінші аптада бірінші аптаға қарағанда екі есе көп өсімдік отырғызды. Айжан үш аптада барлығы неше өсімдік отырғызды?
*
A) 19
B) 18
C) 17
D) 15
Бағдаршам 18 секунд қалды деп көрсеткенде, қыз жолдан өте бастайды. Ал бағдаршам 6 секунд қалғанын көрсеткенде, ол жолды кесіп өтуді аяқтайды. Жаяу жүргіншілер өткелінің ұзындығы 36 метр.
Қыз жолды қандай жылдамдықпен кесіп өтті?
*
A) 3 м/с
B) 2 м/с
C) 6 м/с
D) 12 м/с
Ақша пайда болғанға дейін адамдар зат сатып алу үшін бартер әдісін қолданған. Бартер - бұл бір тауарды басқа тауарға айырбастау. Бір қаладағы адамдар тауарларды мына есеп арқылы айырбастайды: (Суретті қараңыз)
Қария 48 қап күріш алу үшін қанша сиырды айырбастау керек?
*
A) 2
B) 1
C) 3
D) 4
Хаге ауылында адамдар уақытты дұрыс санамайды. Олардың ойынша, 1 сағатта 70 минут бар. Хаге тұрғындары ауылдан астанаға жету үшін 4 сағат кетеді деп ойлайды..
Егер біздің cағатқа айналдыратын болсақ, Хагеден астанаға жету үшін нақты қанша уақыт кетеді?
*
A) 4 сағат 10 минут
B) 3 сағат 30 минут
C) 4 сағат 40 минут
D) 3 сағат 50 минут
Бассейнге үш сорғы қосылған.
A сорғысы : бассейнге бір минутта 40 литр су құяды
B сорғысы : бассейнге бір минутта 70 литр су құяды
C сорғысы : бассейннен сыртқа қарай бір минутта 50 литр су айдайды (шығарады)
Сағат 8:30-да бассейн толығымен бос болады. 8:35-те үш сорғы жұмысқа қосылады. 8:40-та үш сорғы сөндіріледі. 8:45-те Дархан бассейнге келеді.
8:45-те бассейнде қанша литр су болады?
*
A) 300 литр
B) 600 литр
C) 900 литр
D) 800 литр
Арман түрлі-түсті үш пластилинмен ойнамақ болды. Ойын барысында түсі әртүрлі екі пластилинді араластыру арқылы жаңа түсті алуға болатынына көзі жетті.
Мысалы, сары + көк = жасыл, сары + қызыл = қызғылт сары, көк + қызыл = күлгін, қызғылт сары + жасыл = қоңыр, сары + жасыл = ашық жасыл, жасыл + көк = қою жасыл.
Нәтижесінде түстері пластлинидерді араластыру арқылы, жаңа екі түсті алды: біреуі күлгін, екіншісі қою жасыл. Арман қандай үш түстен бастады? *
A) Көк, қызыл, сары
B) Сары, қызыл, жасыл
C) Көк, қызғылт сары, қызыл
D) Қызғылт сары, жасыл, қоңыр
Карлсен Магнустың қарындасы да ағасы секілді шахмат ойнағысы келеді. Алайда ол байқаусызда шахмат тақтасына қызыл бояуды төгіп алды.
Карлсеннің қарындасы шахмат тақтасындағы неше шаршыны бояды?
*
A) 22
B) 20
C) 21
D) 23
Жер бетінде айналамыздың барлығы суға толы. Су ауада да, жер астында да, жер үстінде да, тіпті біздің денемізде де бар.
Сіз су қоймаларының тізімін жасамақ болдыңыз. Ол үшін көлемі бойынша ең кішіден ең үлкеніне қарай сұрыптау қажет. Дұрыс жазылған тізімді табыңыз.
*
А) Өзен, көл, теңіз, мұхит
B) Өзен, көл, мұхит, теңіз
C) Көл, өзен, теңіз, мұхит
D) Мұхит, теңіз, өзен, көл
Сауле Асқар атты ұлының бойын өлшейді. Оның бойы 1 метр 3 дециметр 14 сантиметр және 20 миллиметр:
Егер,
10 миллиметр = 1 сантиметр,
10 сантиметр = 1 дециметр,
10 дециметр = 1 метр болса,
Асқардың бойы қанша сантиметр? *
A) 146 см
B) 144 см
C) 132 см
D) 114 см
Өсімдіктердің өсуі үшін жарық қажет. Жарық астында орналасқан өсімдіктер күн сәулесі көп түсетін жерге қарай бағытталып өседі, себебі өсімдік өзіне мүмкіндігінше көп жарық алуға тырысады. Азаматтың Даулет есімді досында жарық мол түсетін жерге қарай қисық өсетін бөлме өсімдігі бар:
Азамат өзіне Дәулеттікіндей бөлме өсімдігін сатып алғысы келеді. Ол оның суреттегідей қисық өскенін қалайды. Ол үшін Азамат өз өсімдігін шамы қосылған қара картон қорапқа салады. Азамат қорап пен шамды қалай орналастыруы керек?
*
A
B
C
D
Ең әлсіз Wi-Fi сигналы қай бөлмеде?
*
A) Жатын Бөлме 3
B) Негізгі жатын бөлме
C) Ас Үй
D) Асхана
Достарыңызбен бөлісу: |