Топ: дб1-301С. Пән: Қазақстанның биоресурсы Практикалық жұмыс №7. Тақырыбы



Дата20.10.2023
өлшемі17,73 Kb.
#119959

Орындаған: Зейнелханова Ақниет Маратқызы
Топ: ДБ1-301С.
Пән: Қазақстанның биоресурсы
Практикалық жұмыс №7.
Тақырыбы: Буылтық құрттардың алуантүрлілігі.


Қарастырылатын сұрақтар:
1.Буылтық құрттарда жұмыр құрттармен салыстырғанда қандай ерекшеліктері бар?
Буылтық құрттар типінің негізгі белгілері:

  • Буылтық құрттардың денесі бас жақтауынан, бунақталған кеудеден және артқы аналь жақтауынан – пигидийден тұрады.

  • Жақсы жетілген тері-бұлшықет қапшығы болады.

  • Екінші кезектегі дене қуысы – целомы бар.

  • Ауыз тесігі кеуденің бірінші буынының құрсақ жағында орналасады. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан, жұтқыншақтан, ортаңғы және артқы ішектен, аналь жақтауынан және ұшында ашылатын аналь тесігінен тұрады.

  • Көпшілік буылтық құрттарда жақсы дамыған тұйық қан айналу жүйесі пайда болады.

  • Зәр шығару қызметін нефридий атқарады, әр бунақта бір жұптан болады.

  • Жүйке жүйесі жұп бас миынан, жұп жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасынан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.

  • Қарапайым құрылысты буылтық құрттар дара жынысты; кейбір аннелидтерде екінші рет гермафродитизм пайда болған.

  • Типтің төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфозды жүреді, дернәсілі – трохофора.

2.Буылтық құрттардың паразит өкілдері бар ма?
Иа бар. Олар: домалақ құрттар, түйіршіктер, трихинеллалар, анкилостандар, гвинеялық құрттар, аскаридалар
3.Буылтық құрттардың биогеоценоздағы маңызы қандай?
Көпқылтанды буылтық құрттардың басым бөлігі суда тіршілік ететіндіктен, теңізде маңызды рөл атқарады. Азқылтанды буылтық құрттар, әсіресе топырақта, сондай-ақ тұщы суларда мекендейді. Топырақта тіршілік ететін шұбалшаңдардың маңызы ерекше. Олар топырақтан терең ін қазып, топырақты ауамен, ылғалмен байытады. Бұл әрекет топырақтағы микробтардың белсенділігін арттыруға көмектеседі. Өсімдіктер тамырының топыраққа тереңірек бойлап, бекінуіне жәрдемін тигізеді. Шұбалшаңдар – нағыз топырақ қопсытқыш жәндіктер. Сондай-ақ шұбалшаңдар – үй құстары мен балықтардың жемі. Суда тіршілік ететін азқылтанды буылтық құрттардың да пайдасы зор. Олар су түбіндегі тұнбаны ішегі арқылы өте көп мөлшерде өткізеді. Сөйтіп суқойма түбіндегі топырақ қабатына ықпалын тигізеді. Сонымен бірге азқылтанды құрттар өсімдік шірінділерімен қоректенеді. Демек олар суқоймаларын өсімдіктердің шірінді қалдықтарынан тазартуда да маңызды рөл атқарады.
4.Буылтық құрттардың адам өміріндегі маңызы қандай?
Адам денсаулығын жақсартады және көптеген аурулардың алдын алады: қан ауруларын, геморрагиялық қызбаларды, ауыр күйіктерді, жарақаттарды емдеуде қолданылады, токсиндерді бейтараптандырады, тәбетті ашады, операциядан кейін қалпына келтіруде өте жақсы әсерін тигізеді.
5.Буылтық құрттардың алуантүрлілігі жалпы биоалуантүрліліке қалай әсер етеді?
Жауын құрттары экватордан жоғары ендікке дейін кездеседі және әртүрлі экожүйелерде тіршілік етеді. Дәл осы жер асты тұрғындары топырақты араластырып, өсімдік қалдықтарын минералдарға айналдырады - тым ылғалды және қышқыл топырақ пен шөлді жерлерді қоспағанда. Осылайша, олар бүкіл экожүйені қоректік заттармен қамтамасыз етеді, ылғалдың қолжетімділігін жақсартады, көміртегінің жиналуына және тұқымның таралуына қатысады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет