Технологиялық картасы № Пән: Әлеуметтік қызметтің негіздері
Топ: 402 ә
Күні: Тақырыбы: Әлеуметтік қызметтегі көшбасшылық
Мақсаты: оқу бағдарламасы талаптарына сай оқушыларға білім, іскерлік, дағдыны меңгерту.
Міндеттері: Білімділік: ұғымға түсінік беру, білімді тереңдету.
Дамытушылық: аудитория алдында шығып айту, сын тұрғысынан ойлау, талдау жасай алу, бастыны анықтай білу, қайталап, қорытынды шығара білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: практикалық белсенді әрекетке бағыттау, мәдени, экологиялық сананы қалыптастыру, қарым-қатынасқа түсе алу дағдыларын дамыту, қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: жекелей пәндік әдістемелер
Сабақтың типі: іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы
Сабақтың түрі: іс-тәжірибе
Сабақтың көрнекілігі: таратпа материал, презентация
Сабақтағы әдіс-тәсілдер: білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер, «Сағат» ойыны, Синквейн, рөлдік oйын, «Аяқталмаған сөйлем» әдісі ой қорыту, кері байланыс, тренингтік жаттығулар.
Қолданылған әдебиеттер: Тұмашбай Т.Е Амантаев А.О «Әлеуметтік жұмыс» 2007ж №42(2)
Мұқанова Б.Н. Оқушылардың әлеуметтік тәрбиесі
Қабекенов Ғ.У. Әлеуметтік педагогика тарихы
Мурзатаева М.Т. «Cоциальная защита населения РК» Аль Пари 2008 №4 147-150бет
Сабақтың құрылымдық жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Мақсат қою және оқу-әрекетіне қызығушылықты ояту/мотивация/
ІІІ.Стандартты типтегі тапсырмаларды орындау
ІҮ.Білімді бекіту кезеңі.
Ү.Бағалау
VІ. Үйге тапсырма
ҮІІ. Рефлексия
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал тудыру, топтастыру. «Сағат» ойынын ойнату арқылы студенттердің көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық жағдай жасау, сағатқа жапсырған стикер түстерімен топтастыру.
Тақтаға сағаттың суреті ілінеді, ал топтарға стикерлер таратылады. Студенттерге «Сіздің өзіңізге ұнаған ең қолайлы уақытыңыз?» деген сұрақ қойылады, әр студент стикерге атын жазып, өзінің ұнатқан уақытына стикерді жабыстырады. Уақытты атаған кезде студенттер топтасады да келесі әрекеттер жасайды:
12-15 (00-03) сағат аралығындағылар – амандасу,
15-18 (03-06) сағат аралығындағылар – мұрын түйістіру,
6-9 (18-21) сағат аралығындағылар –көз қысу,
9-12 (21-00) сағат аралығындағылар – ауада сыйлық сыйлап, сәттілік айтады бір-бірлеріне.