Сөйлеудегі мәнерлілік дегеніміз не және оны қалай дамытуға болады?
Өздеріңіз білетіндей, сөйлеу мәнерлілігіне оның мазмұнға сәйкес дауыс ырғағын келтіре білуіне, қолдану жағдайына және тіл құралдарын (эпитет, метафора және т.б.) орынды қолдана білуіне, ауызша көрнекі бейнелерді (көркем-әдеби шығармалардан үзінді, афоризмдерді келтіру) қолдану арқылы қол жеткізіледі.
Өз сөзіңіздегі дауыс ырғағын қалай бақылауға болады?
Өз сөздеріңіздің дауыс ырғағын бақылап көріңіз. Ол қандай?
Мәнерлі, әр түрлі қалыпты, эмоционалды реңкте ме немесе бір қалыпты, бір дауысты ма?
Түрлі жағдайлардағы қарым-қатынаста сіздің сөзіңіздің саздылығы қандай?
Өзіңіздің көпшілік алдында жасағалы тұрған баяндамаңызды дайындауда мына сұрақтарды шешіп алуыңызға көңіл аударыңыз:
тыңдаушылардың қандай ой-толғаныстарын тудыруым керек еді?
Аудиторияда қандай көңіл-күй жасау керек?
Менің баяндамамның мазмұны сөйлегенде қандай дауыс ырғағын, ритмді талап етеді?
Өз баяндамаңызды оқыған кезде жақсы бір әсер алған кезіңіз және қалай шыққаны туралы көңіліңіздегідей, сіз ойлағандай болды ма ? Алған әсеріңіз туралы ой бөлісіңіз.
6. Адамның ішкі жан-дүниесін түсінуге тырысасыз ба? Оны қалай түсіндіресіз? Сіз білесіз, мұғалімнің жемісті коммуникативтік мінез-құлқы оның дербес қарым-қатынас стилі болып табылады. Өзін зерттеп білу маңызды, сонымен бірге тек қана өзіңнің қарым-қатынас техникаңды ғана ретке келтіріп қоймай, қарым-қатынасыңдағы өзіңнің әлеуметтік бағытыңды да білгенің жөн:
мен серігіммен (партнермен) қарым-қатынасты қалай жасаймын: мақсат ретінде ме, құрал ретінде ме?
Маған процестің өзі қызықты ма, әлде тек қана оның нәтижесі ме?
Қарым-қатынас кезінде мен өзімнің сырқы келбетімді, көңіл-күйімді басқара аламын ба?
Адамдар, менің оларды барлық уақытта түсінуге тырысатынымды біле ме екен?
Менің сөйлеудегі мәнеріме, сөйлеу тоныма, қарым-қатынаста адамдардың көңілі тола ма?