Дада сөзінің мағынасы
Дада сөзінің қайдан пайда болғаны туралы айтылымдар алуан түрлі. Кейбіреулер бұл еш мәні жоқ сөз десе, кейбіреулер Румыния жазушылары көп қолданатын "Да", "Да", деген сөзінен алына салған деп есептейді. кең таралған түсінік бойынша дада сөзінің келіп шығуын былай түсіндіреді: 1916ж. Цюрихте жиналған бір топ көркемөнер қайраткері өздерінің ұйымына бір атау бермекші болады. Олар "Фрнанцузша-Немісше сөздікті" еркін парақтап, ішінен кездейсоқ бір сөзді таңдағанда ол осы dada сөзі болып шығады. Әдетте француз тілі бойынша бұл сөз балалар мініп тербеліп ойнайтын ағаш ат мағынасын береді екен. Сөйтіп бұл қозғалыс арнаулы түрде емес, бейберекет таңдай салудан осы атауды қолдана салыпты.
Цюрихтан басталған дада қозғалысы
1916ж. Хуго Балля, Тристан Тцара, Ханса Арпа, Макса Эрнста және Марселя Янко секілді өзге елдерден қаңғырып келген бір топ өнер адамы Цюрихтегі "Вольтер шарапханасына" жиналып, өздерінің көркемөнер ұйымын құрады. Олар өз өнер туындылары арқылы рахымсыз соғысты айыптауға, соғысқа желіктірген құндылық көзқарастарына сын айтып, масқара етуге кіріседі. Сол жылы 6-шы қазанда аталған ұйымның аты "дада" болып ресми бекітіледі. Хуго Балля ашық түрде "дадаизм декларациясын" жариялады. Кейін Тристан Тцара да сондай декларация жариялады. Олар "Вольтер шарапханасы" атты журнал да шығара бастады.
Аталған шарапхана жұмысын тоқтатқан соң олар өз қозғалыс орталықтарын басқа бір сурет галереясына ауыстырды. Тристан Тцара Цюрихта 1917 жылдан бастап "дада" атты журнал шығара бастады. Соғыс ақырласқан соң еліне қайтқан дадашылдар өз елдерінде де аталған өнер бағытын тарқата бастады.
Немістердің дада қозғалысы басқа мемлекеттегі секілді "өнерге қарсы" болмады, қайта оларда қоғамдық саяси түзімді жаңалауға деген талпыныс анық байқалып тұрды. Олар жұртты желіктіретін үгіттер тарқатып, сын мен шенеуді қатар қолданып, әлеуметтік қозғалыстар мен саяси қарсылықтарға дейін барды.
1918 жылы Р. Хюльзенбек Берлинде дадашылдардың баяндамасын жасады. 1920 жылдарды дадашылардың халықаралық көргізбесін ұйымдастырды. Дегенмен дадашылдардың өзінде қайшылық көп болды, жеке бағыттарға бөліне бастады.
Әрине, дадашылардың ықпалы АҚШ-қа да жетті. Америкаға барған француз жазушылары мен өнер адамдары, мысалы Марсель Дюшан секілділер АҚШ-та "өнерге қарсы" ұжымының ұйымдастырушылары болды. Олар АҚШ қоғамын аяусыз сынайтын "соқыр", "Нью-Йорк дадасы" секілді арнайы журналдар шығарумен айналысты. Олар дәстүрлі өнерді "мұражайдағы өнер" деп мазақтады.
Достарыңызбен бөлісу: |