Жауабы: Есептеулер нәтижесінде хи квадрат үлестіруінің мәні теңсіздігінің мәнінен үлкен болады яғни (В) тұжырымдамасы кері болжам орындалады. Есептеулер нәтижесінде теңсіздігінің мәні хи квадрат үлестіруінің мәнінен кіші болады яғни (В) тұжырымдамасы кері болжам орындалады. Бірақ нөлдік гипотеза жөніндегі тура болжам орындалмайды. Жалпыламаның дисперсиясы және (немесе) стандартты ауытқуын берілген және (немесе) мәнімен тепе тең болу жөніндегі (А)-тұжырымдамасы тура болжам орындалу тәртібі «Қабылданбайды» жауап крийтерийін көрсетті. Яғни=ЕСЛИ(AH63-AL63+0,00001<0;"Қабылданбайды";"Қабылданады") гипотеза тексеру үш сценарийлерде осы жауап критерийі бойынша дәлелдеді.
17-қадам. MS Excel және / немесе R Project ортасында нәтижелерді көрнекілеу.
Нүктелік диаграммалар бірнеше деректер қатарындағы сандық мәндердің арасындағы қатынасын көрсетеді немесе сандардың екі тобын xy координаталарының қатары түрінде көрсетеді. Нүктелік диаграммада біріншісі көлденең осьтің (x-осі), екіншісі тік осьдің (y-осі) бойындағы сандық деректердің жиынын көрсететін екі мән білігі бар. Ол осы мәндерді жалғыз деректер нүктелеріне біріктіріп, оларды тұрақсыз аралықтармен немесе топтармен көрсетеді. Нүктелік диаграммалар әдетте ғылыми, статистикалық және инженерлік деректер сияқты сандық мәндерді көрсету және салыстыру үшін пайдаланылады.
Диаграма құру үшін еxcel форматында жоғарыда орналасқан панельдер тақтасында Басты мәзір (Главное меню), Қондыру (Вставка), Нүктелік (Точечная); Экспресс макет: 10-макет (Макет 10) ,Деректерді таңдау (Выбрать данные), Қосу (Добавить), Қатар атауы (Имя ряда): керекті атау еңгңзңледі, ОК батырмасы басылады; Қосу (Добавить), Х мәндері (Значения Х): Спектральді арнаның диапазондарына сәйкес арамшөптің алынған деректер базасының толқын ұзындығы жазылады, ОК батырмасы басылады; Y мәндері (Значения Y) спектральды арнаның диапазондарына сәйкес алынған деректер базасының спектральді жауап коепициентті жазылады, ОК батырмасы басылады, сосын X және Y осьтерін форматтау операциялары: тіңтуірдің оң жақ батырмасы арқылы X/Y ось ағымы басылады Минимальді мән (Минимальное значение): МИН макросы арқылы анықталған минимальді мән енгізіледі Максимальді мән (Максимальное значение): МАКС макросы арқылы анықталған максимальді мән енгізіледі Басты бөлім құны (Цена основных делений): максимальді және минимальді мән айырымының 8-ге бөліндісінің нәтижесі енгізіледі Аралық бөлім құны (Цена промежуточных делений): басты бөлім құнының 4-ке бөліндісінің нәтижесі енгізіледі. Енді диаграмаға арналар арқылы алынған іріктеу деректерінің спектрлік жауап үлесін, спектральды арнаның диапазондарына сәйкес алынған арамшөптің әрәктеу деректерінің орта мәндерін, оң және сол жақты сенімділік интервалын сценарийлерге сәйкес салынды.
1-сурет. Жетінші арна арқылы түсірілген арамшөп бейнесі
Бұл суретте арамшөптің жалпылама деректеріне спектральды арналарын пайдаланып іріктеу деректеріннің іріктеу мәндерін есептеп салынған.
Диаграмманы көрнекілеу үшін тіңтуірдің оң жақ батырмасымен маркерлер ағымы басылады Деректер реті форматы (Формат ряда данных) Маркер параметрі (Параметры маркера) Кіріктірілген (Встроенный) Өлшемі (Размер): 8; Құю (Заливка): Ақ, 1-фон, 25%-ға қараңғырақ реңк (Белый, Фон 1, более темный оттенок 25%); Шегі (Граница): Қара, 1-мәтін, 35%-ға ашыңқырақ реңк (Черный, Текст 1, более светлый оттенок 35%)
Кестені көрнекілеу үшін кестенің жолдарын тінтуірдің оң жақ батырмасы арқыл ерекшелеп алып, мәзірде орналасқан (заливка) құю таңдалып, (цвета темы) тақырып түстерінен Ақ, 1-фон, 50%-ға қараңғырақ реңк (Белый, Фон 1, более темный оттенок 50%) алынады. Мұндай көрнекілеумен кестенің бірінші жолы жасалады. Осы жолда жазылған мәліметтердің жазу түсін (цвета текста) бөлімінен ақ фон таңдалады. Қалған кесте жолдарын Ақ, 1-фон, 25%-ға қараңғырақ реңк (Белый, Фон 1, более темный оттенок 25%) таңдылады.