ҚҰРАСТЫРҒАН: ТОҒЖАН ЖАЙЛАУБЕК
2
жаулап, енді бізге көз алартып отыр. Ағайынмен одақ болмасақ, омақаса
құлаймыз!», - дейді.
Шығармадағы жасы жүзден асып кеткен
Елес деген кейіпкер, негізінен, бәрін біліп
отыратын болжаушы, көріпкел ретінде көрінгенімен, ол сақ патшайымының
түсінік-түйсігін, алғырлығын, сезімталдығын, ақылдылығын таныту үшін ғана
алынған. Сондықтан
«жәдігөй кемпір» Томиристің қасынан бір елі қалмайды.
Халық ұғымында
«жәдігөй - аса айлакер» деген ұғымды береді. «Бұл кемпір -
Тәңірдің құлы. Жермен бірге жаратылған. Жермен бірге кіндіктес әнбиді (әулие)
қуа алмайсың» деген Томиристің сөзінен де Елестің тегін адам емес екенін
байқауға болады.
Осы әулие-әнбие кемпір арқылы Томирис Кирдің тау мен тасты қопарып,
көшпенділер даласына қарай жол салып, Аракс (Амудария) өзеніне көпір тұрғызып
жатқанын естиді. Осы дайындықты өз көзімен көру үшін Томирис парсы
патшасының алдына Шұғыла есімді елші болып келеді. Осы кездесу көрінісінен
мысал келтірейік.
Достарыңызбен бөлісу: