«Топырақтану» пәні бойынша Білмі алушылардың өзіндік жұмыстары



бет5/8
Дата27.09.2023
өлшемі37,76 Kb.
#110388
1   2   3   4   5   6   7   8
БӨЖ №4


Тақырыбы: Топырақтың қоректік режимі. Топырақтың құнарлығы.


Сабақтың мақсаты: Топырақ құнарлығын қалпына келтіру. Ғылым мен білімнің, алғы агротехникалық жетістіктерінің құнарлықты арттыру жолдарына тигізетін әсері.


Тапсырма:

  1. Топырақ құнарлылығы және оның түрлері

  2. Топырақ құнарлылығын өндіру

  3. Құнарлылықтың өзгеруі



Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақ құнарлылығы дегеніміз не? Оның түрлері қандай?

  2. Топырақ құнарлылығының қалыптасуының факторларын және жағдайларын атаңыз.

  3. Топырақ құнарлылығы өндірісі түрлеріне сипаттама беріңіз.

  4. Қазіргі заманда қарқынды егіншілік жүйесінде топырақ құнарлылығын қалыптастырудың қандай түрі қолданылуы тиіс?

  5. Топырақ құнарлылығын арттыру үшін қолданылатын шараларды баяндаңыз.

  6. Қазақстанда егіншілік шаруашылығы дамыған өңірлерде топырақ құнарлылығы қандай бағытта өзгерістерге ұшырауда. Оның себептері қандай?

БӨЖ №5


Тақырыбы: Топырақтағы сорбциялық процестеры


Сабақтың мақсаты: Топырақтағы сорбциялық процестерінің маңызы және реттеу шаралары.


Тапсырма:
  1. Топырақтың сіңіру қабілеті

  2. Топырақ коллоидтары

  3. Сіңіру қабілеті және оның маңызы




Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақ коллоидтарына қандай көлемдегі бөлшектер жатады және олар топырақ салмағының қанша пайызын құрайды?

  2. Коллоид бөлшектерінің негізгі қасиеттері қандай?

  3. Коллоид бөлшектерінің топырақтағы маңызын атап көрсетіңіз.

  4. Коллоидтардың құрылысын, құрамын сипаттап беріңіз.

  5. Топырақтың сіңіру қабілетінің экологиялық маңызын сипаттаңыз.

  6. Топырақтың сіңіру қабілетін зерттеген ғалымдарды атаңыз.

  7. Топырақтың сіңіру қабілеттерінің түрлерін атаңыз. Оларға анықтама беріңіз.

  8. Топырақтың сіңіру кешені (ТСК), алмасуға жарамды катиондар (АЖК) және алмаспалы сіңген негіздер қосындысы деген көрсеткіштерге анықтама беріңіз.

  9. Топырақ құрамында алмаспалы сіңген катиондар құрамы басты топырақ типтерінде қандай және олар өсімдіктердің өніп-өсуіне,топырақтың қасиеттеріне қалай әсер етеді? Мысалдар келтіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет