Атмосфералы айдау колоннасында бастапқы шикізат - шикі мұнай - біріншіден регенерленген жүйенің қызуы арқала қыздырылады. Содан тура айдаудың мұнай қызыдырғышына түсіп, қыздырылғаннан кейін вертикалды ректификационды колоннаға жоғары температурада термиялық крекингті болдырмау үшін 343 C-тан 371 C - дейінгі температурада, атмосфералық қысымнан жоғарылау қысымда беріледі. Ал жеңілірек фракциялар колоннаның жоғарырақ бөлігіне түсіп, одан әрі айдауға, өңдеуге, ажыратылуға тоқтаусыз колоннадан алынып отырады.