Топырақ өңдеудегі технологиялық жұмыстар


Топырақты минималды өңдеу технологиясы



бет2/3
Дата26.09.2022
өлшемі66,77 Kb.
#40366
1   2   3
Байланысты:
Топырақты минималды өңдеу

Топырақты минималды өңдеу технологиясы

  • Топырақтың физикалық, химиялық, технологиялық қасиеттерін, танаптың фитосанитарлық жағдайын жақсарту мақсатында егіншілікте жерді бірнеше қайтара өңдеуге (негізгі өңдеу, егін себер алдында және егін сеуіп болғаннан кейін өңдеу) тура келеді.
  • Бұлай топырақты бірнеше рет өңдеу оны уатып эрозияға ұшыратады, өзі аз ылғалдың топырақтан буланып ұшып кетуіне, еңбек пен қаржыны көп жұмсауға мәжбүр етеді.
  • Энергетикалық шығындарды кеміту мақсатымен топырақты өңдеудің саны мен тереңдігін азайтуды, бір жұмыс процесінде бірнеше топырақ өңдеу операциялары мен тәсілдерін біріктіруді немесе топырақтың үстіңгі өңдейтін қабатының көлемін кішірейтуді топырақты минималды өңдеу дейді.

Минималды өңдеу технологиясының артықшылықтары

  • Топырақты өңдеудің санын азайту. Ол үшін бір жұмыс процесінде, яғни танапта бір жүріп өткенде бірнеше топырақ өңдеу тәсілдерін бір агрегатпен жүзеге асыратын машиналар мен агрегаттарды қолдану. Мысалы, СЗС-2,1А дән сепкішібір жүріп өткенде 4 операцияны жүзеге асырады. Атап айтқанда, топырақты культивациялап, арамшөптерді қырқады, тұқым себеді, топыраққа түйіршікті минералдық тыңайтқыштарды шашып сіңіреді, топырақты жеңіл тығыздайды. Қазіргі кезде бір жүріп өткенде 6-8 технологиялық операция жүргізетін шетел агрегаттары бар
  • Жер өңдеуге жұмыс алымы кең ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарын қолдану агрегаттардың танап арқылы жүріп өту санын қысқартуға жәрдемдеседі. Мысалы, бұрынғы қолданылып жүрген КПП-2,2, КПШ-3,6 культиваторларының орнына КПШ-9 және КПШ-11, ОП-8, ОП-12 кең алымды жазықтабан сыдыратілгіш культиваторлар пайда болады, ал БИГ-3А инелі тырманың орнына ПДГ-15 , ЛДГ-20, БМШ-15 және БМШ-20 құралдарын қолданылады.

Жер өңдеу тереңдігін азайту. Ол үшін топырақты жылда тереңге өңдей бермей, оны таяз өңдеумен алмастырып отыру. Терең өңдеу топырақты уатып, оның құрылымы мен құрылысын бұзады, танаптың төмеңгі ылғалды қабаты жер бетіне аударылғаннан кейін ылғалдың буланып ұшып кетуіне жол ашылады.

  • Жер өңдеу тереңдігін азайту. Ол үшін топырақты жылда тереңге өңдей бермей, оны таяз өңдеумен алмастырып отыру. Терең өңдеу топырақты уатып, оның құрылымы мен құрылысын бұзады, танаптың төмеңгі ылғалды қабаты жер бетіне аударылғаннан кейін ылғалдың буланып ұшып кетуіне жол ашылады.
  • Пар танабында механикалық өңдеудің санын қысқартып, оның орнына гербицид қолдану тиімді. Мысалы, таза парды бір рет механикалық өңдеп, оған қосымша гербицид қолданса, парды 3-4 рет механикалық әдіспен өңдеуге тең екендігін ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері толық дәлелдеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет