Топырақтағы зиянды заттарды нормалау



бет2/3
Дата18.04.2022
өлшемі33,64 Kb.
#31329
1   2   3
Байланысты:
лекция 10

ШРКт- топырақтың егістік қабатындағы заттардың ШРК, мг/кг. Бұл концентрация адамның денсаулығына, сонымен қатар топырақтың өздігімен тазалануы қабілетіне тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер тигізбеуі қажет;

ШРК о- азық-түлік өнімдеріндегі заттардың ШРК, мг/кг.

ШРКт белгілеу үшін қарастырылып отырған заттардың фондық концентрациясы, оның физикалық-химиялық қасиеттері,тұрақтылығы, улылығы туралы мәліметтер қолданылады:

- топырақтағы заттардың ШРК, бұл мөлшер деңгейінде оның тағамдық және жемдік өсімдіктерге өтетін көлемі кейбір руалы қалдықтың мөлшерден аспауы қажет;

- заттар топырақтан ауаға ұшқанда олардың мөлшері ауа үшін белгіленген ШРК-дан аспайтын рауалы концентрациясы;

- микроорганизмдерге және топырақтың өздігімен тазалану процесіне әсер етпейтін концентрация.

Өсімдіктерді зиянкестерден, аурудан, арам шөптерден қоғау үшін қолданылатын кейбір улы химикаттарға да ШРК белгілейді (1 кестеде, мг/кг). Егерде әртүрлі орталар үшін ШРК шамасы белгіленбеген болса, онда уақытша гигиеналық норматив УРК- заттардың уақытша рауалы концентрациясы анықталады. Уақытша норматив белгілі мерзімге 2-3 жылға белгіленеді, оын есептеу арқылы анықтайды. Топырақтың санитарлық жағдайы бірнеше гигиеналық көрсеткіштермен сипатталады: санитарлық сан (белоктағы азот мөлшерінің жалпы органикалық азотқа қатынасы); сонымен қатар, ішектің таяқша құртының (коли-титр), шыбынның балапын құртының, гельминттер жұмыртқаларының бар болуы ескеріледі. Топырақтың тазалылығы осы көрсеткіштердің жиынтығымен бағаланады. Гигиенгалық нормативтер алты көрсеткіштер бойынша ластаушы заттардың шекті рауалы концентрациясын қарастырады, олар: органолептикалық (түс, дәм, өсімдіктердің азықтық құндылығы, атмосфералық ауаның және судың иісі, түсі дәмі); жалпы санитарлық (топырақтың өзін-өзі тазарту процесіне әсері; фитоаккумуляциялық (транслокациялық); су-миграциялық; ауа-миграциялық және санитарлы-токсикологиялық. Топырақтағы кейбір химиялық заттардың шекті рауалы концентрациясының (ШРК) санитарлы нормалары 5.2 кестеде көрсетілген.



Кесте 1 - Топырақтағы химиялық заттардың шекті рауалы концентрациясының санитарлы нормалары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет