Оқитушы: Сайитханов С. Н.
Дәрістің тақырыбы: Жер сілкінуінің пайда болуында және қауіпті жағдайда халықты қорғау. ТЖ ошағында алғашқы дәрігерлік көмекті ұйымдастыру.
Сағат саны: 2сағат
Сабақ түрі: дәрістік
Сабақтың мақсаты:
оқыту: жер сілкінісі туралы мағлұматтар
тәрбиелік: жер сілкінісі жағдайында
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 30 минут
ауызша сұрақ – жауап арқылы білімін тексеру
Жаңа сабақты түсіндіру
Жер сілкінісіне әрдайым дайын болу қажет. Жер сілкінісі қашан болатыны белгісіз, сондықтан үнемі дайындық үстінде болу керек. Ол үшін төмендегі кеңестерге сүйенген жөн:
Үйде, жұмыс орнында, мектепте, көшеде қауіпсіз орындарды бағдарлау;
Отбасы мүшелерімен жер сілкінгенде не істеу керек екенін талқылап, алғашқы медициналық көмек беру ережесін үйрену;
Дәрі қорабын дайындау және ондағы дәрі-дәрмекті қолдану ретін білу;
Құжат, ақша, қалта шамын үнемі ыңғайлы орынға қою;
Кереуетті терезе мен қабырғалардан алшақ орналастыру;
Үйге кіретін жолды жиһаздармен, өзге заттармен бөгемеу;
Шкафтар мен сөрелерді шегелеп бекіту, үстіне ауыр заттар қоймау;
Улы химикат, тез тұтанатын сұйықтық секілді қауіпті заттарды жақсы оқшауланған сенімді орында сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |