ТОО «Кокшетауминводы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі
«Жаркент» ӨЖК Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институты жанындағы
Республикалық алдын-алу медицина орталығы
«Құлагер-Арасан» емдік-ас минералды суын
ас қорыту мүшелері ауруларына ішке қабылдау
(Əдістемелік кепілдемелер)
Дайындағандар: мед.ғыл.докторы Б.У. Əбдікəрімов
мед.ғыл.кандидаты З.И.Одинец
Алматы-Көкшетау, 1993ж.
ТОО «Кокшетауминводы»
«Құлагер-Арасан» минералды суының
емдік құндылығы жайлы қысқаша мəлімет
«Құлагер-Арасан» сульфат-хлоридті натрий-магнийлі минералды суы «спецификалық
компонентсіз» аралас анион-катион құрамды əлсіз минералданған суларға жатады, оның
формуласы мынадай:
Cl 62-66_SO4_22-24_[HCO4_10-12] pH – 7,8-7,9
M2,0-2,5 (Na+K) 60-64 Mg 23-26 [Ca 13-15]
Органикалық заттар -5,4мг/л.
Мұндай формулалы сулар емдік-ас су ретінде қолданылады.
Терапевтік əсері асқазан сөл бөлінуін белсендіре түсетін жəне өт бөлінеуіне ықпал ететін сульфат
жəне магний иондарына байланысты. Сульфат иондары асқазан сөл бөлуін төмендетіп, асқазан
қозғалыс қызметін күшейтеді жəне ащы ішекке
тамақ заттарының өтуін жылдамдатады. Соның
салдарынан асқазанда шырыш құрамы бұзылады. Натрий жəне калий иондары су-сөл алмасу
процесстерін жөнге салады. Теориялық алғы шарттар асқазан-он екі елі ішек жəне бауыр-өт
жүйелерінің ауруларына бөлек қолдану əдістерін өңдеуді дəлелдейді.
«Құлагер-Арасан» минералды суын ішке қабылдау
Ішке қабылдаудың негізгі түрі - ішіп емдеу.
Ішуге белгіленген судың көлемі аурудың бір килограмм салмағына 3,3мл су көлемінде
есептеледі. Емді минималды мөлшерден (50-100мл) бастап, келесі қабылдаулардың мөлшерін
арттыра түсу керек. Ағзаның жалпы күй-жағдайын, əсіресе, жүрек-қантамыр жүйесінің қызметін
есепке алып, судың тəуліктік қабылдау көлемі 300 мл-ден 700 мл-ге дейін болуы мүмкін.
Минералды суды қабылдау уақыты.
Суды күніне үш рет қабылдаған жөн – таңертеңгілік асқа дейін, түскі асқа дейін жəне
кешкі ас ішер алдында. Асқазан сөл бөлінуі төмендегенде жəне асқазан сөлінде тұз қышқылының
мүлдем болмаған жағдайларында минералды суды тамақ ішер алдында 15-20 минут бұрын
қабылдаған жөн. Əсіресе, сөл бөліну жетіспеушілігінен зардап шегетін ауруларда байқалатын, іш
өтуге бейім жандарға, емдеу курсының басында таңертеңгілік минералды су қабылдауды
тоқтатқан дұрыс. Аурулардың емдеу барысында, сондай-ақ асқазан сөл бөлінуі мүлдем болмайтын
науқастардың ешқайсысында іштің өтуі байқалмаған. Қышқылдық төмендеген жəне қатты
төмендеген жағдайда минералды суды кішкене жұтымдармен баяулатып ішкен жөн, сонда ол ауыз
қуысының жəне асқазан шырыш қабығымен жəне олардың рецепторлық аппаратымен ұзағырақ
байланыста болады. Мұндайда су əсерінің шығу кезеңі ұзарады, бұл гастрин бөлінуін жақсартады,
су неғұрлым асқазанда ұзақ тұрса, асқазанда гуморалдық-гастриндік бөліну кезеңі соғұрлым ұзақ
болады.
Қышқылдықтың жоғарылап жəне сөлдің тым көп бөлінуі болған жағдайда, суды
тамақтанар алдында 1-1,5сағат бұрын ішкен жөн. Бұл əдіс асқазанға тамақ түскенше, су он екі елі
ішекке өтіп үлгереді де, сөлді бөлінудің тоқтатуына жəне секретин, энтерогастрон, урогастрон
бөлінуін күшейтуіне байланысты асқазан сөл бөлінуінің баяулатуын шақырады. Асқазан сөл бөлу
жұмысының жоғарылауына байланысты өтетін аурулардан зардап шегетіндерге минералды суды
жылдам, жəне үлкен жұтыммен қабылдаулары керек. Бұл судың он екі елі ішекке тез жылжып,
оның баяулату рефлексіне əкеліп соқтырады. Сөл бөлу жұмысының жоғарылап жəне оның
ТОО «Кокшетауминводы»
байқалатын ацидизм аурулары кезінде минералды суды тамақтан соң, диспепсиялық көріністің
жоғары деңгейінде ішуді тағайындау қажет. Немесе тамақпен бірге де қабылдауға болады, сонда
қышқылдық төмендеп, астың ары қарай он екі елі ішекке жылжуын тездетеді.
Гиперацидті қалыптағы ауруларға антацидтар орнына минералды суды 30-50мл шамамен тəулігіне
6-8 рет ішуді тағайындауға болады.
Судың температурасы.
Іштің өтуі жəне ішектің түйіліп іштің қатып қалуымен (42-44
0
С-қа дейін жылытылған су)
байқалатын асқазан ауруларын тудыратын ойық жаралар (30-40
0
С-қа дейін жылытылған су),
пилородуоденит, бауыр жəне өт жолдары аурулары кезінде минералды суды жылытып ішкен
жақсы. Мұздай минералды суды ішек атониясы бар ауруларға ішуге тағайындалады, ал асқазан
сөл бөлу жеткіліксіздікті созылмалы гастрит науқастарына бөлме жылуындай температуралы
минералды су тағайындалады (бауыр жəне өт жолдары ауруларына жəне іш өтуге бейім ауруларға
жылы минералды суды берген жөн). Жылы минералды су ауырсынуды басып, түйілуді
босаңсытады, жəне асқазанның қозғалту-жылжыту қызметін жақсартады, асқазан он екі елі ішек
жүйесінің тонусын қалпына келтіреді. Суды ысыту дегазацияға алып келеді (артық
көмірқышқылды жояды).
Ішу емінің ұзақтығы.
Ішу емінің мерзімі – 1 ай. Үй жағдайында емдеу мерзімінің ұзақтығы 6 аптаға созылуы
мүмкін. Келесі қайталау курсы 3 айдан соң ғана жүргізілуі тиіс. Келесі ішіп емдеу мерзімінің
уақыты науқастың жағдайы мен кеселі ағымының ерекшелігіне байланысты болады.
Ойық жара мен пилородуодениттердің қайталануына қарсы жалпы емдік кешеніне «Құлагер-
Арасан» минералды суын қосуға болады.
Асқазан жəне он екі елі ішектің ойық жарасы
кезіндегі ішудің емдік əдістемесі.
Асқазан жəне он екі елі ішектің ойық жарасы – жиі қайталанатын ауыр кесел
болғандықтан, кеселдің клиникалық ағымының ерекшеліктерін ескеретін мұқият таңдалып
тағайындалатын ем ғана жақсы əсер береді. Минералды судың аз мөлшердегі минерализациясына
жəне құрамында сульфатты жəне магнийлі аниондардың болуына байланысты, тек ремиссия,
тұрақсыз ремиссия кезеңінде ғана емес, сонымен қатар, кесел өршуінің басылуы кезінде де
температурасын 38-40
о
С болатындай, тамақтанар алдында 1,5 сағат бұрын, классикалық əдіс
бойынша тағайындалады. Осы уақыт ішінде су он екі елі ішекке өтіп, асқазанда сөлдің бөлінуін
тежейді. Емді аз мөлшерден бастап, 100-200мл-ге дейін күніне 3 рет жоғарылатып, 30-40 күн
қабылдау қажет. Ішу емінің əдістемесін бұзған жағдайда (мөлшері, жылылығын жəне т.б.
сақтамағанда)
бальнеологиялық
реакция
туындауы
мүмкін:
эпигастрий
маңайының
ауырсынуының күшеюі, бұлшық еттердің қатаюы, іш кебу, ішектердің шұрқырауы,
асқазан
қыжылы, кекіру жəне т.б. Мұндай жағдайда минералды судың қабылдау мөлшерін ½ жəне 1/3
стақанға дейін азайтып, қабылдау жиілігін күніне 1-2 дейін қысқартып, немесе ауру өршуінің
басылғанша суды қабылдауды тоқтатқан жөн. Егер ойық жара асқазанда орналасып, қышқылдығы
төмен жағдайда, əсіресе, орта жəне егде жастағы науқастарда, асқазан сөл бөлу қызметін
төмендетуге асықпаған жөн. Минералды суды тамақтанар алдында 20-30 минут бұрын тағайындау
ұсынылады.
Минералды суды асқазан ойық жарасының ауыр түрінде (айқын ауырсыну синдромы,
асқазанның гиперсекреторлық жəне гиперкинетикалық ауытқулары, шыға-беріс бөлімінің
қысылуы) викалинді қабылдап, асқазан жəне он екі елі ішек шырышты қабатын алдын-ала
сілтілегеннен кейін қабылдау қажет. Бұл əдістің мəні мынада. Жылы минералды суды 100-150мл
ТОО «Кокшетауминводы»
көлемінде тамаққа дейін 30 минут алдын қабылдайды, ал одан 15 минут бұрын викалинді (жастық
мөлшерлемесін сақтай отырып) қабылдау қажет. Ауырсыну басылған соң, минералды суды
викалинсіз қабылдай береді. Мұндай əдістеме жергілікті санаторийлерде қолданылуы мүмкін.
Емдік алдын алу мекемелері мен үй жағдайларында бөтелкеленген 38-40
о
С дейін жылытылған
минералды суды қабылдауға болады. Сонда асқазан сөл бөлуін жоғарылататын көмірқышқылдың
мөлшері азаяды.
Балшықпен емдейтін емханалары бар санаторийлер мен алдын алу мекемелері суды ішу
емімен қатар, балшықпен емдеуді жүргізуге болады. Бұл науқастарға балшықты аппликацияларды
сегментарлы аймаққа, 38-40
о
С дейін жылытылған 10-15-20 минут ұзақтығына созылған, күн ара
жасалатын, 8-10-12 процедурадан тұратын ем тағайындалады. Балшықпен емдеу ауырсынуды
басатын, қабынуға қарсы əсерімен қатар, ағзаның зат алмасу жəне иммунологиялық қызметтерін
жақсартады.
ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР.
Асқазан жəне он екі елі ішектің ойық жарасының өршуі, асқазанның босаңсуы, шыға-беріс
бөлігінің стенозы, ойық жараның пенетрациясы жəне қан кетуге бейімділігі жəне т.б.
Рефлюкс-эзофагит ауруларын емдеу.
Бұл кесел асқазанға кіре-беріс жиырылу қызметінің жұмыс істемей, өңешке асқазан
сөлінің, ұйқы безі сөлінің жəне өттің түсіп, нəтижесінде өңеш қабынып, өңеште құрылымы
бұзылған өзгерістер пайда болады. Рефлюкс-эзофагит даму ағынының негізінде асқазан сөл бөлу
жəне қозғалту қызметінің бұзылуы үлкен роль атқарады.
Асқазан сөл бөліну қызметінің белсенділігі жоғарылағанда минералды суды ½ жəне ¾
стақан шамасымен 1,5 сағат тамаққа дейін, ал сөл бөлуі төмендегенде - 30минут бұрын ішкен
жөн. Минералды су асқазанның қозғалыс қызметіне жəне өңеш шырышты қабығының қажетті
заттармен дұрыс қамтамасыздандыруына əсер етеді.
Алдын алу мекемелері жағдайында асқазан маңы аймағында немесе өңештің астыңғы жағы
аймағына шөккен саз (38
о
С), немесе торф сазынан (42-44
о
С) аппликациясы 10-15-20 минут
ұзақтығымен, ваннаменен кезек-ара 8-10 емдік процедурасы жасалады. Температурасы 46-48
о
С
дейінгі 10-15-20 минут ұзақтығымен, күнара сайын, парафиндік аппликациясын да қолдануға
болады.
Минералды сумен асқазан жəне он екі елі ішек ойық жарасымен, созылмалы гастрит,
холецистит, тоқ ішек қабынуларымен бірге жүретін рефлюкс-эзофагиттің ауырсыну,
диспептикалық, асқазан жиырылып, астына ары қарай қозғалту қызметінің жеңіл жəне орташа
жеңілдігін емдеуге болады.
ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР.
Пептикалық ойық жара жəне өңеш құрылымының рефлюкс-изофагиттік ауыр түрі.
Операцияланған асқазан аурулары.
Мұндай патологиясы бар науқастар ұзақ жəне тиянақты ем қабылдауы керек. Мұның
мақсаты – операциядан кейін жұмысқа жарамдылығын қалпына келтіріп, асқазанға жасалған
резекциялық операциялардан кейінгі асқынудың алдын-алу (бірінші 1-3 жылдағы демпинг
синдромының дамуы).
Емдеу іс-шаралар жиынтығы міндетті түрде емдік тамақтануды құрайды: 1 диета, бір
отырғанда мөлшері аз тағамды күніне 6-8 рет қабыдауы тиіс. Көміртек көлемі күніне 300гр дейінгі
ТОО «Кокшетауминводы»
мөлшерге дейін төмендейді, ал ақуыздар 120-140гр дейін жоғарылайды. Сүтті тек араластырылған
күйінде ішу керек. Тағам дəрумендерге қаныққан болу керек.
«Құлагер-Арасан» минералды суын ½ - ¾ стақан шамасымен температурасы 38
о
С, күніне
3 рет, тамақтанар алдында 30-40минут бұрын тағайындалған жөн.
Əлсіз минералданған жəне химиялық құрамы өзгеше суларды теоретикалық алғы шарттарысыз
аурулар категориясына ұсынудың қажеті жоқ.
Бауыр жəне өт шығару жолдарының зақымдануымен бірге жүретін ауруларға
температурасы 42-44
о
С болатын минералды суды қабылдаған дұрыс. Іші өтіп, тоқ ішек қабынуына
суды ¼ - ½ стақан шамасымен күніне 1 рет, сосын температурасы 42-44
о
С күніне 2 рет ішуге
тағайындалады.
ІШУ ЕМІН ҚОЛДАНУЫ.
Асқазан резекциясы, жүдеу синдромы, «кішкентай асқазан» синдромымен, демпинг- жəне
гипогликемиялық синдромы (жеңіл жəне орташа деңгейлі ауыртпалығы) бар таңдаулы
проксимальді ваготомиясы, сонымен қатар, асқорыту мүшелері (гастрит, гепатит, колит,
панкреатит) зақымданған науқастар.
ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР.
Қан кетуге байланысты ойық жараның алып тастауынсыз, таңдаулы проксимальді ваготомиясы
жасалған науқастар. Операциядан кейінгі кезеңде қан кетуі.
Бауыр жəне өт шығару жолдарының аурулары.
Ішу емінің əдістемесі асқазанның жəне онымен тығыз байланыстағы мүшелердің
функционалды күйіне байланысты («Құлагер-Арасан» минералды суды ішке қабылдау» бөлімінде
берілген). Өт шығару жолдары ауруларына ішу емінен басқа арнайы процедуралары жүргізілуі
керек.
Дуоденальді дренаж. Өттің барлық порциялары қабылданған соң, 42
о
С дейін жылытылған
200-500мл минералды суды зонд арқылы енгізеді, бұл өттің бөлінуін, асқазанасты (ұйқы) безінің
ферменттеріне бай он екі елі ішек құрамының бөлінуін күшейтеді. Əлсіз минералданған «Құлагер-
Арасан» суына Барбара тұзын немесе өт айдау шөбін қосып ішуге болады.
Өт жəне өт жолдарын зондсыз жуып-шаю (тюбаж).
Бұл процедура бауырдың жəне өт жолдарының созылмалы ауруларына жəне іш қату
кезінде тағайындалады. Іш өтуіне сезімтал науқастарға осы əдіске белсендіргіш ретінде сорбит,
жұмыртқа сарыуызын, бал жəне өсімдік майын қолдануға болады. Бұл əдістің жасалу техникасы
мынадай: таңертеңгілік аш қарынға төсектегі науқасқа 40-45
о
С дейін жылытылған 200-250мл
минералды суды ішкізеді. 15-20 минуттан соң тағы да сол шамамен суды ішкізеді. Бірінші
қабылдауға əлбетті түрде Барбара тұзын қосады (5г) немесе өт қабының босауын жылдамдататын
төбеде аталған арнайсыз тағам белсендіргіштердің кез-келгенін қосады. Минералды суды
қабылдағаннан кейін науқас оң жақ қабырға асты маңайында жылу қойып, 1,5-2 сағат төсекте
жатуы керек. Бұл процедураның емдік əсері өт жолдарын патологиялық өзгерген өт, микроб,
холестерин жəне т.б. тазартуға байланысты. Бір күннен соң немесе аптасына 2 рет емдік курсы 4-8
процедурадан тұратын тюбаж жасалады.
ТОО «Кокшетауминводы»
Тоқ ішек қабынулары.
Он екі елі ішек арқылы ішекті жуып-шаю. Бұл əдіс минералды суды асқазанға түсірмей,
тікелей он екі елі ішекке енгізуі арқылы жасалады. Зонд арқылы ішекке түскен минералды су
өзінің физикалық-химиялық қасиеттерін жəне температурасын сақтап қалады. Осыған байланысты
ол ішектің қозғалыс, фермент бөлу жəне сорылу қызметіне емдік əсері зор, жəне де белсенді түрде
шырыштан тазартады.
Он екі елі ішек арқылы ішекті жуып-шаю техникасы.
Сырттағы бір ұшы 40-45
о
С дейін жылытылған минералды сумен толтырылған
мөлшерленген шыныға бекітілген дуоденальді зондын науқасқа аш қарынға енгізеді. Зонд арқылы
15минут ішінде белгілі бір қысыммен 1л минералды су науқастың ішектеріне жіберіледі,
процедураға бейімделген науқастарға минералды судың мөлшерін 2-3 л дейін көбейтуге болады.
Он екі елі ішек арқылы ішекті жуып-шаюды аптасына 2-3 рет жасаған жөн, емдік курсы 5-6
процедурадан тұрады.
Тазарту клизмалары.
Тазарту клизмалары үшін жылы (25-30
о
С) минералды су қажет, бір ожау суды (1л
шамамен) қажетті температураға дейін жылытып, қысқышты ашып, түтікшені суға толтырып,
ауасын шығарады. Ожауды тік ішек деңгейінен 0,5м-ден 1м-ге дейінгі биіктікте іліп қояды.
Құрсақтың прессінің бұлшық еттері босаңсуына жəне ішекке судың енгізілуін жеңілдету үшін
науқасты сол жақ бүйірімен, аяқтарын ішіне дейін бүгіп жинап, төсектің шет жағына жатқызады.
Қайнатылған ұшты құралды енгізер алдында вазелинмен немесе глицеринмен жағады.
Енгізілгеннен кейін бұрандаманы немесе қысқышты ашады, сонда су ішектерге өзі құйылады. Су
енгізу жылдамдығын ожаудың биіктігімен реттейді. Судың жылдам енгізілуі ішті ауыртады.
Есте сақтаған жөн, су неғұрлым мұздай болса, ол ішекті соғұрлым белсендіре түседі, жəне
қозғалту қызметін күшейтеді. Мұздай суды қолданғанда ішек түйіліп, ішектің нəжістен босатылуы
қиындайды.
Ішек бұлшық еттері босаңсып, іш қатқанда, салқын клизма (20-22
о
С) жасалады. Ішек
түйіліп іш қатқанда ыстық клизма (42-44
о
С) жасалады.
Ішектің жуып-шаюы.
Ішектің жуып-шаюы – ас қорыту мүшелерінің ауруын емдеуге жəне зат алмасудың
бұзылуын қалпына келтіруге қолданылатын емдеу процедурасы. Ішектің жуып-шаюы ішекті
шырыштан, бактериялардан жəне олардың токсиндерінен тазартады, ішектің жергілікті қабыну
процессіне жəне тоқ ішектің негізгі қызметіне жақсы əсер ететін микрофлораны қалыптастырады.
Минералды су компоненттері ішек шырышымен сіңіріліп, ағза мүшелерінің жəне жүйелерінің
қызметін
жақсартуға
көмектеседі.
Ішек
жуып-шаюға
қолданатын
минералды
судың
температурасы 38
о
С-тан 40
о
С-қа дейін болады, ішек түйілген жағдайда 42
о
С-қа дейін бола береді.
Ішек жуып-шаю процедурасы дискинетикалық, алиментарлық іш қатқанда; инфекциялық
жəне тынышталу кезеңіндегі алиментарлық сигма тəрізді ішек пен тік ішектің қабынуына;
былжырау жəне шіріту ішек диспепсиясына; кəсіпкерлік улануға; тамақ жəне дəрі-дəрмектен
болған аллергиялық қалыпқа; ішек уланудан болған тері ауруларына; подаргаға, қант диабетіне,
семіруге, уремияға дейінгі жағдайларға қолданылады.
ТОО «Кокшетауминводы»
Аталған емдеу процедураларынан басқа су ішіп емделу курорттарында немесе арнайы
жабдықталған емдеу мекемелерінде асқорыту патологиясы бар науқастарға аяқтан басқа дейін
жасалатын душ, ішек суару жəне субаквальді ішекті жуып-шаю (субаквальді ванналар)
тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |