«бизнес-жоспарлау негіздері»



бет1/8
Дата20.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#109011
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бизнес-жоспарлау негіздері


«БИЗНЕС-ЖОСПАРЛАУ НЕГІЗДЕРІ»

7.1. Бизнес-жоспар туралы түсінік пен оның түрлері

7.2. Бизнес-жоспар құрылымы мен бөлімдері

7.3. Бизнес-жоспардың маркетингілік, ұйымдастырушылық, өндірістік бөлімі

Марк Стивенс
Бизнес-жоспар – кәсіпкерлік қызметтің барлық негізгі аспектілері, кәсіпкерге кездесуі мүмкін басты мәселелер талданатын және осы мәселелерді шешудің басты әдістері сипатталатын құжат.
Бизнесті бастағанда бастапқыда барлығы жақсы көрінеді. Бірақ ертеңге, болашаққа жоспар жасап үйрену қажет.
Бизнес-жоспар кім үшін және не үшін қажет?
2
Бизнес жоспар:
  • кәсіпкерлер үшін
  • кредит алу үшін
  • инвесторлардың қаражаттарын тарту үшін
  • біріккен кəсіпорын үшін
  • жаңа қызметкерлер тарту үшін
  • басқа компаниямен бірігу үшін керек

Бизнес-жоспар – болжамды бизнестің қысқаша, нақты, қолайлы және түсінікті сипаттамасы, неғұрлым келешегі бар табысты нәтижені таңдауға және оған қол жеткізу тәсілдерін анықтауға мүмкіндік беретін маңызды құралы. Бизнес-жоспар бизнесті басқаруға мүмкіндік беретін құжат болып табылады, сол себепті оны стратегиялық жоспарлаудың ажырағысыз элементі және орындау мен бақылаудың нұсқаулығы деуге болады.
Бизнес-жоспар кәсіпорынның мақсаттары тұжырымдалатын, негіздемелері берілетін, тәсілді іске асыруға қажетті қол жеткізу жолдары және соңғы қаржылық көрсеткіштер анықталатын құжат. Әдетте ол жылдарға бөлініп, бірнеше жылдарға (көбінесе үш-бес жылға) әзірленеді. Бұл ретте бірінші жыл бойынша мәліметтер айларға бөлініп, келесі жылдар – жылдық есептеумен беріледі
Бизнес-жоспардың міндеті
Бизнес-жоспардың міндеті – бизнес идеяны іске асырудың нақты мүмкіндіктерін көрсету. Ол мүмкіндіктер мен тәуекелдің шынайы бағасын беріп қана қоймай, қосымша инвестицияларды тарту, несие желілерін ашу қажеттілігін (не қажеттілік жоқ екендігін) көрсетеді. Шын мәнінде, бизнес-жоспар алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіпорынның даму жолдары мен басқарудың жетістігін көрсетеді.
Бизнес-жоспарды пайдаланушылардың екі тобы бар – ішкі (бизнес-идеяның бастамашысы, құрылтайшылар мен фирма қызметкерлері) және сыртқы (әлеуетті инвесторлар, кредиторлар, серіктестер).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет